«Неменеге жетістің, бала батыр?» деп басталатын ақиық ақын Мұқағалидың өлеңі есіме түсіп отыр. Облыс орталығына таяқ тастам жердегі Сырдария ауданы бойынша қан майданның бел ортасында жауға оқ атып, ел үшін күрескен бар-жоғы екі ардагер ғана қалыпты. Бірі – Яхия Тасыров, екіншісі – біздің бүгінгі кейіпкеріміз Махамбет Бержанов.
ТАҒЫЛЫМ
08 мамыр 2019 г.
546
0
Фашистік Германия тұтатқан екінші дүниежүзілік соғыс өткен ғасырдың ең қаралы кезеңі екені тарихтан мәлім. Сол тұста Қазалы ауданынан 11 мыңға жуық азамат майданға аттанса, олардың 6 мыңнан астамы ғана елге оралған. Қазіргі таңда арамызда жүрген саусақпен санарлықтай майдангерлердің қатарында Бекарыстан би ауылының қарт тұрғыны Қабақ Смағұл да бар.
ТАҒЫЛЫМ
08 мамыр 2019 г.
517
0
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қызылорда облысынан әскер қатарына және тыл жұмыстарына мобилизацияланғандар туралы әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Кейбір зерттеулерде соғыс кезінде Орта Азия мен Қазақстаннан халықтың 18 процентінің әскерге немесе тыл жұмыстарына алынғаны жазылады. Ал біздің қолымыздағы нақты мәліметтер Қазақстаннан, Сыр өнірінен әскерге ия тұрғылықты жерінен тыс жерлерде орналасқан өндіріс орындарына халықтың 34 проценті алынғандығын айғақтайды. 1939 жылғы ресми санақ мәліметтері бойынша Қызылорда облысында 328 067 тұрғын болған екен, алайда демограф М.Тольцтің зерттеулеріне сүйенсек, осы санақ көрсеткіштері Қазақстан бойынша 12,94 процентке көтермеленіп берілген. Осыған сәйкес, сол жылы өңірде 290 479 тұрғын болғанын анықтаймыз. Осыны негізге алайық.
ТАҒЫЛЫМ
08 мамыр 2019 г.
841
0
Өткен ғасырдың 80-жылдарының орта тұсында облыстық «Ленин жолы» газетінде алғашқы қадамдарын бастаған бір қауым жастардың жолы болды. Жастықтың желігімен желпініп жүргендер үшін барлығы қызық, барлығы таңсық. Кеңес дүниесінің 70 жыл тарихында бірінші рет іс жүзінде жүзеге аса бастаған демократия, жариялылық ұғымдары құлаққа жағымды естіледі. Елде серпіліс. Бұрынғы түсінік көмескі тарта бастады. Сол жылдары «Ленин жолында» бір вакансия пайда болса, жан-жақтан қаумалап оншақты журналист сайысқа түседі. Бәсеке күшті, талап одан да зор. Айналасы бірлі-жарым жыл ішінде газеттің құрамы жастармен толықты. Қази Данабаев, Оразбек, Несібелі, Сәрсенкүл, Жолтай және мен...
ТАҒЫЛЫМ
03 мамыр 2019 г.
1 342
0
Ауладағы жайқалған өріктің жанындағы орындыққа жайғаса бергенде алысқа көз тастап, не сұрайтынымызды топшылағандай болды. Азапты жылдардың көрінісі көз алдына келген болар, жанарына жас іркілді. Иә, қан майдандағы алапат соғыстың бел ортасында ел қорғауға аттанған сарбаздар қатарында болған Яхия Тасыров бүгінде баталы қарияға айналды. Сырдария ауданының жұртшылығына танымал ақсақалдың шаңырағына барып, аз-кем сұхбаттасып қайтқан едік.
ТАҒЫЛЫМ
03 мамыр 2019 г.
754
0
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады» – деп, XXI ғасырдағы білімнің алатын орнына айрықша тоқталған болатын.
ТАҒЫЛЫМ
30 сәуір 2019 г.
1 994
0
Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде: «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деуі тегін болмаса керек. Еліне еңбегімен танылған сондай азаматтың бірі – Мәжит Сағидатов.
ТАҒЫЛЫМ
30 сәуір 2019 г.
614
0
Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс күні – тарихтың жарқын беті. Миллиондаған жауынгердің өзі түгіл хатына зарықтырған, сұрапыл соғыс 1418 күн мен түнге созылған. Осы уақытта Кеңес армиясының қатарына 1 миллион 800 мың қазақстандық шақырылыпты. Қан майданда ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, қызылордалық жауынгерлер де үн қосты. Сол ержүрек азаматтардың бірі – Әлібай Әбенов.
ТАҒЫЛЫМ
30 сәуір 2019 г.
577
0
Замандасымыз, досымыз Рүстем Жанай туралы есте қалғандарды қағаз бетіне түсіру жөнінде ұсыныс түскенде қиналып қалдым, оның себебі Рүстем мен айтпай-ақ, жазбай-ақ, Сыр бойына, бүкіл республикаға белгілі азамат. Өзінің бүкіл өмірімен елге жасаған еңбегімен, шығармашылық қызметімен, халыққа деген қамқорлығымен, достыққа беріктігімен, ағайынға, әулетке жанашырлығымен абыройға бөленген жан.
ТАҒЫЛЫМ
25 сәуір 2019 г.
1 054
0
Өмір – өзен. «Алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер кезекпенен өлінер, бұрынғыдай көрінер» – деп хакім Абай айтқандай, осы ағыста әр адамның өз толқынымен өмір сүріп, артына өнегелі істермен саналы ұрпақ қалдыруы арқылы ұрпақ сабақтастығын жалғастыруы табиғаттың бұлжымас заңды құбылысы екендігі белгілі.
ТАҒЫЛЫМ
21 сәуір 2019 г.
556
0