« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Жұмабек ӘМІРБЕКҰЛЫ, қызылордалық жеке кәсіпкер:
– Жеке кәсіпкерлікпен айналысқаныма он шақты жылдың жүзі болды. Кеңестік кезеңде автокөлік мекемесінде жүргізуші болдым. Кейін нарықтық қатынастарға орай жеке тірлік жасауды қолай көрдім.
Конституцияның 24-бабы, 1-тармағында "Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін таңдауына құқығы бар” деп көрсетілген. Дегенмен, кәсіпті таңдау – жартылай іс, бастысы – нәтиже.
Қазір иелігімде бес-алты ауыр жүк көліктері бар. Демек, осынша жүргізушіге нәпақа тауып беріп отырмын. Жүк көлігі болған соң жұмыс табу оңай емес. Өңірдегі мұнай-газ саласының мекемелерімен келісім-шарт бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Шүкір, кәсібімде нәтиже бар.
Жәнібек МОЛДАБЕК, Қызылорда көлік прокурорының аға көмекшісі:
– Қазіргі қолданыстағы Ата Заңымыздың басты құндылығы – республиканың өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік деп жариялауымен қатар, өзінің ең қымбат қазынасы – халық екенін айқындап берді. Өйткені, адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары сияқты өмірлік маңызы зор міндеттердің реттелуі үнемі Ата Заңымен ұштасып жатады.
Әрбір мәдениетті, білімді халықтың саналы азаматтық деңгейін көрсететін нақты өлшемдердің бірі – халықтың өзіндік құқығы мен төл заңдарының болуы. Қыраны көкке самғап, туы биікте желбіреген тәуелсіз еліміздің Ата Заңы адамзат баласының жүздеген жылдар бойы қалыптасқан құндылықтарын бойына сіңірді. Қазақстан Республикасының Конституциясы бабалардың даналығы мен қазіргі заманның рухын бірлестіріп, үйлестірген, жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың тегіне қарамастан бекіткен құжат болды.
Конституция аясында қабылданған көптеген заңдар қоғамдық өмірдің әр саласында тиімді қолданылып, ел тыныштығы мен ұлт бірлігінің бекуіне ықпал етті, экономиканың өрлеуі мен халықтың әл-ауқатының жақсаруына жол ашты. Өз басым Ата Заңымызды елдің жарқын болашағының кепілі ретінде қастерлеймін және оның талаптарын бұлжытпай орындау арқылы қоғамның өркендей беретініне сенімдімін.
Орынбай ӘБДІКЕРОВ, Арал ауданындағы №19 орта мектептің мұғалімі:
– Қазақстан Республикасының Конституциясындағы саяси-әлеуметтік және құқықтық міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мақсаттар тәуелсіз Қазақ елінде қай салада болсын жемісті жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда саясаты салмақты, экономикасы еңселі, халқы тату еліміз Ата Заңның аясында өркениетті елдермен терезесі тең өмір сүруде. Әсіресе, мемлекетімізде азаматтардың, яғни, Ата Заңымыздың арқасында барлық азаматтың толық та сапалы білім алуына жағдай жасалған.
Соңғы жылдары еліміздің білім саласы оң өзгерістермен ерекшеленуде. Соның бір дәлелі, қазір елімізде заманауи талаптарға сәйкес келетін жаңа білім беру ошақтарының көбейіп жатқандығы. Дәстүрі берік өзім еңбек ететін мектепте де оқушылар жаңаша оқу әдісімен білім алуда. Пәндік кабинеттердің барлығы сұраныстарға сәйкес келеді. Жыл сайын ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдау бағытындағы жұмыстар да оң жолға қойылған. Шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде бүгінге дейін жеткен жетістіктеріміз де аз емес. Өскелең ұрпаққа тәрбие беру ісіндегі мұндай жетістіктер біздерді, ұстаздар қауымын, алдағы күндері атқарылар істердің нақты бағытын айқындап, күш-қайратымызды жігерлендіре түседі. Міне, Ата Заңымыздың арқасында қол жеткізіп жатқан жақсылықтарымыздың бір мысалы осындай.
Сауалнаманы жүргізген Бақтыбай СМАЙЫЛҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |