Кеше облыс әкімдігінде жиын өтіп, онда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.Әбдірахмановты құрметті демалысқа шығарып салды.
ТАҒЫЛЫМ
26 қараша 2017 г.
855
0
Өмірдің адамға сыйы – Жаратқан иемнің адам баласының маңдайына жазған тағдырының талайы, ал адамның өмірге сыйы – оның еңбегі. Алпыстың асқарына шығып, Сырдың танымал азаматына айналған Әбілов Алдажардың ғұмыр жолына көз салсақ, жоғарыда айтқанымыздай, өмір мен оның өз сыйы домбыраның қос ішегіндей қабаттасып, сабақтасып жатқанын көресің.
ТАҒЫЛЫМ
23 қараша 2017 г.
1 095
0
Қызылордадағы М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейде Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Бақытбек Алпысбаевтың оқушылармен кездесуі өтті.
ТАҒЫЛЫМ
23 қараша 2017 г.
657
0
«Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы және «Жас Отан» Жастар қанаты ұйымының аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Тау тұлға Тұрмағамбет жыры – мәңгілік елдің төрінде!» тақырыбында аудандық көркем сөз оқу шеберлерінің сайысы өтті. Онда Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінің студенттері және аудан мектептерінің 8-11 сынып оқушылары Сыр сүлейі, шайыр Тұрмағанбет Ізтілеуұлының өлеңдерін мәнерлеп оқудан бақ сынады.
ТАҒЫЛЫМ
22 қараша 2017 г.
753
0
Кешегі мен бүгінгіні салыстыра алмайсыз. Өмір өріміне қарай оның әуені де өзгереді. Бұрынғы көп құндылықтарыңыз арзанға айналып, кешегі ескермей жүрген кей нәрселер қол жетпеске айналғандай. Осы күні әңгіме соңы айналып келіп, ақшаға тірелсе, таңданбайтын болдық. Бой үйренді, нарық заңы солай дейміз. Иә, «есепті дос айырылмас» деп алып, теңгені төңіректеп кейде қарапайым адамшылықты да ұмытып кетіп жатамыз. Бәрінен де осынысы қиын. Алайда, дүниені таба білуімен қатар жомарттық танытып жататын қайырымды жандар да арамызда кезігіп жатады.
ТАҒЫЛЫМ
21 қараша 2017 г.
1 005
0
Мына жалғанда өмірін еңбекке арнайтын, сол арқылы көптің құрметіне бөленетін жандар болады. Ондай адамдар жұртқа үлгі боларлық ісімен дараланып тұрады. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Данияр Сұлтанбеков бақытын еңбектен тапқан жан.Арал ауданының Қаратерең ауылында туып-өскен Данияр аға төрт жасқа толғанда әкесі мұз ойылып, суға кетеді. Сөйтіп, жетімдіктің тауқыметін тарта жүріп ағасы Төлеген екеуі еңбекке ерте араласты. Өмірлік жарынан 37 жасында айырылған анасы Айшагүл балаларына барынша қамқорлық танытып өсірді. Ол кісі келін түсіріп, немере сүйіп, 85 жасқа келіп, бақилық болды.
ТАҒЫЛЫМ
18 қараша 2017 г.
743
0
Аға ұрпақ өткен ғасырдың сұрапыл жылдарында шыңдалып өсті. Олардың өмірін тарих тағылымынан бөліп алу мүмкін емес.
ТАҒЫЛЫМ
18 қараша 2017 г.
617
0
Жарты ғасырға жуық осы оқу орнында ұстаздық қызмет еткен мен үшін бұл білім қарашаңырағының мерекесі ерекше. Университеттің қалыптасып, дамуының куәгері ретінде көп жайлар еске түседі, біраз азаматтардың есімдері ойға оралады. Иә, бәрін айта беру мүмкін емес. Ерекше есте қалғандардың ішінде Лесбек Тәшімұлының портретінің шоқтығы биік тұратындай.
ТАҒЫЛЫМ
16 қараша 2017 г.
685
0
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Алаштың анасына» балаған Сыр өңірі - ежелден мәдениет пен өнердің, ғылым мен білімнің ордасы, құт дарыған киелі мекен.«Тұз басса да өңірін, көз-қырын салған Тәңірім» -деп Мұрат Сыдықұлының өзі жыр-қаймағы бұзылмаған, ежелгі салт-дәстүрді берік ұстанған киелі мекен. Нұртуған шайыр мен төкпе күйдің төресі Қазанғаптың, сүлей сөздің зергері Әбдіжәміл Нұрпейісов пен дауылпаз ақын Зейнолла Шүкіров бастаған әдебиет пен өнер майталмандарының кіндік қаны тамған жер.Осындай дүлдүлдердің асыл қазыналарынан сусындап өскен, өнерін заманның талабына сай түрлендіріп, рухани әлемді байыта білген Мұрат Сыдықовтың өнердегі өресі биік дарынды тұлға екендігі даусыз.
ТАҒЫЛЫМ
14 қараша 2017 г.
1 202
0
Әкеміз Шайхислам Серікбайұлы 1926 жылдың 22 наурызында Қазалы ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік С.М.Киров атындағы университеттің журналистика факультетінің орыс бөлімін бітіріп, кейін «Гудок» газетінде тілші болды. «Правда», «Казахстанская правда», «Простор» және басқа да жергілікті басылымдарда мақалалары жарияланып тұрды.
ТАҒЫЛЫМ
11 қараша 2017 г.
735
0