Мұстафа мен Мария

Мұстафа мен Мария

Кеңес үкіметі Қоқан автономиясын қиратып, тұтқындалудан қашып жүрген Мұстафа Шоқаймен 1918 жылғы 18 сәуірде бас қосқанда басталған, ал өзі ерекше терең түсіне сүйген жары 1941 жылдың 27 желтоқсанында дүниеден озған кейін жалғаса түскен сан салалы ширек ғасырдан астам уақытқа созылған жалғыздықтың қиыншылықтарына тап болған Мария Яковлевна Горина кім еді? 
ТАҒЫЛЫМ 12 қазан 2019 г. 870 0
Кемеңгер Кекілбаев кеңістігі

Кемеңгер Кекілбаев кеңістігі

«Жерасты қозғалыстарының әлде бір сиқыр құдіретімен ғайыптан пайда болып, кейін кең әлемнің төрінде мәңгі бақи орнап қалатын ақар-шақар асқар шыңдар сияқты адамзат алдындағы қадір-қасиеті тек бір ғана ғұмырдың ауқымымен өлшенбейтін елден ерек ересен тұлғалар жұмыр бастылар арасында да ұшырасады. Ондай сирек туатын адамның өнегелі өмірі бақилығы мен баяндылығы жағынан өлмес-өшпес табиғаттың өзімен ғана бәсекеге түсе алады».
ТАҒЫЛЫМ 11 қазан 2019 г. 442 0

Теңін тапқанды тегін бер

Ертеде бір байдың Ақбалық деген жалғыз қызы толысып, бой жеткен шағында мырза-серілердің бірін де қаламай өз үйінің кедейліктен басқа міні жоқ қойшысы Қозыбаққа ғашық болыпты. Қыздың әкесі момындау, бірақ ағалары «бесқасқа» атанған «сен тұр, мен атайындар» екен. Ата-ана, жақын туыстары Ақбалықты жылатпай, өзінің сүйгеніне қосыпты.
ТАҒЫЛЫМ 10 қазан 2019 г. 503 0

Тұңғыш әскери ұшқыш

Алғашқылардың бірі болу екі адамның тағдырына жазыла бермеген. Оның ішінде ғылым мен білімге, ХХ ғасырда техникалық прогреске қол созған ұлт өкілдерінің қолдары жете  бермеген әскери мамандық пен ұшқыш болуға ұлттық бойкүйездігіміз бен ынта-құштарлығымыздың жете бермегендігі, содан да барып көп нәрседен кешеуілдеп  қалғанымызды бүгінгі аға буынның өкілдері жақсы біледі. Оның үстіне қанға сіңген, ұлттық көзқарас пен қазақы пиғыл ол мамандыққа деген қызығушылықты тежеумен болды. Алысқа бармай-ақ осы жолдың авторы да осындай жайттарды басынан өткізген еді.
ТАҒЫЛЫМ 10 қазан 2019 г. 1 014 0
Халқың барда сен барсың, абыз аға!

Халқың барда сен барсың, абыз аға!

(Сыр елінің абыз ақсақалы Сейілбек досты еске алу)
ТАҒЫЛЫМ 08 қазан 2019 г. 562 0
Еңбегімен елге сыйлы

Еңбегімен елге сыйлы

Республикаға еңбегі сіңген ауыл шаруашылығының маманы, «Құрмет белгісі» және «Октябрь революциясы» ордендерінің, облыс әкімінің Құрмет Грамотасы мен бірнеше медальдардың иегері, Қазалы ауданының құрметті азаматы, отыз үш жыл кеңес шаруашылығын абыроймен басқарған Құлмырза Тілеуов бұл күнде 90 жасқа келіп отыр.
ТАҒЫЛЫМ 05 қазан 2019 г. 713 0
Әулеттің алтын қазығы

Әулеттің алтын қазығы

Қазақта әулетке келін боп түскен қыздар шыққан күйеуінің ғана емес, сол шаңырақтың әрбір жанының көңілінен шығып, бабын табатын болған ғой. Ол ата-ене, абысын-ажын үшін қалыпты жағдай болса, ал қайын сіңлілер, қайнылары үшін ол баға жетпес достық, олар жеңгелерімен сырларын бөлісетін болған. Сондықтан да олардың араларында ерекше сыйластық қалыптасқан. Мен сырлас болмасам да өзім сыйлайтын, үлгі тұтатын жеңешем жайлы сөз қозғағалы отырмын.
ТАҒЫЛЫМ 01 қазан 2019 г. 2 197 0

Тәрбие тіні – ұрпақ сабақтастығында

Қауіпсіздік органдары өз қызметін Қызылорда облысы аумағында бастағалы да ғасырға жуық уақыт өтті. Тарқатып айтар болсақ, 1932 жылғы қыс-көктем айларында Алматы, Ақтөбе, Семей, Петропавловск, Орал, Шымкент қалаларында төтенше комиссиялардың жедел секторлары құрылды. Қызылорда Шымкент облысының құрамына кіруіне байланысты облыс көлеміндегі жедел жұмыстарды Шымкенттік Бүкілресейлік мемлекеттік сектор бөлімі жүргізді. Оның құрамына Қызылорда қалалық бөлімшесі мен Жаңақорған, Қармақшы аудандары аппараттары кірді. Міне, осы кезеңді облыстық қауіпсіздік қызметі органдарының бастауы санауға болады. 
ТАҒЫЛЫМ 01 қазан 2019 г. 818 0

Бір ауылдан түлеп ұшқан

Жалағаш ауданы бұрынғы Ленин колхозындағы №117 Мақпалкөл орта мектебін 1959 жылы бітірген түлектер бас қосуды жоспарлап, алдын ала да­йындық жұмыстарын ерте бастады. Сол жылы осы мектептен түлеп ұшқан 62 түлектің мекен-жайы, жұмыс орны іздестіріліп, деректер жиналды.  Қазіргі заманауи технологияны қолданып, әр түлек туралы, оның отбасы, жұмысы төңірегінде видеокөрсетілім түсіріліп,  слайд жасалды. "Бізге 60 жыл!" атты шақыру хат да­йындалып, ұйымдастыру­шылардың және сол түлектердің бірі Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, республикаға танымал ақын Махмұтбай Әміреұлы үш шумақ өлең жазды.
ТАҒЫЛЫМ 26 қыркүйек 2019 г. 637 0
Өмірі өшпес өнеге

Өмірі өшпес өнеге

«Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген ата-бабалардың керемет сөзі бар. Осы сөз атадан балаға, қанша ғасырлардан бері ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып, айтылып келе жатыр. Өмір үнемі қозғалыста. Адам баласы үшін дүниеге келу де, бұл пәни жарық дүниеден бақилық болу да табиғат заңдылығы. Бірақ, бұл өмірді әркім әртүрлі өткізеді емес пе? Өмірде өнегелі із, атадан балаға таусылмайтын мұра қалдырған данагөй бабаларымыз бен ата-ағаларымыз қазақ жерінде көптеп кездеседі.
ТАҒЫЛЫМ 26 қыркүйек 2019 г. 891 0