« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Конституцияда еліміздің көпұлтты құрылымы, оның себептері мен тарихи жолы ескеріліп, ұлтаралық қатынас мәселелері мен оған қойылатын міндеттер де айқын көрсетілген. Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық бірінші орынға қойылды. Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң – мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығының ұйымдастыруымен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада өткен «дөңгелек үстел» отырысына қатысушылар осындай ойларын жеткізді.
Еліміздің басты құжатының маңызы жайлы «дөңгелек үстелге» қатысушы "Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жандос Базартай, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың жас ғалымдары Нұрлыбек Мыңжас пен Ғани Байұлы, "Жас Отан” жастар қанатының атқарушы хатшысы Еркебұлан Меңлібаев, сондай-ақ ұлттық-мәдени орталықтар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері пікірлерін білдірді. Олар сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясының елдің саяси өміріндегі айрықша орынға ие екенін атап өтті. Бұл қоғамдық институт конституциялық статусқа ие және өз өкілдерін Парламент Мәжілісі мен Сенатына жіберу құқығы бар. Ассамблея еліміздегі ұлттар мен діни конвенциялар арасындағы өзара түсіністік пен татулық қарым-қатынасқа лайықты үлес қосуда.
Бақтыбай БЕРДІБАЕВ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |