112 мыңнан астам бүлдіршін бір мезетте Әнұран шырқады

112 мыңнан астам бүлдіршін бір мезетте Әнұран шырқадыҚызылорда қаласында Конституция мерекесіне арналған шаралар жалпыхалықтық деңгейде өткізілуде.
Мерекеге мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер де атсалысуда.
29 тамыз күні қаладағы 124 балабақша және шағын орталықта бір мезетте Мемлекеттік Әнұран орындалды. 
Аталмыш шараға 12 мыңнан астам бүлдіршін қатысты. Мұндағы мақсат – жас ұрпақты патриоттық бағытта тәрбиелеу және ұлттық рәміздерді қастерлеуге баулу.
Ал 30 тамыз күні қоғамдық көлік жүргізушілері мен кассирлері жұмыс күндерін Мемлекеттік Әнұранмен бастайды.
Мұнан өзге, мереке күні қаладағы барлық мектептер мен балабақшаларда радиоконцерт берілетін болды.   


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 тамыз 2014 г. 801 0