Сыр мұрабы – МӘДЕЛХАН

Сыр мұрабы – МӘДЕЛХАН

«Азаматты туған жерінің қасиетті топырағы жаратады» деген сөз бар. Осы қағиданы Сырдың тұлғалы азаматтарының тарихы дәлелдейді деуге болады. Сыр елі күріштің отаны атанғандықтан атақты Ыбырай Жақаевтың шығуы заңдылық деп ойлаймыз. Ыбырай атамыз жүздеген жас күрішшілерді рухтандырып, өңірдің өркендеп, дамуына зор үлес қосқаны анық.
ТАҒЫЛЫМ 29 қазан 2016 г. 1 126 0
Парасаты тең келер азаматқа

Парасаты тең келер азаматқа

Шапқан аттай, атқан оқтай зулаған уақыттан ұшқыр ештеңе жоқ, сірә...  Осыдан отыз екі жыл бұрын алғаш кездескенде біздер есейіп, ел көзіне ілінердей адам болармыз-ау деп ойладық па екен?! Студент күндерімізде күзде күріш жинауға Жалағаш, Тереңөзек аудандарына баратынбыз. Сол 83-тің қоңыр күзінен бастап, бүгінге дейін біріміз тәте, біріміз сіңлі болып бірге келеміз.
ТАҒЫЛЫМ 25 қазан 2016 г. 756 0
Сырдан ескен сағыныш самалы

Сырдан ескен сағыныш самалы

Өткен жылдың шілде айында ұлттық тарих пен мәдениеттің, төл әдебиетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан қазақ даласының алып тұлғалы азаматы Дүкенбай Досжанға  арналған шараға қатыстық.
ТАҒЫЛЫМ 24 қазан 2016 г. 928 0
Еңбегі жанған әулет

Еңбегі жанған әулет

Бүгінгі таңда аға буын өкілдерінен «Қазіргі жастардың өмірге көзқарасы қатты өзгеріп кетті. Бұрынғыдай емес адамға жанашырлық, үлкенге ізет сезімдері мүлде азайған» деген өкпе-ренішті жиі еститінімізді несіне жасырамыз. Бәлкім, солай да шығар. Алайда, көпке топырақ шашуға тағы да жарамас. Оған мына оқиға дәлел болады. 
ТАҒЫЛЫМ 22 қазан 2016 г. 803 0
Жолдасбектің жолы

Жолдасбектің жолы

Бірде бейтаныс кісілермен дастарқандас, дәмдес болған жайымыз бар. Үлкендер отырған жерде әр тараптан әңгіме қозғалатын әдеті. Алдымен ауыл-аймақ, бота-тайлақтан бастау алған уәж бірте-бірте өрісін кеңейтіп, аудан, облыс көлеміне дейін көтеріліп барып басылды. Неге екені белгісіз, ендігі сөз ауаны газет және оның қызметкерлеріне қарай ойысты. Бұл күнде газеттер көп, жазғыштар да жетіп артылады, тек солардың сапасы сан соқтырады десті. Осы төңіректе біреуі жақтап, енді біреулері жақауратып пікір қосып жатты. Манадан бері үнсіз отырған маңыздылау көрінген кісі әңгімеге енді араласты: – Жолдасбек Ақсақалов деген журналисті білетіндеріңіз бар ма? – деп жан-жағына назарын салды. Ешкім ештеңе дей қоймаған соң, ана кісі сөзін әрі сабақтап: – Сапалы, салиқалы мақалалар жазып жүр. Есеп-қисапты, қаржы жағын жақсы біледі. Шамасы экономикалық білімі бар болуы керек, – деп аялдады.
ТАҒЫЛЫМ 22 қазан 2016 г. 1 475 0
Алыптар достығы

Алыптар достығы

«Еңбек ерлікке жеткізеді, ерлік елдікке жеткізеді» дейді халық даналығы. Ақ күріштің атасы атанған Ыбырай Жақаевтың қиын кезеңде халықтың қарнын тойдыру, елдің ырысын молайту барысындағы жанқиярлық еңбегін, Сыр өңірін енді жерсіне бастаған күріш дақылынан мол өнім алудың жолын іздестіргенін кім ерлік емес деп, кім елдікке бастар жол емес деп айта алар. Осы қатарда халық үшін қайыспай қызмет еткен ақ тарының атасы Шығанақ Берсиев, мал шаруашылығының дамуына зор серпін берген Жазылбек Қуанышбаев, колхоздың ұйымдастыру жұмыстарындағы шебер басшы Нұрмолда Алдабергенов тұрар еді. Тағы да сол данышпан халқымыз: «Адамды өлтірген емес, адамды өлімнен алып қалған кісі батыр» дегенді айтады. Жоғарыдағы аты аталған қайсар жандар ұрпағының мың жасауына қам жеген, сол үшін терін төккен абзал азаматтар.  Тамыры бір, тағдыры бір, заманы бір олар қазақтың берекесі мен беделі екендігі анық. Кейінгі ұрпаққа өнегелі ісін қалдырған олардың барынша қарапайымдылығымен қатар бір-біріне деген ыстық ықыласына, құрметіне қалай сүйсінбейсіз. 
ТАҒЫЛЫМ 20 қазан 2016 г. 1 279 0
Қыдыр қараған адам

Қыдыр қараған адам

Тіршілік өз заңдылығы бойынша өте береді, күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, кей жағдайларға мән беруге уақыт таппай жатқанымызбен, адамның жадында ұмытылмайтын, мәңгі жаңғырып тұратын жағдайлар да кезігеді. Кейде есік алдында отырып, баяғы өткен өмірімді еске алып, көз алдыма келтіремін. Біздің дүниеге келген кезіміз аумалы-төкпелі қиын заман еді, «қызыл» мен «ақтың» шапқыншылығы, колхоздастыру кезеңі, тапшылық пен ашаршылық жылдары – бәрі де есте. Адам баласына ең керектісі тыныш өмір екен ғой. Әлгіндей қиыншылықтар салдарынан қалың жұртшылық сол кездері қара нанға зәру болса да, адамдардың бауырмашылдығы мен ынтымағы  зор еді. Бәлкім, сондай зұлмат замандар адамдардың бір-біріне деген құрметін арттырып, бір қолдың саласындай ұйысуға  жұмылдыра ма екен, әйтеуір, сол кездің адамдары еңбек етуден қорықпайтын, қиыншылыққа мойымайтын өжет те, батыл секілді көрінеді маған. Тағы бір айтарым, біреудің басына іс түссе, бүкіл әулет болып, ауылдастары болып, соның ауыртпалығын бөлісетін-ді. Біз де сол тәрбиемен өстік, сол өнегені мақтан тұттық. Мен жас кезімде әуелі бухгалтерлік курсты бітірдім. Сұлутөбеде есеп қызметкерлерін дайындайтын алтыайлық курс болатын, Соны 1940 жылы оқып шықтым. Қызметке енді араласам ба деп жүргенімде тұрмыс құрып, өзге босағаны аттадым да кеңсе қызметіне мойын бұруға мұршам келмеді.
ТАҒЫЛЫМ 20 қазан 2016 г. 875 0
Қазекеңнің  күлкісі

Қазекеңнің күлкісі

Күлкінің түрі көп. Ақ жарқын күлкі, адал күлкі, риясыз күлкі. Теріс пиғылдағы адамдар зымиян күлкіге, түлкі күлкіге, өтірік күлкіге, арсыз күлкіге салады. Әйтеуір, толып жатыр. Бүгінгі біздің сөз еткелі отырған кейіпкеріміз, ерекше күлкінің иесі 70 жасты толтырып отыр. Осы жасқа дейін өзі күліп қоя салмай, жұртқа талай мәрте ішек түйілдіретін сәт сыйлаған сатириктің аты-жөнін айтсақ – Қазыбек Әшірбекұлы. Бірнеше кітаптың авторы, бәленбай республикалық сыйлықтардың иегері. Оның бәрін тізіп отыруға газеттің мүмкіндігі көтермейді, сондықтан негізгі әңгімеге көшейік.
ТАҒЫЛЫМ 15 қазан 2016 г. 986 0
Омарташы

Омарташы

Адам өз қызығушылығын кәсіпке айналдыра білсе, соңы жемісті болары анық. Ілгерідегілер осылай деп өсиет қалдырады. Бейімі келетін шаруамен шұғылданғанның ұшпаққа шығары шындық. Осындай жандардың қатарында тұрған Шиелі ауданы Ақмая ауылының тұрғыны Тұрғанбай Тоқтыбаев омарташылық кәсібімен елге танымал, айналасына сыйлы азамат.
ТАҒЫЛЫМ 13 қазан 2016 г. 969 0
Сергек саналы буын өсіп келеді

Сергек саналы буын өсіп келеді

«Соңғы уақытта бізде тез баюға асығатындар көп секілді. Оңай жолмен келген ақша қалай келсе, солай кетеді. Иә, ақша белгілі бір деңгейде сені тәуелсіз етеді. Бірақ уақытша ғана. Ал кәсіби шеберлігің мен ақылыңды сенен ешкім тартып ала алмайды. Өз ісіңнің шебері болсаң ғана, сені бағалап, құрметтейді». Мемлекет басшысының бір жолы жас­тарды осылай қайрағаны бар. Расымен. Тегін ірімшік тек қақпанда болмаушы ма еді?! Жастар тақырыбына арналған жаңа айдар елге еңбегімен танылған тұлғалардың ой-таразысын әрі қарай жалғастырады. Ал бүгінгі сұхбат желісінде туған жеріне қалтқысыз қызмет еткен Алмагүл Божанова жұмысшы мамандығы мен еңбек адамының беделін көтеру мәселесін жастар жайымен сабақтастыра отырып ұсыныс-пікірлерін ортаға салады.
ТАҒЫЛЫМ 11 қазан 2016 г. 952 0