« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҮЗДІК ӘДЕБИ
ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ – «БАЛАУСА» БӘЙГЕСІНІҢ ЕРЕЖЕСІ
1. Байқаудың ұйымдастырушылары:
1.1. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен Қазақстан Жазушылар одағы.
2. Байқаудың мақсаты:
2.1. Балалар әдебиетіне қолдау көрсету арқылы бүгінгі заман талабына сай шығармалардың жазылуына ықпал ету, сол арқылы балаларды қаршадай кезінен өз ұғымдарына лайық әдеби туындылармен молынан сусындатып, туған елге, ата-анаға, дос пен бауырға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырып, ұлтжанды, өнегелі, білімқұмар болып өсуіне негіз қалау.
3. Байқаудың шарттары мен өткізілетін уақыты:
3.1. Байқауға 2-8 жас аралығындағы сәбилерге арналған прозалық және поэзиялық шығармалар қабылданады. Байқауға ұсынылатын шығармалардың жалпы көлемі 3 беттен аспауы керек және мәтіні 1,5 интервалмен, 14-кегельмен теріліп, 3 дана етіп жолдануы қажет. Байқауға кәсіпқой және әуесқой қаламгерлер қатыса алады.
3.2. Автордың аты-жөні, мекенжайы, телефоны жабық конвертке салынып, сыртына бүркеншік аты жазылады. Байқаудың жұмыстары мына мекенжай бойынша қабылданады:
Автордың аты-жөні, мекен-жайы,
телефоны жабық конвертке салынып,
сыртына бүркеншік аты жазылып,
100600, Жезқазған қаласы, пл. Металлургов, 1.
«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС,
Баспасөз қызметі.
3.3. Шығармалар байқау шарты жарияланған күннен бастап 2018 жылдың 20 қаңтарына дейін қабылданады. Байқау қорытындысы 2018 жылдың 2 сәуірінде жарияланады.
3.4. Бұрын жарияланған, уақытынан кешігіп келген шығармалар қабылданбайды.
4. Байқауды қорытындылау мен жеңімпаздарды анықтау:
4.1. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен Қазақстан Жазушылар одағы өкілдерінен құралған арнайы əділқазылар алқасы байқауға келіп түскен шығармалардың ішінен үздіктерін таңдап, жеңімпаздарды анықтайды.
4.2. Байқау жеңімпаздарын анықтау қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беруімен аяқталады. Басым дауыс алған шығарма жеңімпаз болып саналады. Дауыс саны тепе-тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші саналады.
4.3. Қазылар алқасының шешімі хатталып, оған төраға қол қояды. Әділқазылардың шешімі қайта қарауға жатпайды.
4.4. Қазылар алқасы шығармаларды бағалау кезінде мына талаптардың орындалуына назар аударады:
• шығарманың байқау шарттары мен талаптарына сәйкестігі;
• автордың кәсіби шеберлігі;
• бүгінгі заман талабына сай тақырыптарға арналып, балаларға ұғынықты тілмен жазылғандығы.
5. Жеңімпаздарды марапаттау мен бәйге қоры:
5.1. Жеңімпаз атанған шығарма авторларына ақшалай және бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Байқау жеңімпаздарының шығармалары бірқатар қазақтілді басылымдарда жарияланады.
5.2. Бәйге қоры төмендегідей:
Бас бәйге біреу – 1 000 000 теңге.
Бірінші орын біреу – 700 мың теңге.
Екінші орын біреу – 500 мың теңге.
Үшінші орын біреу – 300 мың теңге.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |