Қызылорда қаласының орталығында «Sultan Plaza» атты қонақ үйдің ашылу салтанаты өтті.
Қонақ үйдің құрылыс жөніндегі жетекшісі Сабыр Сейітханов нысанның презентациясын жасады.
– Біздің қонақ үйде 80 нөмір бар: 1 – президенттік, 1 – VIP, 8 – люкс санатты және 70 – стандартты бөлме. Сонымен қатар қонақ үйде фитнес залы, бассейн, сұлулық салоны, 400 орындық конференц зал және 300 орындық мейрамхана бар. Қонақ үйде 120 адам жұмыспен қамтылады,- деді С.Сейітханов.
Салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Жалпы алғанда облыстың ту¬ристік әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Аймақта туристік нысандарды дамыту бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. Мәселен, соңғы бірнеше жылда Қармақшы ауданында этноауыл, Арал ауданында «Қамбаш» туристік аймағы ашылып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне реконструкция жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Жанкент, Шірік-Рабат, Сы¬ғанақ секілді көне қалаларға архео¬логиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ.
Нұрболат НҰРЖАУБАЙ. (сурет).