ҚАМКӨҢІЛГЕ ҚАМҚОР ОРТАЛЫҚ

Отбасы – шағын мемлекет, оның іргесі ынтымақпен мықты. Ал, бірлігі болмаса, үйдің берекесі кетеді. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, қоғамда орын алатын қылмыстың үштен бірі осы отбасындағы зор¬лық-зомбылық екен.
Бүгінгі таңда «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңына сәйкес белгіленген тәртіппен өмірлік қиын жағдайда жүрген адам деп танылған жә¬бір¬ленушіге арнаулы әлеуметтік қыз¬меттер көрсетіледі.
Облыс орталығы Қызыл¬орда қаласында өмірдің қиын жағдайында қалған және отбасындағы зорлық-зом¬бы¬лық¬тан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік бейімдейтін «Қам¬қор¬лық» дағдарыс орталығы жұмыс жасайды. Облыстық ішкі саясат және облыстық жұмыс¬пен қамту және әлеуметтік бағ¬дар¬¬ламалар басқармаларының қар¬¬жыландыруымен ашылған ор¬тବлықта бүгінгі таңда 9 адам бейім¬делуде. Оның бесеуі ересек бол¬са, төртеуі балалар.
«Қамқорлық» дағдарыс орталығының басшысы Жандос Тұсмағамбетовтың айтуынша, мұнда тағдыр тәлкегіне ұшырап, қиын жағдайға тап болғандар келеді. Жұмыс жасағанына жеті жылдан асқан бұл жерге келгендерге жан-жақты көмек көрсетіледі. Үш мезгіл тамақ беріліп, дәрігерлер олар¬дың денсаулықтарын жіті ба¬қыласа, психологтар да көңіл күй¬ле¬ріне көңіл бөледі.
Мәселен, мұндағы маң¬ғыс¬таулық Айгүл Патенова (аты-жөні өзгертіліп алынды) өзге елде тұратын азаматпен көңіл жарастырып, нәзік жанды зорлық-зомбылық көп көргендіктен ажырасып кеткен. Бүгінгі таңда бір ұлы бар. Алайда, оның да денсаулығы мәз емес. Екі күннің бірінде ыстығы көтеріліп, күнделікті дәрігерлердің бақылауында.
– Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Мен де бұл өмірде аяғымды шалыс басып, қиын жағдайға душар болдым. Өзім сүйіп қосылған азамат тастап кетіп, ешкімге керек болмай қалдым. Халықаралық ұйым¬дардың көмегімен елге жетіп, осында келдім. Қазір жағдайымыз жаман емес. Орталық қызметкерлері психологиялық жағынан демеу болып, үлкен көмек көрсетуде. Алдағы уақытта курстар оқып, жұмысқа орналассам деймін. Туыс¬қан¬дарым да жоқ емес. Алайда, мен осы қалада жаңадан өмір бастасам деген ойым бар, – дейді ол.
Шындығын айтқанда, тұр¬мыс¬тық зор¬лық-зомбылыққа әйелдер жағы көбірек ұшы¬рай¬тыны жасырын емес. Орталық¬та¬ғы¬лардың барлығы да нәзік жандылар. Тағ¬дыр¬лары да Айгүлдікіне ұқсас. Бірінің баласы анасына күш көр¬сетіп, күн бермесе, біреуінің күйеуі балаларымен қосып үйден қуып жіберген. Ал енді бірі шаңыраққа ие болатын жалғызынан айырылып, осында келген.
Иә, өмір болған соң неше түрлі жағ¬дайлар кездеседі. Әсіресе, қазір¬гідей сананы тұрмыс билеген заманда өзге түгіл туған-туыс-тарыңнан қайран болмай жатады. Осындай қиын кезеңде тағдыр тәлкегіне ұшыраған жандарға кө¬мек көрсететін орталықтың барын бірі білсе, бірі білмейді. Мұнда олар екі сағаттан 6 алты айға дейін болады. Орталық жылына 70-80 адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.
Қазақ халқы әйел затына ерекше ықыласпен қарап, ана деп құр¬меттеп, қарындас деп еркелетіп отыр¬ған. Қамыққанда сүйеу, тарық-қанда тіреу, қам көңілге жұбаныш бола білген әйелдер – қашанда ер азаматтардың тірегі, қам¬қоршысы. Сондықтан ер азаматтар әйел-аналарды аялап, түсіністікпен өмір сүргенге не жетсін?! Шаңырақтың шайқалуына әкеліп соқтыратын тұрмыстық зорлық-зомбылық мәсе-лесі бұл қоғамның түйткілді мәселесі және барлық алдын алу субъектілерінің бірігіп жұмыс атқаруы арқасында ғана оң нәтиже береді.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2017 г. 579 0