Ауыл баласының арманын орындауға сеп болатын «ауыл квотасы» деген бар. Мұны оқуға түсуге талпынған әрбір түлек жақсы біледі. Бұл өзі қалаған мамандық таңдау конкурсында қалалық замандастармен білім жарысында ауыл баласына сәл артықшылық береді. Арманға жету үшін бұл да сеп. Бір қызығы, қала баласының да осы квота үшін мектептің соңғы екі жылын ауылға келіп оқитын көріністер кейде байқалып қалады. Алайда, ауыл жеңілдігінің артар жүгі бар екенін бірі білсе, бірі біле бермейді.
ЖАРНАМА
07 сәуір 2019 г.
1 135
0
Көптен бері жүздеспеген жолдасымды көшеде көріп қалдым. Жетектеген баласы бар екен. Аман-саулық сұрасып, қауқылдасып алдық. Қарап тұрмайтын қашанғы әдетіммен:– Немерең бе? – дедім сосын баласына назар аударып.– Немерем, қыздан туған, – деді ол.– Е-е, дұрыс, жиен десей, – деп мен оны сәл түзеттім.
ЖАРНАМА
05 сәуір 2019 г.
1 269
0
Сәуір – жазғытұрым мезгілі. «Сәуір» сөзі араб тілінен енген, мағынасы «өгіз» деген екен. Ал, жұлдыз айлары бойынша «Торпақ шоқжұлдызының» атауы болып табылады. Бізге осы «өгіз» сөзінің керегі жоқ секілді. Қазақ бұл айды «көкек» деп атаған. Бұлай аталу себебі көктемнің бір белгісі көкек құсының алғаш шақыра бастайтын мезгілімен байланысты. Бұл айдың өзгешелігі – құс үнінің ерекше байқалуы.
ЖАРНАМА
04 сәуір 2019 г.
3 002
0
Сифр – жазу негізінде пайда болған жаңалық. Сифр сөзінің төркіні арабтың «әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы үнді халқының бос орын, «сунья» деген сөзінің аудармасы екен.
ЖАРНАМА
30 наурыз 2019 г.
1 315
0
Сайын даланың төсін дүрсілдетіп келе жатқан жүрдек пойыз кәрі тарихты қойнына сыйғызып, сабырлы кейіппен манаурай керіліп жатқан, Қожа Ахметтей ғұламаның мəңгілік мекені болған төрт қақпалы Түркістан шаһарына ентігін әрең басып, ентелей келіп тоқтады.
ЖАРНАМА
27 наурыз 2019 г.
1 153
0
Ағылшын-американ киноактері, 20-ғасырдың талантты тұлғасы Чарли Чаплин есімін бәріміз де білетін шығармыз. Бала күнімізде «мылқау кино» десе, ішер асымызды жерге қоятынбыз. Мен Чаплин ойнайтын дыбыссыз фильмдерді көруге әлі күнге дейін құмармын. Ол көбіне қайыршының ролін сомдайды, өйткені өзі де тұрмыс қиындығын көрген, жетімдік тартқан, көшеде газет сатқан, жұрттың аяқкиімін сүртіп ақша тапқан. Ол ойнайтын «Түнгі қаланың оттары», «Ганконгтан келген ханым» секілді фильмдер қандай тамаша десеңізші! Осы сатира жанрының кейбір актерлері сөйлеп жүріп те күлдіре алмайды, ал, дыбыссыз фильмдердің басты қаһарманы ымдап жүріп-ақ ішек-сілеңді қатырады.
ЖАРНАМА
26 ақпан 2019 г.
1 257
0
«Айка»: адамзат арпалысыСамал Есләмоваға Канн кинофестивалінің жүлдесін бұйыртқан «Айка» – Қызылордада. Аяқталмаған өндірістік нұсқасымен-ақ жеңімпаз атанған «Айканың» елге өзінен бұрын атағы жетті. Киноны көрдік, көңілге көп ой түйдік. Самал «Ең үздік әйел рөлі» атағын алса, алғандай екен.
ЖАРНАМА
23 ақпан 2019 г.
2 922
0
Ақпараттың дамыған заманында жаңалықтарды адамдар көбіне интернеттен алатын болды. Мына бір деректен де көп нәрсе ұғуға болады. Небәрі бір жылдың ішінде «Фейсбук» әлеуметтік желісі 200 млн қолданушы жинаса, телехабарларға 60 млн көрермен, радио толқынына 50 миллион тыңдарман жинау үшін 13 жыл уақыт қажет болған.
ЖАРНАМА
23 ақпан 2019 г.
770
0
Жақында барлық әлеуметтік желілерді кезіп шыққан бейнежазбаны – балалардың өз қатарластарын аяусыз тепкілегенін ел түгел көрді. Осы әрекетке құқық қорғау органдарынан бастап, педагогтар, психологтар баға берді. Аяусыздық, қаталдық, мейірімсіздік... Бұл келеңсіздіктер басқа емес бесіктен белі шықпаған балалардың бойынан кезіккені жан түршіктіреді.
ЖАРНАМА
31 қаңтар 2019 г.
896
0
Біздің буынның қоршаған орта, жалпы тіршілік туралы түсінігі үлкендердің әңгімесі бойынша қалыптасты. Олардан естігенімізді газет-журналдан оқығанда "ә, мынау шынымен осылай екен-ау..." деп айран-асыр қалатынбыз. Әсіресе, "Балдырған" журналының жаңылтпашы мен жұмбақтары талай баланың танымын байытты. Осы журналға жарияланған "Түн жамылып ұшқан, қанаты бар тышқан" деген жұмбақ әлі күнге дейін естен кеткен жоқ. Жауабы кәдімгі қараңғыда қалбалақтап ұшатын жарқанат еді. Кейін осыны "Жеті жүз жұмбақ" жинағынан кездестіргенде жоғалтқанымызды қайта тапқандай қуанғанымыз рас.
ЖАРНАМА
29 қаңтар 2019 г.
2 049
0