АСТАНАДАН АРНАУЛЫ ТІЛШІМІЗ ДӘУІРЖАН ЕЛУБАЕВ ХАБАРЛАЙДЫ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: «ЭКСПО – ғылыми жаңалық қана емес, ол барлық елдер мен өркениеттерді жалғайтын алтын көпір», – деген еді. Бұған көп ұзамай-ақ көз жеткіздік. Көрме ашық деп жариялағаннан кейін кезек қазақстандық ұлттық павильон мен шетелдік павильондарды аралауға тиді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 маусым 2017 г.
1 045
0
Байқоңырлық нұротандықтар «Кедергісіз келешек» кедергіні жеңуі тиіс» деген ұранмен Ақай ауылына қарасты бірқатар әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімделуіне бақылау жүргізді. Бұл жолы қадағалауға Ақай ауылдық округі әкімшілігі мен №99 орта мектеп ғимараттары ілікті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 маусым 2017 г.
480
0
Облыстық сотта «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 маусым 2017 г.
580
0
Амангелді БИСЕНБАЕВ, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі: Академик Қаныш Сәтпаевтың айтқаны бар: «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне көтеріледі» деп. Ғылымның қазанында қайнап, биікке көтерілген Амангелді аға өткенде Ұлттық ғылым академиясының академигі атанды. Жерлесіміздің жетістігіне қуанып, оны әңгімеге тарттық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 маусым 2017 г.
963
0
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Аман Абасиловпен әңгіме.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 маусым 2017 г.
850
0
Жаңақорған аграрлы техникалық колледжінің спорт залында волейболдан ардагерлер арасында турнир жылда өткізілді. Осымен оныншы рет ұйымдастырылған бұл бәсекенің негізгі ұйымдастырушы ЖАТК директоры Мадияр Ахметов пен саясат тану ғылымдарының докторы, профессор, республикалық коньюктура жастар орталығының директоры Есенжол Әлияров. Алғашында 4 команда қатысқан бәсеке деңгейі өсіп, оншақты команда сайысқа түсетін дәрежеге жетті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 маусым 2017 г.
495
0
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері облыстық қан орталығына қан тапсырды, деп хабарлады облыс бойынша ҚАЖ департаменті. Олар өздерінің қарбалас жұмыстарына қарамастан, өзгеге өмір сыйлауға үлестерін қосты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 маусым 2017 г.
527
0
Жаңақорған ауданы спорт кешенінде 9-11 маусым аралығында Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмет Шынтайұлын еске алуға арналған белбеу күресінен 2000-2001 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирі өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 маусым 2017 г.
426
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен мәжіліс өтіп, онда бұған дейін облыс әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған Артур Нығметовті әріптестері, актив мүшелері жаңа жұмысымен құттықтап, шығарып салды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 маусым 2017 г.
901
0
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың жетекшілігімен аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралып, биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған шаралар барысы талқыланды. Аймақ басшысы алдымен өңірдегі мемлекеттік органдарды жобалық басқару жобасына тоқталып өтті. Бұл жобаға байланысты облыстық делегация өткен айда Ресей Федерациясының Волгоград облысында болып, тәжірибе жинақтап қайтқан еді. Ендігі кезекте көрші мемлекеттен келген арнайы топ біздің орган басшыларымен кездесіп, семинарлар өткізуде. Облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким аталған жобаға қатысты хабарлама жасап, атқарылар шараларды пысықтады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 маусым 2017 г.
687
0