«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

«Сыр сүлейлері» аллеясында жалпыреспубликалық жастар акциясы басталды. Еліміздің 15 өңірінде қолға алынған шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов пен «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев қатысып, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасына қолдау білдіруге, жарқын бастамаларды жұмыла жүзеге асыруға шақырды.
– Елбасы мақаласы – рухани жаңғыру тетігі. Алдағы уақытта мақалада айтылған бәсекеге қабілеттілік пен парагматизм, сананың ашықтығын қамтамасыз ету, ұлттық бірегейлікті сақтау мен білімнің салтанат құруы бағытындағы жұмыстар өз нәтижесін береді. Ұлт көшбасшысы атап көрсеткен шаралар дамудың жаңа деңгейіне көтерілуге септігін тигізетініне сенім мол. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы кең ұлт руханиятын ХХI ғасырдың биігіне шығаратын үлкен бағдарламалық құжат. Ал мұндағы Елбасының жүрегінен шыққан ең асыл сөздер тәуелсіз Қазақстанның жастары, сіздерге арналып отыр, – деді Р.Рүстемов.
Акция барысында жастар спорттық сайыстарда да бақ сынады. Викториналық ойындарда алғырлығын көрсетті. Шара облыстық филармония әншісі, жырау Мұхамедәлі Бекпейісов пен Зульфия Баймырзаның әсем арнауымен қорытындыланды. Айта кетейік, аталған акция 22 қыркүйекке дейін жалғасын таппақ. Білім, асар, тағзым және өнер бағыттарын қамтитын науқан аясында 100-ге жуық шара өтеді деп жос¬парлануда.

М.СНАДИН,
Н.НҰРЖАУБАЙ (сурет).
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қыркүйек 2017 г. 532 0