ОҚЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕГЕ ҰСЫН

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы тұрғындар арасында «Оқы және өзгеге ұсын!» атты буккроссинг жобасын ұйымдастырды. Шараның мақсаты – оқырманның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мәдениетін көтеру. Жобаның негізгі идеясы – өзара кітаптар алмасу. «Буккроссинг» қозғалысы  кітап   пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге енгізіліп отыр. Кез келген адам оқыған қызықты кітаптарын буккроссинг сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөліседі.
Жоба Халыққа қызмет көрсету орталығында бастау алды. Орталық қызметкерлері мен келушілерге арнап 50-ден аса түрлі жанрдағы көркем шығармалар ұсынылды.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген ұлттық жаңғыру жолындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жас ұрпақтың білімге деген құштарлығын арттыру, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, ұлттық сананы қалыптастыру маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Рухани жағынан бай адам ғана қоғам дамуына тың серпін бере алады. Бүгінде бәсекеге төтеп бере алатын басты қару – білім. Жалпы, әлеуметке қажетті білімін ұсына алатын қоғамдық институт – кітапхана болып табылады.
Қалалық кітапханалар жүйесінің ұйымдас¬ты¬руымен қалалық демалыс паркінде ор¬на¬ласқан Жазғы кітапханада «Оқып болсаң, өзгеге ұсын!» атты буккроссинг кітап көрмесінің ашылуы өткізілді. Жобаның негізгі идеясы – өзара кітаптар алмасу. Буккроссинг – ағылшын тілінен аударғанда «кітаптың айналыста жүруі» дегенді білдіреді. Жоба аясында оқырмандар сөреге оқыған кітаптарын әкеліп, өздеріне ұнаған кітаптарға алмастырып алды. Қалалық кітапханалар жүйесі ұйымдастырған «Оқып болсаң, өзгеге ұсын!» шарасы демалыс паркіне келген қала халқының кітапқа деген қызығушылығын тудырды. Қалың көпшілік өздеріне ұнаған кітаптарын таңдап алып, орнына өздері оқыған кітаптарын қалдырды. Бұл шара қыркүйекке дейін жалғасады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 шілде 2017 г. 972 0