«Сығанақ» – Саңлақ!

«Сығанақ» – Саңлақ!Қызылордада футзалдан «Зенит» букмекер орталығының  кубогы үшін республикалық турнир аяқталды. Биыл 2-ші мәрте ұйымдастырылған жарысқа Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 9 команда қатысып, шеберлік байқасты.
Теңбіл допты ұршықша үйірген Жаңақорған ауданының «Сығанақ» командасы жеңімпаз атанса, қызылордалық «Зенит» пен «Азамат» жүлделі орындарды өзара бөлісті. Шымкент қаласының «Таукент» командасы төртінші орынға табан тіреді.
«Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Әзім Әзімов («Таукент» командасы), «Үздік қорғаушы» – Нұрлан Дайрабаев  («Азамат»), «Үздік шабуылшы» – Әсет Меңліқожа («Зенит»), «Мерген ойыншы» – Ерлан Әптаев («Сығанақ»), «Үздік ойыншы» – Қанат Әлиев («Зенит») бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 ақпан 2017 г. 502 0