Жаңақорған ауданы спорт кешенінде 9-11 маусым аралығында Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмет Шынтайұлын еске алуға арналған белбеу күресінен 2000-2001 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирі өтті.
Еліміздің 6 облысы және Қызылорда облысының ауданаралық 11 команда 70-тен астам спортшылар қатыстырылып, 9 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопыбеков құтықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Жеңімпаздарға арнайы сыйлық пен марапат табысталды. Бір сүйсінерлігі - Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылындағы спорт мектебінің шәкірттері осы сайыста 6 салмақ дәрежесі бойынша бірінші орынға көтерілсе, өзгелері де жүлдеден құр қалмады.
Н. Назымханұлы,
Жаңақорған ауданы