Батыр бабалар

Үстіміздегі жылғы тамыз айының  6  жұлдызында «Сыр бойы» газетінде шыққан «Ақпан батыр»,  «Ақмешіт апталығы» газетінің биылғы 23 шілдеде шыққан «Ержүрек батыр бабамыз» мақаласын оқыған соң мен де өз білгенімді қалың оқырманға баяндап беруді парыз санадым. Сыр бойы тұнған тарих. Есте жоқ ерте заманда, алмағайып аласапыран кезеңдерде де біздің батыр бабаларымыз бүгінгі күнге жетуге өздерінің үлестерін аямай қосқан. Бұл өлкеде  атағы алты Алашқа белгілі билер мен шешендер, абыз әулиелер, бес қаруын сайлап жауына дес бермеген атақты батырлар, халқы үшін басын оққа байлаған мемлекет қайраткерлері шыққан. Тағдырдың талқысына талай түскен қазақ халқы орыспен арпалысып, қалмақпен қидаласып, жоңғармен жағаласып, қытаймен аңдысып бүгінгі күнге де жеткен. Батыр бабалар осынау ұлан-байтақ даланы дұшпандарынан ерлігімен, ақылымен аман алып қалған. 
ТАҒЫЛЫМ 26 қараша 2016 г. 1 243 0
Жыр болып оралды ақын...

Жыр болып оралды ақын...

Республикаға белгілі айтыскер ақын, жыршы-термеші, бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты, марқұм Серік Өтеуовтің «Томағалы тұйғын» атты жыр жинағы жуырда баспадан жарыққа шығып, көпшіліктің қолына тиді. Оның ақ нөпір жырын аңсаған, сағынған жұртшылық сырлы өлең жолдарын қайта-қайта оқып, айтыстың ақтаңгер ақынымен қайта табысқандай әсерде болды. Аталған жыр кітапқа айтыскер ақынның арнаулары мен толғаулары, лирикалық өлеңдері мен айтыстары топтастырылған.
ӘДЕБИЕТ 26 қараша 2016 г. 1 185 0
Бір эшелон сыралғы  Арал халқының имандылық ықыласы еді

Бір эшелон сыралғы Арал халқының имандылық ықыласы еді

Қазан төңкерісі, сосынғы азамат соғысы шабыспа ұрып, қазақ даласы алаңжарлы күй кешкен сонау уақытта Арал жағасына алыс Мәскеуден бір хат келді. Бұл ұшбу хат пролетариат көсемі В.Лениннен еді. Ол жолдауда «осылай да осылай, Еділ бойын аштық жайлады, миллион жұрт, әсіресе, аштықтан ісінген 700000 бала қырылып кету алдында» деген ереуіл жайт тізбелене келе, «...сіздерде жағдай жаман емес, Арал балықшылары мен жұмысшылары, жомарт көмектеріңізді аямаңыздар» деген үлкен өтініш болған. Уақыт – 1921 жыл, жаңа күнтізбемен, қазан айының 7-ші жұлдызы екен. Бейнелі тілге салғанда, Арал жұрты сол жанайқайлы өтінішті «жан-жүрегімен қабыл алған» сияқты. Бұл жақтағы елдің өзі де сол тұста, бірді-бірге жалғап, ұшқасып отырған қоңторғай ахуалда еді.
ТАНЫМ 26 қараша 2016 г. 1 384 0

Тұрғындар өз ұсыныстарын айтты

Облыстың Шиелі, Жаңақорған аудандарының елді мекендерін аралап, жұртшылықпен кездесу өткізіп жүрген ақпараттық топ өкілдері өз сапарларын одан әрі жалғастырды. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қараша 2016 г. 666 0

Мәслихат тарихының маңыздылығы түсіндірілді

Кеше Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың Студенттер сарайында "Жергілікті өкілді орган – мәслихаттың қоғамдағы ролі” тақырыбында конференция өтті. Жиынға облыстық мәслихаттың 1-6 шақырылым аралығында сайланған депутаттар, қалалық және аудандық мәслихат хатшылары мен қалалық мәсли¬хат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдар мүшелері, облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қараша 2016 г. 676 0
Облыстық  медицина орталығы – тәуелсіздік  жылдарында

Облыстық медицина орталығы – тәуелсіздік жылдарында

Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы атты. Бүгінгі қазақ елі – бірлігі жарасқан, атағы әлемге белгілі мемлекет. Егеменді ел болып, тәуелсіздік атты ғажайып бақытқа ие болғанымызды мақтан тұтамыз. Тәуелсіз мемлекетіміз таңғажайып табыстармен қарыштап алға  ұмтылып келеді. Дамыған 30 елдің қатарында болу –  басты мақсатымыз. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қараша 2016 г. 1 536 0
Жастар жемқорлыққа қарсы

Жастар жемқорлыққа қарсы

Бүгін Қызылордадағы Мұз айдыны кешенінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы флэш-моб өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қараша 2016 г. 574 0
Маман кеңесі

Маман кеңесі

Мерез – созылмалы жұқпалы індет. Көбіне мерез жыныстық жолмен жұғады: Күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас арқылы әсіресе тері, кілегей қабықтарында жарақаттар болса. Мерезбен ауыратын адамның қанын дені сау адамға құю кезіндегі жұғуды – гемотрансфузиялық жұғу жолы деп атайды. Науқас анадан жатыр арқылы баласына жұғады, нәтижесінде туа біткен мерезге шалдыққан құбыжық нәресте дүниеге келеді – плацентарлы жұғу жолы. Ауыз қуысында мерездің жаралары болған жағдайда, науқастың сілекейі арқылы (сүйісу, бір ыдыстан су ішу, тіс щеткасын пайдалану арқылы). 
АҚПАРАТ 25 қараша 2016 г. 1 366 0
Қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары

Қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары

Қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу және адам шығынын болдырмау мақсатында төмендегі жағдайларды және ережелерді ескергеніңіз жөн. Көмірқышқыл газымен улану жағдайлары: 
АҚПАРАТ 25 қараша 2016 г. 1 299 0
«Тұлға тағылымы – ұрпаққа ұлағат»

«Тұлға тағылымы – ұрпаққа ұлағат»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында осы тақырыппен танымдық мазмұндағы дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Ол ұлттық қауіпсіздік және комсомол ардагері Абдат Бермұхамедұлы Бапалақовтың 70 жылдық мерейтойына арналды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қараша 2016 г. 605 0