Ата-бабамыз аңсаған тәуелсіздіктің таңы атты. Бүгінгі қазақ елі – бірлігі жарасқан, атағы әлемге белгілі мемлекет. Егеменді ел болып, тәуелсіздік атты ғажайып бақытқа ие болғанымызды мақтан тұтамыз. Тәуелсіз мемлекетіміз таңғажайып табыстармен қарыштап алға ұмтылып келеді. Дамыған 30 елдің қатарында болу – басты мақсатымыз.
Биыл Тәуелсіздігіміздің 25 жыл толуына бай¬ланысты елімізде ауқымды шаралар өтіп жатыр. Осы жылдар ішінде біз талай таңғажайып істердің куәгері болдық. Облысымызда әлеуметтік экономиканың даму нәтижелері, еліміздің тәуелсіздік кезеңінің тұсында болып жатқан өзгерістер, алға қойған мақ¬саттар көрсетіліп те, жазылып та жатыр.
Қазақ елі экономикасының көптеген салалары бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Соның ішінде денсаулық сақтау саласы ерекше орын алады.
Сырдағы денсаулық сақтау саласындағы өзгеріс¬тер, өрлеуі мен құлдырауы тәуелсіздік тұсында қайта қарыштауы біздің көз алдымызда.
Сөз жоқ, соңғы жылдары халықтың денсаулығы біршама жақсаруда. Оған себеп болған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен белгіленген «Денсаулық жылы», «Ауыл жылы», 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламалары аясында атқа¬рылған жұмыстар. Бұл орайда Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен қолға алы¬нып, «Астана қаласының медициналық кластері» бойынша жүзеге асырылған ұлттық медициналық кешенді ерекше атап өткен жөн. Осы кешен негізінде Үкімет қаулысымен «Ұлттық медициналық Холдинг» құрылып, оған кластер құрамындағы клиникалардың жұмысын бақылау міндеті тапсырылды. Мақсат – дүние жүзінде өмірге енгізіліп жатқан ең жаңа, ең озық технологияларды елімізге әкеліп, ел азаматтарының игілігіне жарату. Бұл тұрғыда холдинг өз жұмысын жүйелі жүзеге асырып жатыр. Сонымен қатар, қазіргі кезде ауруханаларды басқаруда біліммен қатар сапалы медициналық көмектің халықаралық стандартқа сай болуына назар аударылуы осы өрелі істі жүзеге асыру болып табылады.
Енді 2016-2020 жылдары «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа алып облыста біршама жұмыстар атқарылуда. Саланың негізгі мақсаттарының бірі – сапалы емдеу, алдын алу, емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық ба¬за¬сын нығайту. Осы тұрғыда айтатын болсақ, денсаулық сақтау саласы аймақ басшысы Қ.Көшербаев тарапы¬нан қолдау тауып, қамқорлық көрсетіліп келеді. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы басшысы А.Әлназарованың 2015 жылғы қорытынды сараптамасы бойынша, өткен жылы салаға 32,1 млрд теңге бөлініп, облыс бюджетінің 26 пайызын құраған. Осының аясында Қызылорда қаласында, Шиелі, Тереңөзек, Қармақшы, Жалағаш аудандарында жаңадан емханалар ашылып, 38 жаңа медпункт ауылдық жерлерде бой көтерді. Соңғы 5 жылда 375 санитарлық автокөлік сатып алынған, соның ішінде жылжымалы медкомплекс те бар. Туу көр¬секіштері де жоғарылады, 100 тұрғынға шаққанда 25,2 пайызға өсіп, немесе 19242 нәресте өмірге келіп, республикада үшінші орынға ие болдық.
Жалпы өлім көрсеткіші алдыңғы жылмен салыстырғанда 17,2 пайызға төмендеген, яғни, 5,1 пайызды құраған. Ана өлімі 42,4 пайызға тө¬мендеген. Облыс тұрғындарының орташа өмір сүру көрсеткіші 64,4 тен 71,9 пайызға өсті.
Медицина қызметкерлерімен облыс тұрғын¬дарының денсаулығын нығайту және сапалы ем¬деу шаралары қолға алынуда. Алайда бұл бағытта жетістіктердің, үміттердің, міндеттердің бар екенін айта келіп, басқарма басшысы саланы білікті мамандармен қамту күн тәртібінде тұрғанын ескерткен болатын.
Медициналық қызмет саласын жақсарту, ана мен бала денсаулығын, онкологиялық, жүрек және қан тамыры ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту – басты мақсат.
Сайып келгенде, мемлекетімізде тәуелсіздік тұсында облыс тұрғындарына медициналық көмек жылдан жылға жақсарып, денсаулық сақтау саласы алға қарай дамуда.
Сөзімізді нақтылап айтар болсақ: 1991 жылдың желтоқсан айының 1-ші бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендігі туралы» заңды қабылдады. Бұл күн ұлттық мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан, 16-17 желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс күндері болып табылады.
Осы жылы облыстық аурухана 240 төсек орындық типтік жүйеде (1967 ж.) салынған және қосымша 200 төсектік жатақхана есебіндегі ғи¬ма¬ратта орналасқан еді. Қосымша 350 орындық кон¬ференцзал және 500 адам бір мезгілде тамақтанатын асхана болды. Ауруханада 630 төсек-орын, 16 мамандандырылған 14 қосалқы бөлімшелер қызмет көрсетті. 114 дәрігер, 240-тан астам орта буын маман адам тағдырына араша болып жатты.
Көпсалалы облыстық аурухананың материалдық базасының құрылысы сонау еліміздің тәуелсіздік алған кезімен тұспа-тұс келді. Осы жылы облыстық көпсалалы аурухана кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасы жасалынды.
Облыстық кеңес беру консультативтік-диагностикалық орталықтың құрылысы қарқынды басталды. Жаңадан ашылатын көпсалалы аурухана құрылысын жүргізетін арнайы «Қазақболгарстрой» мекемесі ашылды.
1992 жыл
Облыстық консультативтік-диагностикалық орталықтың құрылысы аяқталып, 4 желтоқсан күні ҚР Денсаулық сақтау министрі В.Н.Девятконың қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Орталықтың ашылуы аурухананың қосымша бөлімшелерінің көбеюіне және диаг¬ностика жұмысының жақ¬саруына көп көмегін тигізді. Осы жылы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев облысқа келіп, диагностикалық орталықпен танысты. Орталыққа облысқа ат басын тіреп келген әлемдік тұлғалар, белгілі мемлекет, қоғам қайраткерлері, шет елден келген қонақтар өздерінің қолтаңбаларын қалдырып, ризашылығын білдіріп жатты.
ҚР Министрлер кабинетінің 1992 жылы 25 наурызда №280 «Арал өңірінде тұратын тұр¬ғын¬дардың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жағдайын жақсарту шаралары туралы» қабылданған қаулысына байланысты көпсалалы аурухана құрылысына қаржының көзі табылып, Болгария мемлекетінің «Главболгарстрой» мекемесі құрылыс салуды бастады.
1993-1997 жылдар
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында денсау¬лық сақтау саласы көптеген қиын¬дықтарға ұшы¬рады. Облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық емха¬наларда төсек саны қысқарыла бастады.
Акушерлік-фельдшерлік пункттер то¬лық жа¬был¬ды. Облыстық ауруханадағы 630 төсек-орын¬ның 130-ы қысқартылды. Осы өтпелі ауыр жыл¬дары дәрігерлер, мейірбикелер жұмыстарын тас¬тап, басқа салаға ауысуға мәжбүр болды. Бар¬лық жерде зейнеткерлер зей¬нетақысын, жұмыс¬шы қызметкерлер жал¬ақы¬сын кешіктіріп алып жатты. Аурухана мен емхана базаларында жөндеу жұмыстары тоқтады. Осы жылдарды ҚР Денсаулық сақтау министрі В.Н.Девятконың араласуымен және АҚШ елшісі Уильям Кортни арқылы Қызыл¬орда облысының 7 ауруханасына шамаға бағасы 1,2 млн доллар болатын 18 тонна дәрі-дәрмек гуманитарлық көмек ретінде алынды.
1994 жылы София қаласында «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жиналысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі атынан осы жолдар авторы делегат болып қатысып, «ҚР экология жағдайы туралы» ақпарат жасаған болатын.
ҚР Министрлер кабинетінің 1994 жылғы 20 мамырда № 543 «Көпсалалы аурухана құ¬рылысын жүргізуге байланысты, оны орын¬даушылармен есептесу үшін қаржы бөлу» туралы қаулысы жарық көрді. Нәтижесінде аурухана құрылысын кезек-кезегімен пайдалануға мүмкіндік туды.
1998-1999 жылдар
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 18 желтоқсан 1998 жылы ОМО-ның ашу салтанатына қатысты. «Глав¬бол¬гарстрой» мекемесінің президенті С.Пешовтен салтанатты рәсімде сол тұста орта¬лық директоры қызметін атқарып жүргендіктен символикалық кілт алдым. Жаңадан ашылған бірінші кезекте 380 төсек орындық ОМО ғимаратына 200 орындық қалалық балалар ауруханасы көшірілді.
1996-1998 жылдары көпсалалы ауруханаға Үкіметтен және облыс бюджетінен 24 млн. АҚШ доллары жұмсалды. Облыс әкімі Б.Сапар¬баевтың шешімімен ауруханаға қажетті дүние-мүлік алуға 1 млн теңге қаражат бөлінді.
Аурухана айналасын көгаландыру жұмысы қарқынды жүріп жатты. Салауатты өмір салты мақ¬сатында, қызметкерлерге ашық стадион, теннистік корт салынды. Сыйымдылығы 30 автокөліктен тұратын автотұрақ іске қосылды.
2000-2001 жылдар
Қазақстан Республикасы Премьер-Ми¬нистрі Қ.Тоқаев және ҚР Ден¬сау¬лық сақтау министрі Ж.Досқалиев, облыс әкімі С.Нұрғисаев облыстық ау¬рухана ғимаратын аралап, танысып шықты. Қызылорда қаласына Болгария мемлекетінің бір топ делегациясы келіп, осы жылы көпсалалы аурухана құрылысы толығымен аяқ¬талып, екі ел арасындағы алыс-беріс есебі толық шешілді.
2002-2003 жылдар
Қазақстан Үкіметінің басшысы И.Тасмағамбетов аурухана ғимаратын аралап, біздердің өтініштерімізді орындауға көмегін беретінін жеткізді. Осы жылдарда ОМО ғимаратында 100 орындық перинаталды орталықтың ашылу салтанатына ҚР Денсаулық министрі Ж.Досқалиев қатысты. ОМО мұражайының ашылу салтанаты болып, 150 жылдық мерейтойға арналған «Денсаулықтың ақ ордасы» атты кітаптар жарық көрді.
Қазақстан мен Жапония Үкіметтерінің келісімі нәтижесінде ең ірі жоба – облыстық медицина орта¬лығына құны 3 млн 800 мың АҚШ доллар бола¬тын медициналық құрал-жабдықтары грант түрінде алынды.
2005-2006 жылдар
ОМО-ға академик М.Әлиев арнайы келіп, ғима¬ратты аралап, ауруларға консультативтік көмек көрсетті. Ауруларға ота жасалынды.
1939-1957 жылдар аралығында облыстық ауру¬ханада бас дәрігер болып қызмет атқар¬ған про¬фессор А.С.Ыдырысовқа арналған сал¬танатты жиын болды. Жиынға баласы про¬фессор А.А.Ыдырысов және келіні Р.А.Ыды¬рысовалар қатысты.
ОМО-ға жаңадан 2 «Хюндай» маркалы «Жедел жәрдем» көлігі алынды.
Осы жылы «Көрікті қалам Қызылорда» қала¬лық мерекелік безендіру байқау конкурсы бойынша «Ең үздік безендірілген денсаулық сақ¬тау саласының ғимараты» номинациясында ОМО дипломмен марапатталды.
ОМО ғимаратының алдында «Дәрігер мейірі» символикасы бой көтерді.
2007-2008 жылдар
ОМО-да телемедицина орталығы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, облыс әкімі Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлының қатысуымен ашылды. Кейіннен аурухана ғимаратымен Германия мемлекетінің елшісі Ан¬дреас Р.Кертинг және облыс әкімі Б.Қуандықов аралап, өз пікірлерін ортаға салды.
ОМО-ның сыртқы су жүйелері пластикалық құбырларға ауысты¬ры¬ла басталды. Жаңадан оттегі станциясы сатып алынды. Осы жылы ОМО-ның кеңесшісі, осы жолдар авторы «Об¬лыстың «Құрметті азаматы» атанды.
2009 жыл
Бұл жыл ОМО-ның даму жолында айрықша жыл болды. Себебі, осы жылы ОМО-ның құрамында кардиология орталығы, нәрестелердің жансақтау бөлімшесі, күндізгі емде¬летін 25 төсек-орын бөлімі, ангиографикалық бөлімдер ашылып, осы бөлімшелерге 70867950 тең¬геге құрал-жабдықтар алынды. Оқу орталығы ашылды. ҚР Денсаулық сақ¬тау ми¬нистрлігінің бас кардиохирургы, про¬фессор Ю.В.Пя және Литва республикасы Каунас қала¬сы¬нан профессор Р.Бенетистің қаты¬суымен ашық сабақтар өтті.
«Аймақтағы хирургия саласы¬ның өзекті мәсе¬лелері мен даму сатылары» ғылыми-тәжірибелік кон¬ференция өткізілді. Жаңа технология енгізу бойынша үздік аурухана атанды. «Omc-kzo.kz» сайты және жабық спорт кешені ашылды.
2010-2011 жылдар
ОМО-да компьютерлік және магнитті резо¬нанстық томография кабинеті ашылды. Ашылу салтанатына ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайыр¬бекова қатысты. КТ мен МРТ-ның арнайы ғимарат құрылысына белгілі азамат М.Нәлібаев басқаратын «Марсель Петролеум» ЖШС мерді¬герлік көмегі негіз болды.
Осы жылдары ОМО-да нейроинсульт орталығы, ерлер денсаулығы орталығы және гемодиализ бө¬лім¬шелері ашылды.
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына «Қызыл¬орда облыстық медицина орталығы» атты кітап шыға¬рылды. Кітапта ОМО ұжымының табыстары және де облыс бойынша халыққа көмек көрсетудің даму болашағы көрсетілген. Сонымен қатар, «Дәрі¬гер парызы» атты кітап жарық көрді. Көз ауру бөлім¬шесі ҚР «Үздік клиника» номинациясымен марапатталды.
Медицина қызметкерлеріне арналған 50 пәтерлік тұрғын үйдің бірінші кірпішін қалау рәсімі салтанатты түрде өтті.
ОМО бизнестік әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2011» конкурсына қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.
2012 жыл
Медицина қызметкерлеріне арналған 50 пә¬тер¬лік үйдің ашылу салтанаты облыс әкімі Б.Қуандықовтың қатысуымен өтті. Қала әкімі М.Жайымбетов 50 пәтерлік үйдің кілтін ОМО директоры Н.Табынбаевқа табыс етті.
«Бүгін сен алда, ертең барлығы» атты бағдар¬лама бойынша ҚР бойынша ОМО үздік атағына ие болды.
Осы жылы С.Асфендияров атындағы Қа¬зақ Ұлттық медицина университетінің рек¬торы А.А.Ақанов, М.Оспанов атындағы Ақ¬төбе мемлекеттік медицина ун謬¬¬вер¬¬ситетінің ректоры Е.Ж.Бек¬мұхамбетов, Б.О.Жар¬босынов атындағы урология ғы¬¬лыми орталығының ди¬ректоры М.К.Алшынбаев, А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орта¬лығының директоры Ж.Арзықұлов, Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының директоры Қ.Нұрғазиновтар ОМО-да бас қосып, жоғары аталған институттардың филиалын ашу мәселесі талқыланды.
2013 жыл
ОМО-да облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевпен, академик А.Аганбегянмен кездесу өтті. ҚР Денсаулық сақтау министрі С.З.Қайырбекова ОМО-ға қызметтік сапар¬мен келді.
Осы жылы жүйке реабилитациялық нау¬қастарға арналған алаң ашылды.
ОМО-ның ардагерлер кабинетінің ашылуы¬на облыс ардагерлер қоғамының төрағасы С.Шау¬ха¬манов қатысып, тілегін білдірген бола¬тын.
ОМО-ның 160 жылдығына арналған кітап жарық көрді. ҚР бойынша ересектерге арналған көпсалалы аурухана арасында 2013 жылдың рейтингі бо¬йынша Қызылорда облыстық меди¬циналық орта¬лығы бірінші орынға ие болды.
2014 жыл
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік ¬да¬му министрі Т.Дүйсенова іссапармен келіп, ОМО тынысымен танысты. Қазақ тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шарманов облысқа іссапармен келіп, мамандармен кездесті. ОМО-ның 160 жылдығына орай «Медицина тәжірибесіндегі жаңа инновациялық технологиялар» тақырыбымен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Осы мерейтойға арналған төс¬белгі шығарылып, 80-нен астам қызметкер мара¬патталды. Олардың ішінде үздік дәрігерлер, жыл стипендиаттары, денсаулық сақтау үздіктері, ОМО-да көп жылдар еңбек сіңірген дәрігерлер, медби¬келер, кіші буын қызметкерлері бар.
Осы жылы ОМО-да бірінші рет бүйрек ауыстыру отасы сәтті өтті. Мастер-класс Ресейден келген профессор В.Горбачевскийдің қатысуымен өткізілді.
2015 жыл
Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың қатысуымен облыстық медицина орталығында С.Ас¬фендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің филиалы ашылды.
Орталықтың ашылуына С.Асфендияров атын¬дағы Қазақ Ұлттық медицина универси¬тетінің ректоры А.А.Ақанов, профессорлар В.Н.Девятко, А.Дүйсекеев, Мырзабековтер қа¬тысты.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А.Біртановпен кездесуде «Ден¬саулық 2016-2020 жж. мемлекеттік бағдарламасы» таныс¬тырылды. Сонымен қатар «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның жергілікті жерлерде медици¬налық ұжымдар арасында кеңінен насихатталуы туралы айтылды.
Осы жылы ОМО қарамағында біріккен «Call-орталығы» ашылып, ауруханаға бірінші дәрежелі санат беріліп, 3 жыл мерзімге аккре¬диттелген деп саналды.
2016 жыл
Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың қаты¬суы¬мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өтті. Облыстық ден¬саулық сақтау басқар¬масының басшысы А.Ш.Әлназарова баяндама жасап, жіберген кем¬шіліктерге, жеткен жетісіктерге, алдағы уақытта шешілетін мәселелерге тоқталды. Отырыста аймақ басшысы дәрігерлердің жауап¬кершілігін арттыру мақсатында халық алдында міндетті түрде есеп беріп отыруын тапсырды. Сонымен қатар, саланы дамыту мәселелері ерекше назарда болып, сала басшылары мен аудан, қала әкімдері алдында бірқатар міндеттер қойылғаны, денсаулық сақтау саласындағы мақсатты жұмыстар сараланып, ең бастысы медициналық сапалы қызмет көрсету уақыт талабына сай, қолдау табатыны да ескертілді.
ОМО-ның құрамында офтальмология орталы¬ғының ашылу рәсімінде облыс әкімі Қ.Е.Көшербаев және Қазақ ғылыми-зерттеу көз аурулары институтының директоры, профессор Т.Ботабекова тілек білдіріп, орталықтың ашылуымен құттықтады. Академик Қ.С.Ормантаевтың 80 жасқа толуына байла¬нысты ОМО-да кездесу ұйымдастырылды.
ОМО-да Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандары нейроинсульт орталығының жұмыстарымен танысты. Ауруханада элек¬тронды медициналық науқас тарихы енгізіліп, медициналық орталық «Сала көшбасшысы» халықаралық сертификатын иеленді. Сонымен қатар «Жыл инновациясы» номинациясында 500 мың теңге көлемінде облыс әкімінің гранты тапсырылды.
Бүгінде ОМО-да 63 мамандық бойынша медициналық және дәрігерлік қызметке мемлекеттік лицензиясы бар, 30 маман¬дандырылған бөлімшелерде тәулік бойы стационарлық көмек беріледі. 37 қосымша бөлім және косалқы бөлімшелер қызмет атқаруда. ОМО жанында 3 орталық: кардиологиялық, нейроинсульттік және көз ауруларын емдеу орталығы жұмыс жасауда.
2010 жылы ОМО-дағы орын саны 780 кереуетті құраса, 2016 жылдың 1 қаңтарына 675 болып, жылдан жылға кеміп келеді. Осыған орай бөлімшелер ықшамдалуда. Бұл емделушілердің стационарлық жату мерзімінің төмендеуі мен жоғары техникалық және кіші инвазивтік медициналық жабдықтарды кеңінен пайдалануға тікелей байланысты.
ОМО бойынша соңғы жылдары жаб¬дық¬талған кіші инвазивті және жоғары тех¬¬нологиялық ангио¬граф, КТ, МРТ, лапаро¬скопиялық тіреулер, орталық микроскоптар, литотрипияға арналған аппараттар, тәулік бойынша қолдану, ЖММК көмек көрсетуге тікелей әсерін тигізуде.
Біздің байлығымыз, әрі мақтанышымыз – ұжым мүшелері болып табылады. Орталықта бүгінде 1350-ге тарта қызметкер, оның ішінде 205 дәрігер, 540-тан астам орта буын медицина мамандары жұмыс атқаруда.
Өткен ширек ғасырда көптеген білікті мамандарымыз ҚР «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Жыл дәрігері», «Жыл стипендиаты», «Алтын дәрігер», ҚР Тәуелсіздігінің мерекелік медальдарымен мара¬патталған болатын.
«Денсаулық» 2016-2020 бағдарламасын басшы¬лыққа алып, біріңғай ұлттық денсаулық жүйесінің ая¬сында ұжым мақсатты жұмыс жүргізуде. Біз¬дің міндетіміз – ХХІ ғасырда ең озық деген 30 ел¬дің қатарында болу. Осыған байланысты ОМО ұжымының алға жасар адымы да, орап алар ауқымы да зор.
Баса айтар болсақ, соңғы жылдары маман¬дардың республикадағы алдыңғы қатардағы ауруханалар мен шетелдік әріптестерімен байланыста болып, мастер-класс сабақтарын өткізіп, білімін көтеріп, жылдар бойы тәжірибелерін байытып, жаңа техно¬логиялық озық әдістерді меңгеріп келеді.
ОМО-да ішкі аудит жұмысына байланысты, медициналық карталарды стандарттарға сәйкес жүргізу үлесі жылдан жылға артуда. 2013 жылы менеджерлердің белсене араласуымен халықаралық стандарттар талабына сәйкес пациент пен қызметкерлер қауіпсіздігін сақтау жұмыстары басталған болатын.
Орталық жұртшылықтың көңілінен шығып, уақыт талабына сай жылдан жылға даму жолында келеді. Бүгінгі «Облыстық медицина орталығы» Сыр елінің мақтанышына айналды деуге болады. Аурухана ұжымының бүгінгі күнгі қол жеткізіп отырған толағай табыстары – ұжым мүшелерінің бір мақсатта атқарылған еңбектерінің жемісі.
Осы күнге дейін ОМО-ға келетін мәртебелі меймандар толастаған емес. Орталықпен танысуға келгенде Қазақстан халық жазу¬шысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің: «Мына хан сарайындай ғажап ақ орда – орталық медициналық ғимаратына қатты таңырқап тұрмын. Бұл құдіретті күшті Құдайдың менің жерлестеріме де рахымы түсіп, оң көзімен қарап, адам айтса, нанғысыз тарту еткен бір кереметі әрі тамаша сыйы болар. Сіздермен бірге бүгін мен де һәм қуанамын, һәм мақтанамын! Әлемдік үлгімен салынған ақ халаттылардың ақ ордасы құтты болғай!» дегені бар.
Жоғарыда айтылған облыстық денсаулық сақ¬тау саласында, оның ішінде ОМО-да ай¬тылған жетістіктеріміз егеменді еліміздің, тәуелсіздігіміздің жемісі болып табылады.
Бостандық, бірлік, тұрақтылық, өркендеу секілді құндылықтардың арқасында қол жеткен тәуелсіздік – біздің басты байлығымыз.
Осы еліміздің тәуелсіздігінің арқасында облы¬сымызда денсаулық сақтау саласында шешімін тауып, халықтың игілігіне тиянақты істер атқары¬лып жатқаны жұртшылыққа аян болса керек. Ден¬саулық сақтау саласының қазіргі деңгейі кәсіби шеберліктің ұдайы өсуін қалайтындығы ешқандай күмән келтірмейді.
Дегенде, біздің мамандар өмір мен өлім кү¬ресі¬нің ішінде біте қайнап, қолдарынан келген медициналық көмектерін жан және тән дертіне шалдыққан азаматтардың қиналысын жеңілдетуге аянбай атсалысып келеді. ОМО қабырғасынан мыңдаған науқас жазылып, отбасына оралып, тіршіліктерін жалғастырып, бақытқа бөленуде.
Айналып келгенде, барлық саланың, оның ішін¬де, денсаулық сақтау саласының дамуы, өрлеуі елдегі бейбітшіліктің, бірліктің арқасы болса керек.
Тұрғанбай МАХАНОВ,
республикаға еңбегі сіңген дәрігер.