« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |
Ақпараттың дамыған заманында жаңалықтарды адамдар көбіне интернеттен алатын болды. Мына бір деректен де көп нәрсе ұғуға болады. Небәрі бір жылдың ішінде «Фейсбук» әлеуметтік желісі 200 млн қолданушы жинаса, телехабарларға 60 млн көрермен, радио толқынына 50 миллион тыңдарман жинау үшін 13 жыл уақыт қажет болған.
Әлеуметтік желіні Жер бетіндегі 7,5 миллиард адамның 3,5 миллиарды пайдаланады. Солардың ішінде интернетке тәуелділік әсіресе мектеп жасындағы балалар арасында өршіп тұр. Себебі, интернеттегі ақпараттарды алуға шек қойылмаған, балаға да, үлкенге де бірдей. Көбіне ата-аналары балаларының смартфоннан не көретінін қадағаламай, жай ойнап отыр деп есептейтінін ескерсек, атыс-шабыс ойындары мен қатыгездікке толы фильмдердің бала психологиясын жаулап жатқандығы жасырын емес. Осы секілді ақпараттардың өскелең жастағы баланы жауыздыққа жетелеп, ойлау қабілетін тежейтіні де анық.
Интернет ақпарат алмасудың тиімді жолы болғандықтан, әркім әртүрлі пайдаланады. Бірі қызық үшін қараса, ендігі біреулер пайдалы деректерді өз тәжірибесіне енгізіп, жеке кәсібін дөңгелентіп отыр. Сонымен қатар, алаяқтықпен ақша тауып, қылмыс жасайтындар мен атақ қуып, абыройын айрандай төгетіндер де жеткілікті.
Әлеуметтік желі шексіз, шекарасыз лабиринт секілді. Бір кірсең, шырмалып, шыр айналып қаласың. Әуелі әуестікпен көріп, артынан тәуелділікке түсіп, соңында санасының уланып, ұйқысының ұрланғанын байқамай қалғандар қаншама?!
Ал, тілге қатысты келсек, интернетті бірыңғай пайдалану салдарынан стильдік норманың бұзылып, тіл шұрайлылығы төмендеп, ойдың қасаңданып бара жатқанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Бұл, әсіресе, қолына қалам алып жүрген жастар үшін қауіпті жағдай болып отыр.
Елбасы Астанадағы Назарбаев университеті студенттеріне дәріс оқыған кезде «Кім кітапты көп оқыса, сол интернетте отырғандарды басқаратын болады» деген сөз айтқан еді. Кітап оқудың қаншалықты маңызды екеніне Мемлекет басшысының өзі осылай мән беріп отыр.
«Тамшы тас теседі» дегендей, қайта-қайта айтылып жүрген ойды қозғаудағы бір себебіміз «Жастар жылында» интернеттің торына телмірмей, кітап оқып, көзінен радиация сәулесін емес, ғибрат нұрын өткізетін замандастарым көбейсе екен деген бір тілек еді.
Аружан МАХМУД,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің 4-курс студенті.
« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |