« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Кеңейтілген мәжілісте аудан әкімі Т.Дүйсебаев мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар аясында атқарылып жатқан ауқымды істерді егжей-тегжейлі баян етті. Саралап айтар болсақ, мемлекеттік "Агробизнес-2020”, "Сыбаға” бағдарламалары аясында ауылшаруашылық саласында серпіліс бары байқалады. Яғни, егістік алқаптары жыл өткен сайын етек жайып келе жатса, төрт түлік мал басы да көбейе түсуде. Ет-сүт өнімдерін өндіру ғана емес, өңдеу жұмыстарына да бетбұрыс жасалуда екен.
Ал, "Бизнестің жол картасы-2020” мен "Жұмыспен қамту-2020” жол картасы бағдарламасы шеңберінде аудан тұрғындарына қалтқысыз қызмет көрсететін 90 орындық "Жасұлан” балабақшасы, "Ақжол” қонақ үйі, "Ай-ару” техникалық қызмет көрсету орталығы, 50 орындық "Ақ-Селеу” атты қоғамдық моншалар жұмыстарын бастап кетті. Сондай-ақ, аудан тұрғындары арасындағы жұмыссыздық деңгейі де төмендеп келеді.
Басқосуда "Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ Қызылорда облысы филиалының директоры Ж.Матаев "Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы туралы ақпарат берсе, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Д.Абсаттаров кәсіпкерлерді қолдау бағытындағы қызметтер туралы баян етті.
Сондай-ақ, "АгроНесиеКорпорациясы”, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры”, "ҚазАгроҚаржы” акционерлік қоғамы, "Қазақстан Республикасы стандарттау және сертификаттау институты және екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалының басшылары да өз салалары бойынша кәсіпкерлерге мол мағұлматтар берді.
Е.АҚҚАЛИҰЛЫ.
Жалағаш ауданы.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |