БОРЫШКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС БӘСЕҢДЕМЕЙДІ

 Заң алдында барлығы бірдей.  Заң қатал, бірақ, ол заң, сондықтан, ешқандай бұлталақсыз, кесіп-пішусіз орындалуы тиіс. Орындалмаған сот шешімі болмауы тиіс. Бәріміз де солай ойлаймыз. Әйтсе де, өмірде әртүрлі себептерге байланысты соттың шешімі орындалмай қалу қаупі туып жатады. Міне, осы жағдайда сот орындаушыларының тынымсыз еңбегінің арқасында жағдай қалыпқа келеді. Иә, сот шешімі орындалуымен құнды. Сондықтан да бүгінгі сұхбатымыз осы тақырыпқа арналып, газет тілшісінің сұрақтарына облыстық Әділет департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, ҚР Заңгерлер одағының мүшесі  Жандос Абсат жауап берді.
– Жандос Дәуренбекұлы, жалпы облыстық мемлекеттік сот орындаушыларының орындауында қанша атқарушылық іс жүргізу өндірістері бар және олар қандай санатта?
– 2017 жылдың 1 қаңтарында мем¬лекеттік сот орындаушылардың орындауына өткен жылдан қалдық болып 14 630 атқарушылық іс жүргізу өндірістері өткен, оның ішінде 8 424 іс алимент өндіру санатында. Қазіргі таңда олардың 3 916 түрлі себептермен аяқталды. Алимент төлемдерін өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу өндірістерінен өзге санаттағы істерді үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін орындау жоспарда бар.
– Сот шешімдерін орындауда аса ауыр әрі зор қиындықтар тудыратын алимент өндірісі екені белгілі. Қазір облыстағы осы санаттағы атқару құжаттарының орындалуындағы ахуалды әңгімелеп берсеңіз...
– Иә, алимент баланың кәмелет жа¬сына дейін төленетіндіктен, оны өндіру де түрлі қиындықтар тудырады. Әсіресе, бізді ең басты қиналтатын мәселе алимент өндірістерінің жыл санап көбеюі болып отыр. Бүгінгі күні облыста 7 мыңнан аса алимент өндіру туралы атқару өн¬ді¬рісі бар. Бауыр еті баласының ырысын аузынан жырған ата-аналар алимент төлеуден көбіне жалтарып жатады. ҚР Әділет министрлігінің 07.06.2017 жылғы №689 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минис¬тр¬лігінің 07.06.2017 жылғы №153 санды бірлескен бұйрығына сәйкес сот орындаушылар және жергілікті жұ¬мыс¬пен қамту орталықтармен өзара іс-қимылын жетілдіру мақсатында алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар борышкерлерді жұмыс¬пен қамту мақсатында өзара іс-қимыл ұйымдастыру жұмыстары жүр¬гі¬зілу¬де. Мемлекеттік немесе жеке сот орындаушы бірлескен бұйрыққа сәйкес «Атқарушылық іс жүргізу орган¬дарының автоматтандырылған ақпа¬рат¬тық жүйесінен» борышкердің зей¬нетақы аударымдарын тексеріп, зейнетақы аударымдары болмаған жағ¬дай¬да одан жұмысқа тұрмаған себебі туралы түсіндірме алады.
Борышкерге жұмысқа тұруға жәрдемдесу мақсатында сот орындаушы борышкерге осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы хабарламаны беріп, үш жұмыс күн ішінде Жұмыспен қамту орталығына жүгінуді ұсынады. Жұмыспен қамту орталығы өз тарапынан сот орындаушылары жолдаған жұмыспен қамтуға мұқтаж борышкерлерді есепке алуды, оларды жұмыс іздеуші тұлға ретінде есепке коюды жүргізеді, оларға жұмыспен қамтуда бірінші кезекте жәрдем көрсетеді.
– Алимент өндіру туралы ат¬қа¬ру¬шылық іс жүргізу өндірістерінің ішінде мүлдем өтелмей тұрғандары қанша? Мүлдем төлемейтін борышкерлерге қандай шаралар қабылдап жатсыздар?
– Жыл басынан 93 азаматшаға 54 млн теңге алимент төлемдерін өндіріп бердік. Дегенмен, 216 млн қарызы бар 356 борышкер алимент төлемдерін мүлдем өтемей келеді. Бірінші кезекте, сот орындаушы міндетті түрде борышкердің барлық табыс көзін, мүліктік жағдайын тексеріп, оның тұрғылықты мекен-жайына барып тұрмыс тіршілігімен танысады. Одан кейін әкімшілік жауапкершілігін қарау бағытында жұмыс жасайды. Келесі кезекте қылмыстық жауапкершілігін қарау туралы ішкі істер органдарына ұсыныс өндіріп алушының арызының негізінде енгізіледі. Расында, төлеуге мүмкіншілігі жоқ борышкерлерді біз¬дер уәкілетті органдармен бірлесіп, жұ¬мысқа орналастыру жәрмеңкелерін 18.04.2017 жылы және 18.05.2017 жылы ұйыдастырдық. Осы іс шара нәти¬же¬сінде жұмысқа орналасуға келісім бермеген борышкерлер де бар.
– Бүгінгі күнге дейін қанша борыш¬кердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі қаралды?
– Жұмыс істеуге келісімін бермеген және өзге де борышкерлерді ҚР  Қыл¬мыс¬тық Кодексінің 139-бабына сәйкес жауакершіліктерін шешу туралы 243 ұсыныс жыл басынан жолданса, қазіргі таңда 62 қылмыстық із кесу сатысында тоқтатылды. Бұдан бөлек тергеу амалдары жүргізіліп, 2 қылмыстық іс сотқа негізінен қарау үшін жолданды.
Ал, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 669-бабымен бар¬лығы 137 борышкердің әкімшілік жауап¬кершілікке тарылса, оның ішінде 88 азамат алимент төлемдері бойынша борыш¬кер болып табылады.
– Ұлт жоспары - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының 27-қадамында Жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту, сот орындаушылардың мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту көз¬делген. Осыған орай, Қазақстан Рес¬пуб¬ликасының «Атқарушылық іс жүр¬гізу және сот орындаушыларының мәр¬тебесі туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді, осы тұрғыда жеке және заңды тұлғалардың пайдасына өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу өндірістері жеке сот орындаушыларға қандай тәртіппен беріліп отыр?
– Соттарда істер қаралғаннан кейін оның санатына қарай тараптарға және Қызылорда өңірлік жеке сот орн¬даушылар палатасына жолданады. Атқару құжаты бойынша тараптар сот актісін орындау үшін кезкелген жеке сот орындаушыға орындауға ұсына алады немесе аталған палатаға одан әрі жеке сот орындаушыға бөлу үшін ұсынады. Ал, мемлекет пайдасына өндіріп алу мөлшері бір мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы, т.б. сот актілерін «Қазақстан Рес¬публикасы атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» автоматты түрде барлық жеке сот орындаушыларға бара-бар бөліп отырады.
– Автоматтандырылған жүйенің мүмкіншілігі қандай?
– «Қазақстан Республикасы атқа¬ру¬шылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» борышкердің суретінен бас¬тап, кәсіпкерлікке ашқан есеп-шот¬та¬рын, жүргізу куәлігін, мүліктерін, зейнетақы жарналарын, темір жол билеттерінің рәсімделуіне дейі барлығы 41 сұранысты жұмыс кабинеттерінен шықпай жасай алады. Сондай-ақ, қазіргі таңда тараптар өздерінің электронды қолтаңбалары арқылы интернеттің көмегімен осы жүйеге кіріп, іс барысымен танысып, сот орындаушыға сұрақтар қойып, қажет болса қосымша құжаттар жіберуге мүмкіншіліктері бар.
Бұдан бөлек, Әділет министрлігі «Қазпошта» АҚ мен борышкерге өзінің қарызын өтеу үшін мемлекеттік шекараларда және қоғамдық орындарда кассалық қызметі мен терминалдарды қол жетімді жүйе әзірленді. Бұл жүйе арқылы әр азамат өзінің жеке сәйкестендіргіш нөмірін Қазпошта АҚ-ның кассалық қызметкеріне ай¬тып немесе терминалдарға енгізіп, өзінің берешектері туралы ақпарат алып, төлей алатын болады. Бұл жүйе 15.05.2017 жылдан бас¬тап іске қосылды. Ең тиімдісі, осы тәртіп¬пен өз берешегін өтеген борышкер туралы ақпарат келіп түскеннен кейін «Қазақстан Республикасы атқа¬ру¬шылық іс жүргізу органдарының авто¬мат-тандырылған ақпараттық жүйесі» автоматты түрде қамтамасыз ету шараларының күшін жою туралы қаулысын қалыптастырады, соның ішінде Қазақ¬стан Республикасының аумағынан шы¬ғуына шектеудің күшін жою туралы қаулы да бар.
– Республика аумағынан шығуға тыйым салу қаншалықты тиімді және оның статистикалық көрсеткіштері қандай?
–Тек ағымдағы жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 539 борышкердің шетелдерге шығуына тыйым салынды, оның 468-і алимент төлемдері бойынша борышкер болып табылады. Бұл іс шара өте тиімді болғандықтан жалғаса бермек. Қолданыстағы заңға сәйкес сот актісін дәлелсіз себептермен 3 айдан астам уақыт орындамаған борышкерге осы шара жүргізілетін болады. Бұл шектеу түрінің арқасында сот актісін орындаудан жалтарып жүрген шетелдерге шуы керек азаматтар келіп, өз берештерін өтеп келеді. Сондықтан, тұрғындарға айтатыным, өздеріңіздің жеке сәйкестендіру нөмірлеріңізді Қазақ¬стан Республикасының Әділет министрлігінің ресми сайтынан (http://www.adilet.gov.kz/ru/kisa/erd) тексере аласыздар.
– Сұхбатыңызға рахмет!

Әңгімелескен Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2017 г. 875 0