Елбасы Димаш Құдайбергенге арнайы шәкіртақы тағайындады

Елбасы Димаш Құдайбергенге арнайы шәкіртақы тағайындадыМемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әнші Димаш Құдайбергенге арнайы стипендия тағайындады, деп хабарлайды inform.kz. Бұл туралы бүгін Қазақ Ұлттық өнер университетінде Димашпен бірге өткен кездесу кезінде Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.
Министр бұл ақпаратты бүгін Қазақ Ұлттық өнер университетінде Димашпен бірге өткен кездесу кезінде айтты. «Бүгін Ұлттық университетте ерекше күн. Бәріміз бірге Димашты өнер ордасында қарсы алып отырмыз. Бұл елімізге үлкен мақтаныш. Димаш жастайынан өзін өнерге арнап, Ақтөбедегі өнер училищесінде, енді Астанадағы Өнер академиясында дәріс алып жүр», – деген министр, жас дарынның ата-анасы – Қанат пен Света Айтбаевтарға, Димаштың ұстаздарына алғысын айтты.
«Димаш аяқ астынан танымал болған жоқ, бұрыннан конкурстарға қатысып келеді. Димаштың бұрыннан бері халықаралық байқауларға, мемлекеттің үлкен концерттеріне қатысып жүргенін жақсы білесіздер. Жақында ғана Елбасы өзінің арнайы стипендиясымен Димашты басқа да өнер адамдарымен бірге құрметтеді. Біздің Елбасымыздың Димашқа деген қамқорлығын осыннан білуге болады», – деді министр.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 ақпан 2017 г. 477 0