ЕГЕМЕНДІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

Қазақстан дербестік жолына түскен күннен бастап құқықтық мемлекет идеясын қабылдады. Құқыққа мойынсұнып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету­ді алдына мақсат етіп қоя бі­лген жас мемлекет осындай си­патымен ерекшелене білді. Қа­зақстан аума­ғында тұратын ха­лық барлық жағынан ашық болып, әртүрлі діни, сая­си жә­не экономикалық жолдар­дың қиы­лысында еште­ңе­ге қара­мастан өзі­нің ішкі тәу­елсіздігін сақтап қалды.

Мемлекет – бұл тек аумақ, ал азаматтардың бірлігін, билік инс­титуттарын, сонымен қатар ұр­пақ­тардың тәжірибесі мен жақ­­сы болашағының үмітін жұ­мыл­дыратын – Конституция. Қа­зақстан Республикасының Конс­титуциясы туралы айтатын бол­сақ, Қазақстанға тәуелсіздік алуға, тиісінше қолданыстағы Конс­титу­цияны қабылдауға век­тор болып табылатын кейбір тарихи сәттерді атап өткен жөн.

Қазақстанда конституциялық құрылыс идеялары өз қайнар кө­­зімен ғасырлар бойы жалға­сын та­ба бермек. Олардың қа­лып­та­суына «Қасым ханның қасқа жо­лы», «Есім ханның ескі жо­лы»сияқты XV-XVIII ға­сыр­лардың заңдар жинағы маңыз­ды рөл атқарады.

Қазақстанның конституция­лық құрылысының тарихында бес Конституция болған, со­ның ішінде қазіргі қолданыс­та­ғысы1995 жылғы Конституция. Қазақстанда Конституциялар 1926, 1937, 1978 және 1993 жыл­да­ры қабылданды. 1917-1919 жылдары қолданыста болған Алаш үкіметінің бағдар­ла­малық құжаттарындағы ата заң­дық шы­найы ұғымға ие болды. Алаш­­­тың бағдарламасында Ре­сей демократиялық Феде­ра­­тив­ті Республика болуы ти­іс, сол кез­де оның құрамына Қа­зақстан кір­ген, әр бөлек мем­­лекет авто­номды және біркел­кіқұқықта өзін-өзі басқарады депанық тұжы­рымдалған.

Қазақстанда сол кезде конс­ти­­туциялық құрылыс идеялары пай­да болды. Бірақ оларды іске асыруға мүмкіндік болмады. 1920 жылы қабылданған «Қыр­ғыз (Қазақ) АКСР еңбек­шіле­рі­нің құқықтық деклара­ция­сы» де­мо­кратиялық норма­лар­дан әл­де қайда алыс бол­ды. Ол құ­жат әлеуметтік төзім­сіз­дік­пен толып, «класстық көз­­қа­рас­қа» негізделді. 1926 жы­лы қа­былданған бірінші қа­зақ­стандық Конституцияның жо­­­ға­рыдағы декларациядан еш­қандай өзгешілігі болған жоқ. Ол мазмұны және нысанымен РКФСР Конституциясына сәй­кес келіп, декларацияның бар­лық ере­желері енгізілген бо­ла­тын. Қа­зақстан Кеңес Фе­дера­циясының субъектісі мәртебесін алса да, нақ­ты, заңды түрде де тәуелсіздігі мен ата заңдығына ие болған жоқ. Мұнан кейін 1937 жылдың 26 нау­­рызында Ке­ңестердің Х бү­кіл­­қазақтық съезі Қазақ КСР-ның Конс­ти­туциясын қабылдады. Бұл құ­жатта Конституцияның тұ­­жы­­рым­дары мен нақты өмір ара­­­сындағы айырмашылық адам­­дар­дың мемлекетке сен­беуі­не, одан оқшаулануына әкеп соқ­ты. Ал, 1978 жылы КСРО Конс­титуциясы, сосын одақ­тас рес­публикалар Консти­ту­ция­лары қабылданды. Қа­зақстан үшін бұл социалистік типтегі соң­ғы Конституция болды.

1993 жылы Қазақстан Рес­­пуб­­ликасының тұңғыш Конс­ти­туциясы және қазіргі қолда­ныс­тағы 1995 жылғы Консти­туцияның қабылдануымен тәуелсіз мемле­кет ретінде біздің еліміздің конс­титуциялық ресімдеуінің қа­лып­тасуы аяқталды.

Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру – қайшылықты, ұзақ та күрделі про­цесс. Бұл біздің жас мемле­кетіміздің аяғынан қаз тұру жо­лынан да жақсы байқалады. То­та­литарлық жүйеден де­мокра­тиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі ай­қын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының ал­дын­да ең алдымен Қазақстан мем­ле­кетінің егемендігі мен тәу­елсіздігін қорғау міндеті тұрады.

Бұл орайда демократияны да­­мыту – меншік қатынастарын ре­­формалау мен нарықтық эко­но­­микаға өту экономиканы тығы­рық­тан алып шығудың, ұлттық мем­лекеттің қалыптасуына қо­лай­лы жағдай туғызудың толас­сыз жолы. Саяси саладағы бас­ты мақсат – жас егеменді мем­лекетті қуатты президентті рес­­пуб­лика етіп қалыптастыру. Біз­дің мемлекетімізде бар­лық аза­маттардың теңдігі, барлығы­ның заң алдындағы бірдей жау­апкершілігі, кімнің қай ұлтқа жа­татындығына қарамастан, бір­дей екендігі әуелден-ақ нақ­ты көрсетілген. Әрине, кейбір жағ­дайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да бай­ланыстарын қалпына келтіру, олар­дың өз Отанына қайтып ора­луына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.

Басқа елдер деңгейімен са­лыс­­тырмалы түрде алғандағы эко­­номикалық байлыққа қол жет­кізудің алғышарты – бү­кіл қоғамдық өмірді де­мо­кра­тияландырған тұрақты құ­қықтық мемлекет құру бо­лып саналады. Құқықтық демо­кратиялық мемле­кетте Конс­титуция, яғни біздің қо­ғам өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жо­басы Қазақстан Республикасы тәу­елсіздік алғаннан бастап жаса­лына бастады. Конституция қабыл­дау­дан бұрын бүкілхалықтық тал­қылаудан өтті.

Біздің Конституциямыз бой­­ынша Қазақстан халқы еге­мендіктің иесі, республикадағы мем­лекеттік биліктің жалғыз қай­нар көзі болып табылады. Рес­публикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрінығайтуды ой­лауы керек. Құқықтық мемле­кет құру, қоғамдық өмір­ді де­мо­кратияландыру, жалпыұлт­тық келі­сім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауым­дастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.

Республика азаматының не­гізгі құқықтарымен қатар мін­деттері де Конституцияда анық тұжырымдалған.

Адам тумысынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің аза­маттығын алғаннан кейін азамат­тық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезім­де­ріне үлкен маңыз берілген. Әр­кімнің өзінің жеке басының бос­тандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша адамның жеке ба­сының қадір-қасиетіне қол сұ­ғылмайды.

Конституцияда «Әркімнің өзі­нің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге құ­қылы» деп жазылған. Бұл адам бос­тандығына толық кепілдік бе­ріл­ген дегенді білдіреді емес пе?

Балайым КЕСЕБАЕВА,

облыстық әділет департаментінің басшысы.

ҚОҒАМ 30 тамыз 2014 г. 1 733 0