Кеше облыс әкімдігінде жиын өтіп, онда облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.Әбдірахмановты құрметті демалысқа шығарып салды.
Жиында сөз алған облыс әкімі Қ.Көшербаев аймақтағы мәдени істердің жетекшісі болған басқарма басшысын мерейлі жасымен құттықтады.
– Бүгін облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ержан Ахметұлын құрметті демалысқа шығарып салып отырмыз. Ол жай ғана басшы болған жоқ, сонымен бірге, аймақ мәдениетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосты. Сол үшін оған айтар алғысымыз шексіз, – деді аймақ басшысы.
Өз кезегінде Е.Әбдірахманов облыс басшылығына ризашылығын білдіріп, үлкен жаңалықтар мен үлкен тарихтың Сыр елінде жатқанын атап өтті.
Шара барысында аймақ мәдениетінің дамуына сіңірген еңбегі үшін Е.Әбдірахманов Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Сондай-ақ, мәжілісте облыс әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі қызметіне Б.Ідірісов тағайындалғаны белгілі болды.
А.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.