Спорт алаңындағы ардагерлер

Жаңақорған аграрлы техникалық колледжінің спорт залында волейболдан ардагерлер арасында турнир жылда өткізілді. Осымен оныншы рет ұйымдастырылған бұл бәсекенің негізгі ұйымдастырушы ЖАТК директоры Мадияр  Ахметов пен саясат тану ғылымдарының докторы, профессор, республикалық коньюктура жастар орталығының директоры Есенжол  Әлияров.  Алғашында 4 команда қатысқан бәсеке деңгейі өсіп, оншақты команда сайысқа түсетін дәрежеге жетті. 
      Жастары ұлғайып денелері шау тартқанымен 40-пен 70 жас аралығында ғы ардагер спортшылар тоспа доптың әдіс-айласына жетік екен, қызықты ойын өрнегін көрсете білді. Допты қабылдап, пас беруде баяғы жастықтың ұшқыны байқалды. Дегенмен  сайыста дайындығы күштінің мәртебесі үстем болады. Бұл турнирде де алаң иелерінің басымдығы айқын көрініп, сайыс қорытындысында колледж командасы бірінші орынды иемденді. Екінші орын «№169 түлектері» командасының қанжығасында кетсе, жүлделі үшінші орын «Қосүйеңкі» командасының еншіледі. Ойын соңында  «№169 түлектерінен» Ғалым Сәрсенов, колледждік Нартай Төлбасиев, қосүйеңкілік Нұрхан Бекқұлов, өзгенттік Ермек Ильясов пен «№163 мектептік» Талғат Минуаров үздік ойынымен, ал, төреші Марат Орынбаев  әділ төрелігімен көпшілік ықыласына бөленді.
Турнир соңында жеңімпаз  қомандалар мен үздік ойыншылар құрылтайшы мен ұйымдастырушылардың және аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің тағайындаған дипломдырымен, ақшалай және заттай сыйлықтармен марапатталды.

Н. Назымханұлы, 
Жаңақорған ауданы 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 маусым 2017 г. 495 0