ТАРТЫСТЫ ЭСТАФЕТА

Талсуаттағы мүгедектерге арналған оңалту орталығында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында эстафета ойындары ұйымдастырылды. Тартысты жарыс жанкүйерін бейжай қалдырмады.
Сайыста “Жалын”, “Сұңқар”, “Қыран”, “Тұлпар” секілді командалар баскетбол, қақпаға доп салудан бақ сынасты, жеңіс жолында аянып қалмады. Өзгелерден оқ бойы оза шыққан “Жалын” тобы бас жүлдеге лайықты танылды. Жеңімпаздар мақтау грамоталарымен марапатталып, арнайы дайындалған кубокты иеленді. Осылайша, бұқаралық спортты дамытуды көздеген шара мақсатына жетті. Өйткені, қатысушылар қолы қалт еткенде спортты серік ету жарасымды дүние екенін аңғартты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, орталықта осындай спорттық шараларды өткізу дәстүрге айналған. Ол қызмет алушылардың патриоттық сезімін оятып, жауапкершілік, алға ұмтылу секілді қасиеттерді сіңіруіне айтарлықтай септеседі.
М.СНАДИНҚЫЗЫ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2017 г. 772 0