ТАЛАНТТЫНЫ ТАҢДАУЛЫ ЕТТІ

Көпшілік сүйіп тыңдайтын әдемі әндердің авторы, композитор Сәбит Ұлықпанұлының 50 жылдығына арнап облыстық мәдениет басқармасы мен Қызылорда қаласының әкімдігі «Ән жүрегім – Қызылорда» атты облыстық әншілер байқауын ұйымдастырды.
14 үміткер екі айналымда С.Ұлықпанұлының репертуарындағы «Ханзада», «Күнім», «Жүрегім, нені сезесің?», «Бозбала», «Әнге арнадым әнімді» дегендей шығармаларын орындап, қарым-қабілеттерін көрсетті. Олардың өнерін құрамында композитор Рамазан Тайманов, әншілер Жұбаныш Жексенұлы, Алмас Кішкенбаев, Серік Ибрагимов және мерейтой иесі болған қазылар алқасы бағалады. Байқау нәтижесінде бас жүлде Арайлым Мұханбетжановаға бұйырды. Бірінші орынды «Сырдария» квартеті алса, одан кейінгі орындарды Мақпал Қалданова мен Салтанат Әбдіқалиева өзара бөлісті. Өзге қатысушыларға алғыс хаттар мен әртүрлі номинациялар тапсырылды.
С.Ұлықпанұлы өнер жолындағы алғашқы қадамын 1989 жылы Тасбөгет кентіндегі С.Ма鬬қанова атындағы мәдениет үйі ¬жанынан құрылған «Мереке» вокалды-аспапты ансамблі¬нің жетекшісі болып бастаған.  2000 жылғы «Үздік композитор» номинациясының, «Мәде¬ниет сала¬сының үздігі» төсбелгісінің иегері. Жет¬піске жуық әннің авторы. Композитордың әндері Жеңіс Ысқақова, Жұбаныш Жексенұлы, Бақыт Шадаева, Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдина, Ақбота Керімбекова, Досымжан Таңатаров секілді әншілердің орындауында танымал.

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қыркүйек 2017 г. 477 0