Кеше Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында мерекелік «Алтын дән-2016» салтанаты өткізілді. Қос тойы қабат келген сырбойылықтар мерейтой аясында ақ күріштің атасы, дала академигі Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығына орай даңғайыр дихан ескерткіші-бюстіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Мерекелік шараларға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 қазан 2016 г.
779
0
Кеше А.Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығына арналған «Дала академигі-Ыбырай» республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Конфереңция жұмысына Ауыл шаруашылығы министрінің жауапты хатшысы Ермек Көшербаев, қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкір, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Қуандық Түменбай және республикамызға белгілі ғалымдар, облыстың зиялы қауым өкілдері мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйым мүшелері, жоғары және арнаулы оқу орындарынан келген оқытушы-профессорлар, студент-жастар қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 қазан 2016 г.
1 403
0
Ұлы дария есімін иеленген ауданда ел қызығатын, көпке үлгі болатын, халыққа тигізетін пайдасы зор игілікті істер өркен жайып жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Тұрмысы төмен әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларының жағдайын жақсарту мақсатымен 2015 жылдың желтоқсан айында кент орта¬лығында «Әлеуметтік дүкен» ашылды. Ауданда жұмыс жасайтын бюджеттік сала қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын әлеуметтік дүкеннің қорына аударды. Мұнай компаниялары, мердігерлер мен шаруа¬шылық төр¬ағалары арасында меморандумға қол қойылды. Дағдарыс кезінде жасалған бұндай қайырымды іс аудан халқының ауызбірлігін көрсетті. Әлеуметтік дүкеннің ашылуына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев арнайы келіп қатысып, оң бағасын берді. Жыл бойы жұмыс жасаған әлеуметтік дүкен ашылғанда 123 отбасы 544 мүшесіне қызмет көрсеткен болатын. Бүгінгі күні 147 отбасының 717 мүшесіне тиісті жеңілдіктер мен көмегін беріп жатыр. Кент тұрғындарының көңілінен шығып, қызмет етіп жатқан әлеуметтік дүкеннің жұмысы туралы оның жанынан құрылған бақылау тобының төрайымы «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ұлмекен Жаналиеваны әңгімеге тартқан едік.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 қазан 2016 г.
776
0
Өмір деген осы, ұшқан құстай зымырап өте шығады. Күні кеше ортамызда жайраңдай күліп, жайсаңдай басып жүрген Кемал ағамыз Нұрекешовтың мәңгілік сапарға кеткеніне он жыл болыпты-ау. Сыр аймағында бүкіл саналы ғұмырын ересен еңбектің ыстық-суығына арнап, бұл өмірде өзіндік қолтаңбасын қалдырған айтулы азаматтар болған. Сондай азаматтардың бірі ғана емес, бірегейі, қашанда қарапайым қалпынан айнымай, кісілік пен кішілік бітім-болмысын таза ұстап өмірден өткен Кемал аға. Ұлы Абай атамыз: "Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан” дегендей, Кәмекең отыз жылдан астам облыстың құрылыс саласында басшылық қызметтер атқарып, алтын қолымен талай құрылыстың кірпішін қалап кеткен еді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
22 қазан 2016 г.
883
0
Жастар форумы аясында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті. Кездесуге келген жастарға арнаған сөзінде аймақ басшысы алдымен Елбасымыздың жастарға деген қамқорлығына тоқталды. Сондай-ақ, ол ел ертеңі бүгінгі жас екендігіне баса назар аударып, келер заманның оңай болмайтындығын, қиындықпен күресе білу керектігін жеткізді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қазан 2016 г.
1 006
0
Диқан қауым егінін жинап, көңілін бір демдейтін қоңыр күздің берекелі шағы биыл мерейлі мерекеге, ұлан-асыр ел тойына ұласты. Ол – ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен қабат келген даңғайыр диқан, күріштен дүниежүзілік рекорд жасап, өзін де, елін де жер-жаһанға танытқан екі мәрте Социалистік Еңбек ері Ыбырай Жақаевтың 125 жылдығы. Ыбырай құдіретін әлемге әйгілеген жер мен дән, Сыр жері, Сыр күріші. Сондықтан диқан Ыбырай мен жер, дән – егіз ұғым. Сырда күріш негізгі дақыл болып орнығып, облыс егін шаруашылығының басым бағытына айналуы да Ыбырай Жақаев есімімен тікелей байланысты. Даңқты диқан мерейтойына орай ертең облыс орталығында дән егіп, есімі дүниежүзі тарихына енген ерен еңбек иесіне арналған ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылады. Сенбі, жексенбі күндері салтанатты шаралар Шиелі ауданында жалғасады. Бұл егемендіктің тірегі – еңбекке, еңбек адамына деген ел құрметі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 қазан 2016 г.
872
0
Арадағы алыс-берісті, барыс-келісті бұрынғыдан бетер арттырмақ ниетпен Сыр еліне келген ақтөбелік делегация кешегі сенбіде облыс орталығындағы өндіріс орындарын аралады. Мемлекет қолдауымен өткен жылы өмірге жолдама алған «Жан-Арай жем» зауыты көрші өңір өкілдерінің қызығушылығын туғызды. 1994 жылы жеке кәсіпкер ретінде жұмыс бастаған серіктестік директоры Бақдәулет Мақашев бертін келе күріш жармасы мен түйіршіктелген құрама жем өндіретін, күріш ақтайтын кәсіпорынның ісін ілгерілете түсті. Сырдариядағы «БАҚ», «Ақжарма», Жаңақорғандағы «Түгіскен-Жер» секілді алты шаруашылықтың басын біріктіріп отырған «Жан-Арай жем» кооперативі диқандардың жиған-тергенін ақтаумен айналысады. Келісімшартқа сәйкес олар 6500 гектар жерге Сыр салысын егіп, әрқайсысынан 63,5 центнерден өнім алды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қазан 2016 г.
748
0
Облыстық ішкі саясат басқармасы, "Самұрық инновациялық идеяларды дамыту орталығы” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Мәңгілік ел мұраты – Тәуелсіздік” облыс жастарының ХІІ форумы басталды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
18 қазан 2016 г.
857
0
Елбасының тапсырмасына сәйкес аймақтар арасындағы кооперациялық байланыс нығая түсті. Өңіраралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру мақсатында 13-15 қазан күндері Сыр жерінде Ақтөбе облысының күндері өткізілуде.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
15 қазан 2016 г.
1 015
0
Ауыл деп аталатын қазақтың қарашаңырағында берекелі тірліктің бастауына айналған қаймана қазақтың дінге де көзқарасы алабөтен емес. Әрбір елді мекеннің төрінен имандылық ордасына айналған мешіт үйлері бой көтерген. Жамағат жұма сайын және діни мерекелерде мешіт табалдырығын аттап, айқара құшақ жая бір-бірін қарсы алып жатады. Осы тұста елге ақыл айтар ақсақалдармен қатар жүретін ауыл имамдарының беделі жайлы сөз қозғағанды жөн көріп отырмыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 қазан 2016 г.
869
0