ТАЛАНТТЫНЫ ТАҢДАУЛЫ ЕТТІ

Көпшілік сүйіп тыңдайтын әдемі әндердің авторы, композитор Сәбит Ұлықпанұлының 50 жылдығына арнап облыстық мәдениет басқармасы мен Қызылорда қаласының әкімдігі «Ән жүрегім – Қызылорда» атты облыстық әншілер байқауын ұйымдастырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қыркүйек 2017 г. 477 0
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

«Сыр сүлейлері» аллеясында жалпыреспубликалық жастар акциясы басталды. Еліміздің 15 өңірінде қолға алынған шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов пен «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев қатысып, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау білдіруге, жарқын бастамаларды жұмыла жүзеге асыруға шақырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қыркүйек 2017 г. 532 0
ҚАУЫН ЭКСПОРТЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

ҚАУЫН ЭКСПОРТЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Қызылордалық шаруалар 5 мың тоннадан аса бақша дақылдарын экспорттаған. Соның ішінде күріштен кейінгі бренд саналатын Сырдың бал татитын қауын-қарбызына сұраныс артуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен баспасөз турында белгілі болды. Шара аясында БАҚ өкілдері Белкөл кентіндегі «Іскер-М» серіктестігінің алқаптағы жұмысын көзбен көрді, соқпағы мен тәуекелі көп бизнес ортада өз орнын еншілеп ғана қоймай, табысқа кенелген Ержан Сүгірәлинмен тілдесті. Жас кәсіпкердің жаңаша тәжірибесімен танысты. Байқағанымыздай, сары-ала түске боялған алқапта қайнаған қызу тірлік. «Еселі еңбек өрісі – ертеңгі молшылықтың кепілі» деп санайтын серіктестік еңбеккерлері таза табиғи өнім алуға жұмыс жасауда. Қазір бұл жерде  француз асқабағы, голландық және испандық қауын мен тәтті жүгері өнімдері пісіп, сатылымға шығуда.
ҚОҒАМ 16 қыркүйек 2017 г. 877 0
МАЙДАНГЕР ҚАЛАМГЕР

МАЙДАНГЕР ҚАЛАМГЕР

Мына өмірде қанша айтсаң да таусылмайтын, қайта айтқан сайын айтқың келе беретін адамдар болады. Ондай адамдар өздері өмірден өтсе де, арттарында саналы ғұмырында жасаған игі істері  қалады.  Сондай жандардың бірі – Ұлы Отан соғысының ардагері, ақын, сатирик, журналистиканың көптеген жанрларына қалам тартқан публицист, мықты көсемсөз шебері, СССР және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, қоғам қайраткері Жүніс Шәукебаев екенін айта кеткеніміз жөн.
ТАҒЫЛЫМ 16 қыркүйек 2017 г. 772 0
АЛМАТЫДА СЫР БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

АЛМАТЫДА СЫР БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ АШЫЛДЫ

Сыр өңірі – мектепке дейінгі тәрбиемен қамтитын мекемелердің мәселесі шешілген аймақ. Қызылордадағы ата-аналар «жұмысқа баратын болсақ, баламызды қайда апарамыз?» дейтін машақаттан құтылған. Өйткені, мұнда бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын балабақшалар баршылық.
ҚОҒАМ 16 қыркүйек 2017 г. 882 0
КЕЛБЕТІ КӨРКЕМ СҮЙІКТІ ҚАЛАМ

КЕЛБЕТІ КӨРКЕМ СҮЙІКТІ ҚАЛАМ

Әңгіменің ауанын тағы да өзім жақсы көретін Қызылорда қаласынан бастағанды жөн көрдім. Өйткені, ол – облысымыздың бас қаласы ғана емес, сондай-ақ, Сыр елінің жүрегі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қыркүйек 2017 г. 1 183 0
ЖІГЕРЛІ ЖҮРЕК ИЕЛЕРІ

ЖІГЕРЛІ ЖҮРЕК ИЕЛЕРІ

Бүгінде мемлекет тарапынан әлеуметтік мәселелерге айрықша ден қойылып келеді. Облыста мүгедектерге анал¬ған оңалту орталығының ашылуы – соның бір дәлелі. Осыдан 5 жыл бұрын қолданысқа берілген орталық сырқатына шипа іздеп келген алты мың адамға демеу, жанына дауа болған. Мұндағы қызмет алушылардың алғыстан басқа айтары жоқ. Орталықта қажетті ем-домды жүргізу, бос уақытты тиімді өткізу қарастырылған. Үйретері көп үйірмелерге қатысуға мүмкіндік бар, қызыққа толы мәдени кештерде өнеріңді ортаға сала аласың.
Әлеумет 16 қыркүйек 2017 г. 879 0
ҚАСИЕТІҢНЕН АЙНАЛАЙЫН, ҚАРА БУРА

ҚАСИЕТІҢНЕН АЙНАЛАЙЫН, ҚАРА БУРА

Қазақ түйені киелі жануарлардың қатарына жатқызады. Мұхаммед пайғамбардың түйемен жүргені белгілі. Сондай-ақ, желмаясына мініп жер шарлаған Асан қайғы да жерұйықты түйемен іздеген. Суретшілер сар даланы қобызымен күңіренткен Қорқыт бабаның суретін салғанда да түйені қоса бейнелейді. Мұның барлығы Ойсылқара тұқымының қасиетті екенін ұқтырса керек. 
Әлеумет 16 қыркүйек 2017 г. 1 146 0
ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫН ҚОРҒАУ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫН ҚОРҒАУ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесіне біршама өзгерістер енгізілген болатын. Осыған орай ҚР Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетін қосу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті болып қайта ұйымдастырылды.
ҚОҒАМ 16 қыркүйек 2017 г. 1 695 0
АЛҒАШҚЫ  ЭКОЛОГ

АЛҒАШҚЫ ЭКОЛОГ

Газет  тігінділерін парақтап отырып, өзім ұйымдастырған «Табиғат  дауысы» (Голос природы) газетінің ең бірінші саны (05.06.2001ж.) қолыма түсті. Басылымның бұл қадамы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі мен облыс әкімінің сәттілік тілеген құттықтауларымен ашылып,  «Ер есімі – ел есінде» дегендей, «Ол ерекше жан еді» тақырыбымен берілген ең алғашқы мақалада:
ТАҒЫЛЫМ 16 қыркүйек 2017 г. 897 0