Жаратқанның жарық дүние сыйлаған нығметіне шүкіршілік етіп, ғұмырын белгілі бір мақсат жолына арнаған адамдар қай елде де аз емес екені белгілі. Ғалым, ұстаз Аман Абасиловты мен сондай жандардың қатарына жатқызар едім.
ТАҒЫЛЫМ
26 қараша 2016 г.
1 119
0
Күз айы еді. Күн борасындау. «Бөген» елді мекенінен автобусқа отырдым. Бұл баяғы, 1921 жылы, пролетариат көсемі В.Ленин Арал балықшыларына хат жолдап, «Аштыққа ұшыраған Поволжье халқына жомарт қолдарыңды созыңдар» деп өтініш еткенде айрықша үлес қосқан ауыл-ды. Жаныма етжеңді кісі жайғасты. Көптен таныспыз. Қайып Сүлейменов.
ТАҒЫЛЫМ
26 қараша 2016 г.
907
0
Үстіміздегі жылғы тамыз айының 6 жұлдызында «Сыр бойы» газетінде шыққан «Ақпан батыр», «Ақмешіт апталығы» газетінің биылғы 23 шілдеде шыққан «Ержүрек батыр бабамыз» мақаласын оқыған соң мен де өз білгенімді қалың оқырманға баяндап беруді парыз санадым. Сыр бойы тұнған тарих. Есте жоқ ерте заманда, алмағайып аласапыран кезеңдерде де біздің батыр бабаларымыз бүгінгі күнге жетуге өздерінің үлестерін аямай қосқан. Бұл өлкеде атағы алты Алашқа белгілі билер мен шешендер, абыз әулиелер, бес қаруын сайлап жауына дес бермеген атақты батырлар, халқы үшін басын оққа байлаған мемлекет қайраткерлері шыққан. Тағдырдың талқысына талай түскен қазақ халқы орыспен арпалысып, қалмақпен қидаласып, жоңғармен жағаласып, қытаймен аңдысып бүгінгі күнге де жеткен. Батыр бабалар осынау ұлан-байтақ даланы дұшпандарынан ерлігімен, ақылымен аман алып қалған.
ТАҒЫЛЫМ
26 қараша 2016 г.
1 186
0
Сыр елінің өсіп-өркендеуі жолында талай тарлан ерлердің ізі жатыр. Бүгінгі ұрпақ сол өткен күндерде өрелі іс атқарған азаматтарды танып-біліп, өнегелі ғұмырларын үлгі тұтады. Халқына қорған болған ерлерін ұлықтаудан жаңылмаған Сырдың елінде Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері Мөрәлі Шәменовтің 100 жылдығына орай мерекелік еске алу шаралары өтті. Тағылым мен тарихты тұтастырған мәнді де, мағыналы мерейтой шымылдығы Мөрәлі Шәменов туралы кітапты таныстырумен ашылды.
ТАҒЫЛЫМ
24 қараша 2016 г.
1 177
0
Қолыңыздағы мақала ұлттық «Табыстың 100 қадамы» жобасы аясында дайындалып отыр. Бұл жоба үлкен табысқа қол жеткізген отандастарымыздың еңбек жолы туралы насихаттауды мақсат тұтады.
ТАҒЫЛЫМ
23 қараша 2016 г.
856
0
Қолыңыздағы мақала ұлттық «Табыстың 100 қадамы» жобасы аясында дайындалып отыр. Бұл жоба үлкен табысқа қол жеткізген отандастарымыздың еңбек жолы туралы насихаттауды мақсат тұтады.
ТАҒЫЛЫМ
23 қараша 2016 г.
837
0
«Ай-жұлдыз жерге иілді...» Түп-тамыры біріккен, Түркілерден тарайды. Түрікшесі түрікпен, Тілдесуге жарайды! (Шәкең туралы шымшымадан)
ТАҒЫЛЫМ
22 қараша 2016 г.
1 674
0
Біздің балалық, бозбалалық кезеңіміздің қызықты, думанды күндері өткен ғасырдың 70-жылдарымен, бүгінде тарихқа «тоқырау» деген атаумен енген дәуірмен сабақтасып жатыр. Бірақ, сол кездегі алып-ұшқан бала көңіл сол тоқыраудың не екенін сезбей-ақ өсті, есейді, ер жетті. Сегізінші сыныпта бізге Қызылорда қаласындағы №212 орта мектепте физика пәнінен Әбілда Көккөзов есімді ағай сабақ берді. Оны оқушылар «боксер ағай» деп атаушы еді. Біз алғаш рет Бапалақов есімін сол кісінің аузынан естідік. «Шанхайдың» (Қызылорда қаласының солтүстік беткейдегі өңірді осылай атаушы еді) бозбалалары сол дәуірде Абдат Бапалақовты, Әбілда Көккөзовті өздерінің кумирі санады, олардың тұлғасын көз алдарына кәдімгі ертегідегі хас батырлардай, үнді фильмдеріндегі әлсіздер мен жоқ-жітіктерге пана болған алпауыт, сағы сынбайтын кейіпкерлер секілді елестетуші еді. Несін айтасыз, сол заманда аты аңызға айналған қалалық, облыстық комсомол комитеті жетекшілерінің бірі Абдат Бапалақовпен тілдеспек түгіл, жүзін көрудің өзі біз үшін арман еді-ау.
ТАҒЫЛЫМ
19 қараша 2016 г.
868
0
Белгілі ақын Темірше Сарыбаевты өмірінің ақырғы сәттерінде ғана аз уақыт көріп, сол шамалы сәттердің өзінде туғанымдай бауыр басып кеткен болатынмын. 2011 жылы ақын аға туған еліне – Сыр бойына келіп, мерейлі жасын – 70 жылдығын тойлады. Жанында ақынның шашбауын көтеріп қазақтың белді азаматтары, ағамыздың достары Сейфолла Оспанов, Қаһарман Бабағұловтар жүрді.
ТАҒЫЛЫМ
19 қараша 2016 г.
999
0
Құдайым оған әу бастан бәрін бере салған. Таудай тұлғасы талайға ық болуға жарайды. Оған байқалатын жерде байқалмау, табыстың буына пісіп дандайсу мүлдем жат. Кез келген ортада сыйластық сәнін келтіреді. Алғаш рет көріп тұрған бейтаныстың өзін елеусіз қалдырмай, бауырға тартады. Нан табар кезден бастап талабы жүріп берді. Өмір белестерінің ұңғыл-шұңғылы алғысқа толы. Ағаларға атқосшылық – жастайынан бойына сіңген қасиет. Білгенін пұлдамай, тосылыңқырап қалғанды қосарға алу кісілік жоралғысына айналған. Қуанғанды қуаттап, жабырқағанды жадыратса ғана жаны жай табады. Қадірі бөлек бұл азамат – Аралдың абыройлы да айбатты тұлғаларының бірі Зияғаладин Өтенов. Алыстағы Ауан ауылының тумасы. 1962 жылы орта мектепті тәмамдау бойына балық зауытында еңбек жолын жылымшылықтан бастаған. Ұзындығы 600 құлаш жылым торын алты ескекті түйедей қайыққа тиеп алып, айдын төсін шиырлап жағалауға ыңыранта тоғыстырғанда, маңдайдан шыпшыған тер кеудені жуып кететін. Бригадир Мырзажан Сахиев жүзінен шуақ төгіліп, білегінен қуат қайтпаған балаң жігіт Зияғаладинге дән риза.
ТАҒЫЛЫМ
19 қараша 2016 г.
847
0