« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыстық ішкі саясат басқармасы, "Самұрық инновациялық идеяларды дамыту орталығы” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Мәңгілік ел мұраты – Тәуелсіздік” облыс жастарының ХІІ форумы басталды.
Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған форум аясында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы мекемелердің және жастар ұйымдарының өзара іс-қимылы, жастар саясатына талдау және мониторинг тақырыптарында секциялық жұмыс өтіп, облыстағы жастар саясатын жүзеге асырудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жобасы талқыланды. Сонымен қатар "Жастар” ғылыми-зерттеу орталығының консалтингтік басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н.Наурызбаев, Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің бас сарапшысы Е.Бихожаев, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректорының жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Ж.Базартай мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы жайлы ойымен бөлісті.
– 2013 жылы "Қазақстан – 2020” тұжырымдамасы қабылданған болатын. Осы тұжырымдамада жастар ресурстық орталықтарын, жастар ғылыми-зерттеу орталықтарын құру секілді ұсыныстар қабылданды. Соның нәтижесінде қазір әрбір облыста жастармен тікелей жұмыс істейтін орталықтар есігін айқара ашып, нәтижелі жұмыс жасауда. Алдағы уақытта да жұмыс осы қарқынмен жалғасса, жастарды қолдауға бағытталған әлеуметтік-мәдени, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйелі жүзеге аса береріне сенім мол, – деді Н.Наурызбаев.
Мөлдір ҚАЛЫМБЕТ.
ЖАСТАР ЖАЙЫ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ
Сыр елінде «Мәңгілік ел мұраты – Тәуелсіздік» атты об¬лыс жастарының дәстүрлі XII форумы өтуде. Форум төрт сек¬ция бойынша жүргізілуде. Соның ішінде екінші секция «Ұйым¬дастырылмаған жастармен жұмыс жасаудың жаңа тәсілдері» деп аталды. Оған ауылдық әкімдіктер мамандары, аудандық ішкі сая¬сат бөлімінің басшылары, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Онда тақырыпқа байланысты «Қазақстан жастар Конгресі» ЗТБ директоры Айдын Сәбитов пен облыстық ішкі саясат бас¬қармасының жастармен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Мая Тасқынбаева хабарлама жасады.
Мұндай форумдар республиканың барлық аймағында өтіп жатыр. Онда қозғалған мәселелер мен ұсыныстар жыл аяғында өтетін республикалық жастар форумында көтерілетін болады. Бүгінде жастардың білім алуға, қоғамдық жұмыстарға белсене араласуына бар жағдай жасалғанмен, оқитын, жұмыс жасайтын, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың белсенділігі төмен. Осы ретте жастардың белсенді ұйымдары олардың тұрақты жұмысқа орналасуына, қоғамдық іс-шараларға белсенді араласуына, кәсіппен айналысуға өз ықпалын тигізуде.
– Жалпы, форумның мақсаты – жастардың басын біріктіріп, олардың арасындағы өзекті мәселелерді анықтау. Бұл форум барлық облыстарда белсенді өтуде. Онда көтерілген мәселелерге зер сала отырып, жастардың пікірімен санасу басты орында. Сол себепті алдағы болатын республикалық форумда олардың айтылған ұсыныс, ойлары жеткізілетін болады, – деді Айдын Маратұлы.
Сара АДАЙБАЕВА.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |