Қармақшы – Сырдың төменгі ағысындағы қойнауы тарихқа тұнған мекен. Түгел түркінің ортақ тұлғасы, желмая мініп, жерұйық өмір іздеген Қорқыт бабаның осы жерде мәңгілік тыныс табуының сыры әлі де толық ашылған жоқ. Адамзатты ғарыштың тылсым әлемімен байланыстырған әлемдегі ең алғашқы космодромның осы маңнан салынуында ғылыми негізделген терең мән бар. Жеті атасынан бері жыраулық дәстүрдің алтын тінін үзбеген, көмейіне бұлбұл ұялаған өнерпаздар шоғыры Қармақшыны «жүз жыраудың елі» атандырғаны өзінше бір тарих. Елдік пен ерлікті, еңбек пен бірлікті жыр еткен, достық пен туыстықты ту еткен халық ата салтты алтындай сақтап, баба дәстүрін қастерлеп жаңа ұрпақ өрбітіп келеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 желтоксан 2017 г.
989
0
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қоғам өкілдері, жалпы қалың бұқара жылы қабылдады. Онда Елбасы қазіргі қоғам талабына сай ел болашағына бағытталған айқын басымдықтарды атап көрсетті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 желтоксан 2017 г.
761
0
Әлем өркениеті тарихындағы мемлекет басқарған хандар, патшалар, корольдер, әмірлер туралы көркем әдебиет шығармаларының да қалыптасқан дәстүрі бар. Мемлекет билігіндегі жеке тұлғалардың көркем әдебиет туындылары арқауына алынуы, олардың әдеби тек түрлері (эпос, драма, лирика) жанрлары шығармаларындағы әдеби-тарихи бейнелерінің сомдалу себебі – олардың өздері басқарған мемлекетін, халқын аман сақтау, дамыту, мәңгілік мызғымастай етіп нығайту, күшейту еңбектерінің халық көңілінің жылы ықыласын иеленгендігі. Йоллығ Тегіннің «Күлтегін», «Тоныкөк», Гомердің «Илиада», «Одиссея», Низамидің «Ескендірнама», Науаидің «Ескендір қорғаны», хакім Абайдың «Ескендір», Т.Ізтілеуовтің «Шаһнама», А.С. Пушкиннің «Мыс салт атты» дастандары, т.б. туындылар – батыр-патшалар туралы эпикалық шығармалардың бастаулары.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 желтоксан 2017 г.
1 279
0
Ерте түрік елінің тарихы туралы деректер Қытайдың кітаптарында IV-V ғасырларда жазылған. Оларда Қытайдың солтүстік шығыс бөлігін жаулаған көшпелі тайпалар хун, санбилер қатарында Ашин руы болғаны баяндалады. Ашин әулетінен шыққан әскери қолбасшылар алғашқы күннен сыртқы саясатта жүргізген басқыншылық ықпалын барған сайын күшейтіп, Сары теңізден бастап (Корея) Еділге дейінгі аралықтағы тайпаларды өздеріне қаратқан. Сөйтіп, VІ ғасырда Түрік немесе ерте Түрік деген этникалық атпен тарихта белгілі болған. Арада жүз жыл өткеннен кейін Түріктер орта Азияның ұлы даласын бағындырып, ұлан-байтақ жерді қытайлықтар «Түріктердің ұлы даласы» немесе «Түріктердің құдіретті шөл даласы» деп атаған. Азияның ұлы даласын қамтыған, жаңадан пайда болған көшпелілер мемлекетіне қытайлықтар өздеріне төнген қауіп-қатер ретінде қарады. Сондықтан, қытайлықтар алғашқы күннен түрік билеушілеріне лайықты тұлғалар деп сырттай жоғарғы әскери атақтарды беріп отырған. Ерте Түрік билеушілері Қытай ықпалында болмау үшін лауазымдануды белгілі бір кезеңдерде өзгертіп, тәуелсіз болу саясатын басшылыққа алып отырған. Ұлы дала билеушілері мемлекет басқаруда қолданған «жабғу», «жабғу-қаған», «қаған» және «хан» лауазымдарын төрт кезеңге бөліп қарау арқылы олардың әрбір кезеңдерде тәуелсіздік жолындағы күресте саяси және тарихи оқиғалардың ерекшеліктерін көрсеткен жөн.
ТАҒЫЛЫМ
11 желтоксан 2017 г.
869
0
Сыр өңірі – сонау Бегабаттан, Фараб пен Яссыдан, Сауран мен Сығанақтан, Жанкент пен Женттен бастап, Көк теңізге немесе бір кездегі Хазар, Арал теңіздеріне дейінгі алқапта аты қалған, бүкіләлемдік жылнамада өзіндік үлкен орны бар тарихи өлке. Киелі мекенде жадыңнан өшпейтін асылдың сынығындай мұралар жетіп артылады. Ежелгі өркениеттің белгісі ретінде сыры кетсе де, сыны кетпеген ғажайып тарихи ескерткіштер мен мазарлар соның куәсі. Осындай тарихи-мәдени мұраларды қорғау – халқымыздың сан мың ғасыр бастан кешкен тарихын, мәдениетін, өнерін, салтын, тілін қорғау деген сөз. Осы бағытта тарихи-археологиялық және сәулеттік ескерткіштерді қайта қалпына келтіру, сондай-ақ жұртшылыққа олардың құндылығы мен маңызын таныту, жас ұрпақ тәрбиесіндегі алар орнын арттыру жөнінде нақты іс-шаралар жүргізілуде. Міне, осындай мұраның бірі – оғыз-қыпшақ заманының жәдігері болып табылатын Оқшы ата мазары.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 желтоксан 2017 г.
1 926
0
Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театр репертуары тағы да бір жаңа спектакльмен толықты. Театр сахнасында М.Серікбаевтің «Заман-ай» драмасы қойылды. Спектакльде негізінен қазіргі қоғамдағы теріс ағымдар жайлы айтылады. Бір-ақ сәтте өзі тәрбиелеп өсірген азаматының басқа діннің жетегінде кетіп, туған әке-шешесін кәпірге санап, олардан теріс айналуы спектакльде баяндалады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 желтоксан 2017 г.
563
0
Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет делінген. Жастардың білімге деген құштарлығын, шығармашылықпен айналысып жеткен жетістігін додаларда бағамдап жатамыз. Осы орайда Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында Тәуелсіздік күніне орай облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Медиа-Пресс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мақтанышым, айбарым, желбіре, көк байрағым!» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Оған Қызылорда қаласы мен аудандарынан, жоғары және арнаулы орта оқу орындарынан 16-22 жас аралығындағы 23 талапкер қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 желтоксан 2017 г.
606
0
Талсуаттағы мүгедектерге арналған оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында эстафета ойындары ұйымдастырылды. Тартысты жарыс жанкүйерін бейжай қалдырмады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 желтоксан 2017 г.
772
0
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮЗДІК ӘДЕБИШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ – «БАЛАУСА» БӘЙГЕСІНІҢ ЕРЕЖЕСІ1. Байқаудың ұйымдастырушылары: 1.1. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен Қазақстан Жазушылар одағы. 2. Байқаудың мақсаты:2.1. Балалар әдебиетіне қолдау көрсету арқылы бүгінгі заман талабына сай шығармалардың жазылуына ықпал ету, сол арқылы балаларды қаршадай кезінен өз ұғымдарына лайық әдеби туындылармен молынан сусындатып, туған елге, ата-анаға, дос пен бауырға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырып, ұлтжанды, өнегелі, білімқұмар болып өсуіне негіз қалау.
АҚПАРАТ
11 желтоксан 2017 г.
1 228
0
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жанынан «WhatsApp» мессенджерінде «ЭКО - ПАТРУЛЬ ҚЫЗЫЛОРДА» жобасы жұмыс жасауда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
11 желтоксан 2017 г.
465
0