112 мыңнан астам бүлдіршін бір мезетте Әнұран шырқады

112 мыңнан астам бүлдіршін бір мезетте Әнұран шырқады

Қызылорда қаласында Конституция мерекесіне арналған шаралар жалпыхалықтық деңгейде өткізілуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 тамыз 2014 г. 827 0

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

Жалағашта кәсіпкерлікті қолдаушы қаржы институттары мен екінші деңгейлі банк өкілдері бас қосты. Олар аудандағы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қабылданып жатқан бағдарламаларды насихаттау және несие алу бағытындағы жеңілдіктерді түсіндірумәселелерін сөз етті.
АҚПАРАТ 30 тамыз 2014 г. 906 0

АЛҒАШҚЫ ТӨРАҒА

Биыл колхоз құрылысының ар­дагері Нұрыш Жұдабаевтың ту­ға­нына 100 жыл толды. Өткен ға­сырда Перовск уезінің Кеңтүп бо­лысында өмірге келген ол өзінің ең­бек жолын 1929 жылы Қызылорда кірпіш зауытында жұмысшы бо­лу­дан бастады. Отызыншы жылдар­дағы ашаршылық кезіндегі халық­тың көршілес елдерге ауа көшуінен тысқары қала алмаған жас Нұрыш өз ырыздығын 1931-1934 жылдары Тәжікстанның Қорғантөбе ауданын­дағы "Бақшы” ауылынан теріп жеді. Кісі елінде сұлтан болғанша өз елінде ұлтан болуды көздеген ол туған топырағына оралып, Сырдария ауданы Ленин атындағы ұжымшарда есепші қызметін атқарды. Сұрапыл соғыс жылдарында кеңес әскері қатарында борышын өтеді, аудан ұжымшарларында есепшілік қызмет атқарды. 
ТАҒЫЛЫМ 30 тамыз 2014 г. 1 128 0

МӘҢГІ ЖАСА, МАЙДАНГЕР

Екінші дүниежүзілік соғыс еліміз үшін ауыр тиді. Қаншама отбасының шаңырағы ойрандалды. Бірі атадан, бірі ағадан, енді бірі інісінен айырылды. Ал, дүние есі­гін ашып, жан-жағын енді біле бас­тағандар балалықпен ерте қош­тасты. Сондықтанда болар, әке­ге, бауырға деген сағыныш пен тағдыр тауқыметінің кермек дәмі осы жылдары еңбек еткен әрбір жанның есінен кетпесі анық.
ТАҒЫЛЫМ 30 тамыз 2014 г. 1 562 0

БӨРІБАЙ АТА ӨТКЕН ЖОЛ

Тоқсан жастың төріне шыққан Бөрібай ақсақал әлі тың. Сонау жыл­дардың естелігін жадында жаң­ғыртқанда ай-күнінен еш жа­ңылмайды. Өткен ғасырдың жи­ырмасыншы жылы Сырдария ау­данына қарасты Аманкелді ауы­л­ында дүниеге келген Бөрібай ау­ылдағы "Зіңкетер” бастауыш мек­тебінде сауатын ашып, кейін қа­ладағы "І Май” мектебінде оқиды. Бүкіл елге жұт боп келген 1932-ші жыл бұл отбасын да айналып өт­педі. Әке-шешесінен бірдей көз жазған Бөрібай жетім балалар үй­­інде тәрбиеленді. Еті тірі жас­өс­пірім жетіжылдық біліммен ау­­ыл­шаруашылық техникумына оқу­ға түсіп, 1940 жылы агроном-хи­мизатор мамандығын алып шы­ғады.
ТАҒЫЛЫМ 30 тамыз 2014 г. 1 316 0

ЖАНҚОЖА БАТЫР

Пайғамбар үмбетімін - Алла құлы, Тараған Кішкенеден – Майдан ұлы, Баласы Айдарбектің Жұмабекпін, Келгенмін дүниеге барыс жылы.
ӘДЕБИЕТ 30 тамыз 2014 г. 1 989 0

ХАЛҚЫМЫЗ ТАҢДАҒАН ЖОЛ

Конституция кіріспесіндегі: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз», — деген сөз еліміз ұстанып келе жатқан стратегиялық бағдарламаның басты кепілі деуге толық негіз бар.
ҚОҒАМ 30 тамыз 2014 г. 852 0

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТҰҒЫРНАМАСЫ

Егеменді еліміздің Ата Заңы (Конституция) өзінің ең алғашқы бабын Қазақстанның ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары, бостандығы деп бастайды. Адам баласы үшін бұл құндылықтардан асқақ не бар? Біздің ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен белдескендегі қол созған ақ арманы осы тәуелсіздік, бостандық болатын. Ендеше, тәуелсіздігімізді паш ететін ең басты құжатымыз – Ата Заңымыздың қабылданған күні барша қазақстандықтар үшін орны толмас қуанышты күн болып табылады.
ҚОҒАМ 30 тамыз 2014 г. 905 0

ЕГЕМЕНДІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

Қазақстан дербестік жолына түскен күннен бастап құқықтық мемлекет идеясын қабылдады. Құқыққа мойынсұнып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету­ді алдына мақсат етіп қоя бі­лген жас мемлекет осындай си­патымен ерекшелене білді. Қа­зақстан аума­ғында тұратын ха­лық барлық жағынан ашық болып, әртүрлі діни, сая­си жә­не экономикалық жолдар­дың қиы­лысында еште­ңе­ге қара­мастан өзі­нің ішкі тәу­елсіздігін сақтап қалды. Мемлекет – бұл тек аумақ, ал азаматтардың бірлігін, билік инс­титуттарын, сонымен қатар ұр­пақ­тардың тәжірибесі мен жақ­­сы болашағының үмітін жұ­мыл­дыратын – Конституция. Қа­зақстан Республикасының Конс­титуциясы туралы айтатын бол­сақ, Қазақстанға тәуелсіздік алуға, тиісінше қолданыстағы Конс­титу­цияны қабылдауға век­тор болып табылатын кейбір тарихи сәттерді атап өткен жөн.
ҚОҒАМ 30 тамыз 2014 г. 1 781 0

АТА ЗАҢ ЖӘНЕ БІЗ

Күнделікті тірлігіміздің әрбір тіні еліміздің Ата Заңының аясында оң шешімін тауып, қандай да бір жетістіктерге жетуге септігін тигізіп жататыны жасырын емес. Яғни, мұндай игілікті істердің Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастау алатыны белгілі. Оны кім қалай түсінеді? Осы ретте бірнеше мамандық иелерімен пікірлескен едік.
ҚОҒАМ 30 тамыз 2014 г. 1 782 0