Орталық коммуникациялар қызметінде Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов Қазақстан спортшыларының VIII қысқы Азия ойындарындағы нәтижелерінің қорытындысын шығарды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 ақпан 2017 г.
508
0
Қызылорда қаласы Қорқыт ата көшесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 2017 жылғы 28 ақпан-25 мамыр аралығында С.Торайғыров көшесінен бастап Жезқазған тас жолына дейінгі аймақ, ал 2017 жылғы 28 ақпан-10 мамыр аралығында Қазыбек би көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі аралықта көше-жол тораптары уақытша жабылатынын ескертеміз.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 ақпан 2017 г.
408
0
Қазалы ауданы Әйтеке би кенті әкімі аппаратының «Кенттік клубы» МКҚК халық ақыны Байназар Өтепұлының есімін жаңғырту мақсатында «Жырларың ғасырларға ұлассын!» атты аймақтық жас жыршы-термешілер байқауын ұйымдастырды. Шараны аудан әкімінің орынбасары Арман Қаржаубаев ашып, ақынды өлтірмейтін жыры болса, ақынның мәңгі жасауы жыр қадірін ұғатын ұрпағы екенін жеткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 ақпан 2017 г.
765
0
Нарықтық қатынастың алақұйынына мойын бұрмастан, өз ұстанымына сай әдебиет майданында қалыпты еңбек етіп келе жатқан қаламгердің бірі – Жолтай Әлмашұлы. Ол – ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметтің тармақтарында қызмет жасай жүріп, бірнеше романды дүниеге әкелген жазушы. Драматургия саласына ат басын бұрып, ғылым жолында да аянбай тер төкті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 ақпан 2017 г.
893
0
Ақбөкенді қазақтар «киік» деп атайды. Киелі аң деп қастерлейтін осы сұлу жаратылыстың шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік ететіні белгілі. Олар ауа райына, жайылымының жағдайына байланысты қоныстарын ауыстырып отырады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 ақпан 2017 г.
15 577
0
Қызылордада футзалдан «Зенит» букмекер орталығының кубогы үшін республикалық турнир аяқталды. Биыл 2-ші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 9 команда қатысып, шеберлік байқасты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 ақпан 2017 г.
502
0
Қалаға қарасты Белкөл кентінде орналасқан «Балапан» балабақшасында «Жаңартылған мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жүзеге асырудағы педагогикалық ізденіс» тақырыбында семинар өтті. Қызылорда облыстық оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған семинарға қалада орналасқан мектепке дейінгі орталықтар мен қатар Шиелі, Жаңақорған аудандарының балабақша меңгерушілері, әдіскерлері мен тәрбиешілері, аймақтық әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 ақпан 2017 г.
531
0
Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінде ҚР Халық әртісі, "Құрмет” орденінің иегері Серік Шотықовтың 80 жылдығына орай "Әдебиет, өнер, мәдениет қайраткерлері” коллекциясының жеке тектік құжаттарынан дайындалған көрме өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 ақпан 2017 г.
565
0
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әнші Димаш Құдайбергенге арнайы стипендия тағайындады, деп хабарлайды inform.kz. Бұл туралы бүгін Қазақ Ұлттық өнер университетінде Димашпен бірге өткен кездесу кезінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 ақпан 2017 г.
477
0
Қызылордада «Жаңа бизнес ашуды қолдау» оқыту жобасының бірінші кезеңі аяқталды. «Даму» Қорының оқыту жобасы кәсіпкерлік бастамасы бар халықтың әлеуетінің ашылуына жәрдемдесу арқылы олардың болашақта табысты бизнеске айналатын Стартап жобаларын құруға, сондай-ақ бастауыш кәсіпкерлердің қаржыландыру көздеріне қол жеткізуін жеңілдетуге бағытталып жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Қатысушылар кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрену үшін облыстың барлық өңірінен жиналды. Бизнес бастауға ұмтылғандар осылайша бір алаңда бас қосты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 ақпан 2017 г.
814
0