Кубада болған Әділбек (Немес Куба дағдарысы туралы не білеміз?)

Бүгінгі біздер аға буынның өкілдері өзіміздің өмір сүрген қоғамымыздың сәбие болып ер жеттік. Әріні айтпағанда халқымыздың басына күн туған, ер етікпен су кешкен ат ауыздықпен су ішкен Ұлы Отан Соғысының алғашқы жылдарында дүниеге келген біздердің заманына қарай адамы дегендей, біздерді де заман маңдайымыздан сипаған жоқ. Соғыстан кейін халықшаруашылығының ауыр жағдайы, қоңторғай тұрмыс біздерді еркелетіп, балалықтың балдәуренін көріп өсуге тағдыр жазбаған ұрпақ болып өстік. Ауыл балалары мектепті бітіргенше үш-төрт мектепке қатынап, туыс-таныстарымыздың үйінде жатып оқып, білімнің негізі бастауыш мектепте болса да толық қанды білім ала алмай орта мектепті бітірдік.
ТАҒЫЛЫМ 24 шілде 2018 г. 911 0

МАЙДАНГЕР МАХАМБЕТОВ

Жаз жайлауы. Жапан түзде жалғыз шопан үйі. Алыстан қара көрінсе кең дүниеде не жаңалық бар екен деп елеңдеп отырамыз. Түс ауа сағым ойнаған сар даладан қою шаң көрінді. Дала баласы мал  мен машинаның шаңын тез айыра қояды.Тек бастықтардың тақымында ғана болатын Газ-66 біздің үйге қарай жүйткіп келеді. Даланың «сымсыз телефоны» басқарма төрағасының малшы ауылын аралап шығатынын бірнеше күн бұрын жеткізген болатын. Біріміз жез самаурынды далаға ала жүгіріп, көрпе төсек салынып, құман, шылапшын, сүлгімізді сайлап әбігер шектікте қалдық.    
ТАҒЫЛЫМ 24 шілде 2018 г. 578 0

ӨМІРІ ӨНЕГЕГЕ ТОЛЫ ШЫНАР ТҰЛҒАЛЫ АЗАМАТ

Әлімбай Әлиасқаров – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының қазіргі «Ақжар» ауылы 1908 жылы дүниеге келген. Әкесі Қожантайұлы Әлиасқар – жер қадірін білген, егіншілікті кәсіп еткен еңбекқор-шаруа кісі. Білім-ғылымға құштар еткісі келген әке сауатын ашсын деген мақсатпен баласын ауыл молдасына береді. Ескіше араб тілінде оқып, сол кезден бастап өлеңге таласы барын байқатады. Зеректігімен көзге түсе бастаған бала талай тамаша ақиық ақындарды тамсандырып, олардың шабытына шабыт қосқан, шығыстың әдебиет жауһары – «Шаһнаманы» қазақ тіліне тәржімалап, ұлттық әдебиетке зор табыс алып келген Сыр саңлағы – Тұрмағанбет Ізтілеуов мектебінде білімін шыңдай отырып, шығыс әдебиетімен танысады. Шығыс шайырларының шығармаларын сүйсіне оқитын Әлімбай Әлиасқаровтың алғашқы ақындық жолы осылай басталады. Сөз маржанын теріп, тереңіне бойлай, өлең құдіретін санаға түйеді. Заман өзгерген уақытта Кеңес мектебінде 7 сыныптық білім алады. Жас ақын ел ішіндегі түрлі ұйымдастыру шараларына қатысады да, 1937 жылы «Халық жауы» деп жазықсыз жазаланып, Ұлы Отан соғысы басталғанша өмірін Колымада өткізеді. Қуанышқа қарай, 1958 жылы толық ақталады.
ТАҒЫЛЫМ 24 шілде 2018 г. 981 0

Құлпытастағы қолғап

Сәбитті көшеден жолық­тырдым. Ол – Қазалы боксын өрге сүйреген марқұм Тар­ғын Нұралиевтің бауыры. Әулеттеріне тән қарапайым­дылықпен елпілдей амандасты. Дегенмен, көңілінде әлде бір жайтқа алаңдаушылық бары сезілді. Дауысы да мұңды шықты. Жанары жасқа шыланып аз-кем үнсіз қалды. Бар ниетіммен сөзіне құлақ түрдім.
ТАҒЫЛЫМ 24 шілде 2018 г. 636 0
Халқына қорған болған балуан

Халқына қорған болған балуан

Мемлекет  және қоғам қайраткері Қазақстанның білімі мен мәдениетінің, экономикасының өркендеп өсуіне өлшеусіз үлес қосқан, Орта Азия елдерінің дамып, қалыптасуына еңбек сіңірген Темірбек Жүргеновті танып-білуіміздің аясы жыл сайын кеңейіп келеді.
ТАҒЫЛЫМ 24 шілде 2018 г. 635 0

ҚЫЗЫЛҚҰМНЫҢ ҚОЙНАУЫНАН ҚҰТ ТАПҚАН

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақстанда қой шаруашылығы екінші тың аталып, саланы дамытуға мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінгені белгілі.Осыған сәйкес, арнайы бригадалар, фермалар, тіпті кеңшарлар құрылып, қой шаруашылығын дамыту ісі қарқын алды. Мысалы, 1964 жылы Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінен бір жүз алпыс шақырым жерде «Жаңақала» атты кеңшардың қазығы қағылған. Ел азаматтары ұшқан құстың қанаты, жортқан құланның тұяғы тозатын құм қойнауындағы жаңа шаруашылықты берекелі мекенге айналдыру үшін барын салды. Жаңадан ұйымдасқан шаруашылыққа жастарды тарту жұмыстары жүйелі жүргізілді. Солардың қатарында Әділбек Қайруллаев та болды.
ТАҒЫЛЫМ 23 шілде 2018 г. 629 0
Қазантаев  мектебі

Қазантаев мектебі

 Дана халқымыз «Асыл туған адамның баға жетпес нарқы бар» деген нақылды бекер айтпаған. Биыл осы бағаға әбден лайық азамат, өмір-өзенінің асау толқынымен алысып, адамгершілік соқпағынан табанын тайдырмаған, жиырма екі жыл үзбестен Тереңөзек (бүгінгі Сырдария ауданы) және Жалағаш аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшысы қызметін атқарып, халқының нағыз қайраткер перзенті атанған Қонысбек Төрешұлы Қазантаевтың үстіміздегі жылы туғанына 95 жыл толып отыр.
ТАҒЫЛЫМ 17 шілде 2018 г. 1 700 0

АТА ҚОНЫСТЫҢ АДАЛ ПЕРЗЕНТІ

Ел Тәуелсіздігінің алғашқы жылдары. Бұл уақыт ел еңсесін көтере алмай тұрған сындарлы да сын кезең болатын. Ауыл тұрмысы тығырыққа тіреліп, іске жарар ғимараттар мен техникаларды есеп білетіндер егеленді. Ал қолында ешнәрсесі жоқ қарапайым жұмысшылар отбасын асырау үшін жұмыс іздеп жан-жаққа кетіп жатты.
ТАҒЫЛЫМ 14 шілде 2018 г. 775 0

ДАҢҒАЙЫР БАЛЫҚШЫ

Әбдіраман Әбішев балық аулауға он жеті жасында шықты. Әкесі Әбіш ақсақал ауылдастары арасында тым беделді болатын. Бірақ жас Әбдіраман әкесінің мұншама құрметке қалай ие болғанын о кезде түсіне бермейтін. Оның мән-жайын өзі балықшы санатына қосылғасын барып ұқты.
ТАҒЫЛЫМ 14 шілде 2018 г. 624 0

АРАЛ ТАҒДЫРЫНЫҢ АҚБЕРЕНІ

Кеше А.Тоқмағамбетов атындағы Қызылорда қалалық мәдениет үйінде «Парасат» орденінің иегері, эколог-публицист Сайлаубай Жұбатырұлының 70 жасқа толуына байланысты шығармашылық кеш өтті. Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев қаламгерді Сыр жұртшылығының атынан құттықтап, тілектестік білдірді.
ТАҒЫЛЫМ 12 шілде 2018 г. 740 0