Қызылорда қаласында Конституция мерекесіне арналған шаралар жалпыхалықтық деңгейде өткізілуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 тамыз 2014 г.
827
0
Жалағашта кәсіпкерлікті қолдаушы қаржы институттары мен екінші деңгейлі банк өкілдері бас қосты. Олар аудандағы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламаларды насихаттау және несие алу бағытындағы жеңілдіктерді түсіндірумәселелерін сөз етті.
АҚПАРАТ
30 тамыз 2014 г.
906
0
Биыл колхоз құрылысының ардагері Нұрыш Жұдабаевтың туғанына 100 жыл толды. Өткен ғасырда Перовск уезінің Кеңтүп болысында өмірге келген ол өзінің еңбек жолын 1929 жылы Қызылорда кірпіш зауытында жұмысшы болудан бастады. Отызыншы жылдардағы ашаршылық кезіндегі халықтың көршілес елдерге ауа көшуінен тысқары қала алмаған жас Нұрыш өз ырыздығын 1931-1934 жылдары Тәжікстанның Қорғантөбе ауданындағы "Бақшы” ауылынан теріп жеді. Кісі елінде сұлтан болғанша өз елінде ұлтан болуды көздеген ол туған топырағына оралып, Сырдария ауданы Ленин атындағы ұжымшарда есепші қызметін атқарды. Сұрапыл соғыс жылдарында кеңес әскері қатарында борышын өтеді, аудан ұжымшарларында есепшілік қызмет атқарды.
ТАҒЫЛЫМ
30 тамыз 2014 г.
1 128
0
Екінші дүниежүзілік соғыс еліміз үшін ауыр тиді. Қаншама отбасының шаңырағы ойрандалды. Бірі атадан, бірі ағадан, енді бірі інісінен айырылды. Ал, дүние есігін ашып, жан-жағын енді біле бастағандар балалықпен ерте қоштасты. Сондықтанда болар, әкеге, бауырға деген сағыныш пен тағдыр тауқыметінің кермек дәмі осы жылдары еңбек еткен әрбір жанның есінен кетпесі анық.
ТАҒЫЛЫМ
30 тамыз 2014 г.
1 562
0
Тоқсан жастың төріне шыққан Бөрібай ақсақал әлі тың. Сонау жылдардың естелігін жадында жаңғыртқанда ай-күнінен еш жаңылмайды. Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылы Сырдария ауданына қарасты Аманкелді ауылында дүниеге келген Бөрібай ауылдағы "Зіңкетер” бастауыш мектебінде сауатын ашып, кейін қаладағы "І Май” мектебінде оқиды. Бүкіл елге жұт боп келген 1932-ші жыл бұл отбасын да айналып өтпеді. Әке-шешесінен бірдей көз жазған Бөрібай жетім балалар үйінде тәрбиеленді. Еті тірі жасөспірім жетіжылдық біліммен ауылшаруашылық техникумына оқуға түсіп, 1940 жылы агроном-химизатор мамандығын алып шығады.
ТАҒЫЛЫМ
30 тамыз 2014 г.
1 316
0
Пайғамбар үмбетімін - Алла құлы, Тараған Кішкенеден – Майдан ұлы, Баласы Айдарбектің Жұмабекпін, Келгенмін дүниеге барыс жылы.
ӘДЕБИЕТ
30 тамыз 2014 г.
1 989
0
Конституция кіріспесіндегі: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз», — деген сөз еліміз ұстанып келе жатқан стратегиялық бағдарламаның басты кепілі деуге толық негіз бар.
ҚОҒАМ
30 тамыз 2014 г.
852
0
Егеменді еліміздің Ата Заңы (Конституция) өзінің ең алғашқы бабын Қазақстанның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары, бостандығы деп бастайды. Адам баласы үшін бұл құндылықтардан асқақ не бар? Біздің ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен белдескендегі қол созған ақ арманы осы тәуелсіздік, бостандық болатын. Ендеше, тәуелсіздігімізді паш ететін ең басты құжатымыз – Ата Заңымыздың қабылданған күні барша қазақстандықтар үшін орны толмас қуанышты күн болып табылады.
ҚОҒАМ
30 тамыз 2014 г.
905
0
Қазақстан дербестік жолына түскен күннен бастап құқықтық мемлекет идеясын қабылдады. Құқыққа мойынсұнып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді алдына мақсат етіп қоя білген жас мемлекет осындай сипатымен ерекшелене білді. Қазақстан аумағында тұратын халық барлық жағынан ашық болып, әртүрлі діни, саяси және экономикалық жолдардың қиылысында ештеңеге қарамастан өзінің ішкі тәуелсіздігін сақтап қалды. Мемлекет – бұл тек аумақ, ал азаматтардың бірлігін, билік институттарын, сонымен қатар ұрпақтардың тәжірибесі мен жақсы болашағының үмітін жұмылдыратын – Конституция. Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы айтатын болсақ, Қазақстанға тәуелсіздік алуға, тиісінше қолданыстағы Конституцияны қабылдауға вектор болып табылатын кейбір тарихи сәттерді атап өткен жөн.
ҚОҒАМ
30 тамыз 2014 г.
1 781
0
Күнделікті тірлігіміздің әрбір тіні еліміздің Ата Заңының аясында оң шешімін тауып, қандай да бір жетістіктерге жетуге септігін тигізіп жататыны жасырын емес. Яғни, мұндай игілікті істердің Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастау алатыны белгілі. Оны кім қалай түсінеді? Осы ретте бірнеше мамандық иелерімен пікірлескен едік.
ҚОҒАМ
30 тамыз 2014 г.
1 782
0