
Көздің жауын алар неше түрлі киімдер, тартымды ерлердің жанында жүрген сәні мен салтанаты келіскен әйелдер, екі көздері төрт болғанша сүйікті әртістерін күткен жанкүйерлер – осылайша Астанада "Евразия-2017" халықаралық кинофестивалі бастау алды.
Елорданың сенбілік кешінде барлығы дерлік аздап естерінен тана жаздады десек, қателеспейміз. Біреулері Николос Кейдждің өткір көзқарасынан, екіншілері Эдриен Броудидің ыстық ықыласынан, ал басқалары Димаштың жымиған күлкісінен...