Димаш голливудтық жұлдыздар Кейдж бен Броудиді артқа тастады

Димаш голливудтық жұлдыздар Кейдж бен Броудиді артқа тастады

 Көздің жауын алар неше түрлі киімдер, тартымды ерлердің жанында жүрген сәні мен салтанаты келіскен әйелдер, екі көздері төрт болғанша сүйікті әртістерін күткен жанкүйерлер – осылайша Астанада "Евразия-2017" халықаралық кинофестивалі бастау алды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2017 г. 872 0
ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰҒЫРНАМАСЫ

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰҒЫРНАМАСЫ

Кеше облыс әкімдігінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру мақсатында аймақтық семинар-кеңес өткізілді. Жиынға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева, Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясы, жергілікті басқарма басшылары мен аудан әкімдіктерінің өкілдері, ақпараттық топтардың мүшелері қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2017 г. 1 760 0
ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ҚОНАҚ ҮЙ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ҚОНАҚ ҮЙ АШЫЛДЫ

Қызылорда қаласының орталығында «Sultan Plaza» атты қонақ үйдің ашылу салтанаты өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2017 г. 1 203 0
ТАЛАПТЫ ЕРДІҢ ҚАДАМЫ

ТАЛАПТЫ ЕРДІҢ ҚАДАМЫ

Әр адамның өз бейіміне қарай тірлік етуі түбінде жетістікке жеткізуі тиіс. Әрине, ол үшін ерінбей еңбек етумен қатар мақсаткерлік, көлденең кезіккен кедергіге мойымау және де қазіргі өмір сүріп отырған ортамыз нарықтың қатал кезеңі ғой, сондықтан есеп білу керек екендігі ақиқат. Бұл Әлжанның осы жасқа келгенше түйген ойы. Кім болса да, ата-анасын, туған жерін таңдай алмайды ғой, бұл азаматтың жігіт болып жетілуі айналаның аласапыран, қоғамның ауыспалы кезеңіне тап келіпті. Бұрынғы ірі шаруашылықтар тарқап, олардың орнының шағын шаруа қожалықтары алмастырғандай кезеңде жас түгілі үлкендердің өзі аңтарылып қалған жоқ па?!
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2017 г. 685 0
«БАЙҚОҢЫРДЫҢ» ЕКІНШІ ТЫНЫСЫ

«БАЙҚОҢЫРДЫҢ» ЕКІНШІ ТЫНЫСЫ

«Юбилейный» аэродромының аумағында ғылыми-техникалық парк құру, ұшақ пен тікұшақ жинақтайтын ірі тораптық орталық ашу, сонымен бірге энергетика мен халық шаруашылығы үшін газ-турбиналық двигательдер өндірісін іске қосу мәселелері 19-20 шілдеде Мәскеуде «МАКС-2017» авиағарыштық салонында өткен Ресей және Қазақстан тараптарының жұмысшы келіссөздерінде талқыланды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2017 г. 673 0

ҚАМКӨҢІЛГЕ ҚАМҚОР ОРТАЛЫҚ

Отбасы – шағын мемлекет, оның іргесі ынтымақпен мықты. Ал, бірлігі болмаса, үйдің берекесі кетеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, қоғамда орын алатын қылмыстың үштен бірі осы отбасындағы зор¬лық-зомбылық екен.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2017 г. 597 0

ОҚЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕГЕ ҰСЫН

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы тұрғындар арасында «Оқы және өзгеге ұсын!» атты буккроссинг жобасын ұйымдастырды. Шараның мақсаты – оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мәдениетін көтеру. Жобаның негізгі идеясы – өзара кітаптар алмасу. «Буккроссинг» қозғалысы  кітап   пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге енгізіліп отыр. Кез келген адам оқыған қызықты кітаптарын буккроссинг сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөліседі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2017 г. 967 0
«ДЕНСАУЛЫҚ ПОЙЫЗЫ» ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА

«ДЕНСАУЛЫҚ ПОЙЫЗЫ» ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА

Кеше Жалағаш ауданына «Денсаулық пойызы» келіп, өз жұмысын бастады. Заманауи құрылғылармен жарақтан¬ды¬рылған көшпелі емханада УЗИ, рентген, қан лабораториясы орнатылған. Мамандардың қатарында кардиолог, хирург, стоматолог, гинеколог, невропатолог, кардиолог, терапевт және басқа да 23 саланың тәжірибелі дәрігерлері бар.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2017 г. 817 0
БОРЫШКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС  БӘСЕҢДЕМЕЙДІ

БОРЫШКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС БӘСЕҢДЕМЕЙДІ

 Заң алдында барлығы бірдей.  Заң қатал, бірақ, ол заң, сондықтан, ешқандай бұлталақсыз, кесіп-пішусіз орындалуы тиіс. Орындалмаған сот шешімі болмауы тиіс. Бәріміз де солай ойлаймыз. Әйтсе де, өмірде әртүрлі себептерге байланысты соттың шешімі орындалмай қалу қаупі туып жатады. Міне, осы жағдайда сот орындаушыларының тынымсыз еңбегінің арқасында жағдай қалыпқа келеді. Иә, сот шешімі орындалуымен құнды. Сондықтан да бүгінгі сұхбатымыз осы тақырыпқа арналып, газет тілшісінің сұрақтарына облыстық Әділет департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, ҚР Заңгерлер одағының мүшесі  Жандос Абсат жауап берді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2017 г. 909 0
АМАНАТ

АМАНАТ

Бойына шаң жуытпай таза киініп, ақ көйлегіне тағар галстугін таңдап алатын ата кейпі әлі көз алдымызда. Сексеннің сеңгіріне шыққанша өзін тік ұстап, айтар сөзін тереңнен қозғау қалпынан жаңылмады. Мезгілдің  сырқатын бойына жұқтырмады. Табаны бұдырсыз, таңдайы бедерсізді ұнатпайтын. Екі сөзінің бірінде: – Жаман өзін білмейді, жақсыларын күндейді деп отыратын. Тектілікті бойына дарытып өсті. Отырған жерде әулет тарихын әріден қозғап, бабалар сөзін майын тамыза айтушы еді. Қармақшының өзі туып-өскен «Қызылтамның» әр бұтасын жыр еткенде жұрт сілтідей тыңдап, шыбын ызыңы естілмей қалатын. Сүйген жары Күлстан әже де нағыз шежіре. Мәлікаждар атаның әр сөзіне зейін қойып, одан әрі жалғастырып, жаңғыртып отыратын әже қазір сексен үште. Сырқатқа сыр бермей, отбасын маздатып, ақыл-кеңесін айтудан әлі жаңылмай отыр. Құрсағынан тараған жеті бала – жеті шаңырақ, бұлардан өрбіген оншақты немере демалыс күндері үйді басына көтеріп, кең залдың төрін шаңдатқанына әже мәз-мәйрам.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2017 г. 776 0