Кеше Кәсіпкерлер палатасында РФ Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей Академиясының «Корпоративтік басқарудың жоғары мектебі» факультетінің деканы, профессор, экономика ғылымдарының докторы Сергей Календжян кәсіпкерлермен және мемлекеттік қызметкерлермен кездесті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
05 қараша 2016 г.
601
0
Бүгінгі таңда еліміздің әлемдік аренада танымал бола түсуі үшін көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Қазақ халқының дәстүрі, мәдениеті және бүгінгі өмірі туралы, табиғи байлығы, экономикалық күш-қуаты жөнінде халықаралық басылымдарда мақалалар жарияланып, бейнероликер көрсетілуде. Халықаралық конференциялар, форумдар және басқа да имидждік шаралар ұйымдастырылуда, оның ішінде ең ірісі, күн өткен сайын жақындап келе жатқан «ЭКСПО-2017» көрмесі де бар.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
03 қараша 2016 г.
768
0
Тәуелсіздіктің алғашқы жылында облыста облыстық және аудандық газеттер, ашылғанына жыл тола қоймаған жалғыз телеарна болды. Ширек ғасырда бұл көрсеткіш 9 есеге өсті. Қазір аймақта 82 БАҚ жұмыс істейді. Олардың қатарында 4 электронды, 3 ақпараттық агенттік және 75 баспа БАҚ бар. Тәуелсіздік жылдарында «халықтың үні, тілі һәм құлағы болған бұқаралық ақпарат құралдары аймақтың шежіресін жасауға еңбек сіңірді. Аймақтың ата басылымы – «Сыр бойы» өңірде мемлекеттік бағдарламаларды терең әрі жан-жақты насихаттағаны үшін Президенттің «Алғыс хатына» ие болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
03 қараша 2016 г.
668
0
Алашымыздың арыстары айқын аңдатқандай, егер ерім дейтін елі болмаса, елім дейтін ер қайдан шықпақ?! Бұл тұрғыдан келгенде, біздің Қазақ елінің тәуелсіздік таңының атуымен бірге тарихтағы ақтаңдақтарымыздың орны толып, өткен дәуірлерде өнегелі өмір сүріп, халқына қалтқысыз қызмет еткен баһадүр бабалардың ерен еңбектері еленіп, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз қайта жанғандай келісімді керімсал күй кешіп жатқанымызға шүкіршілік еткендейміз. Егемендігіміздің биылғы 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өңіріміздің және Астана, Алматы қалаларының бір топ ғалымдары мен қаламгерлері облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың атына осы мазмұндас арнайы хат жолдап, өтініш білдірген болатын. Онда Сыр бойының орта және төменгі ағысын ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында Қоқан, Хиуа хандықтары басып алып билеген, Ресей отарлаушыларының батыстағы, Арқадағы қазақ жерлерін жаулап тажалдай төніп келе жатқан қатерлі, қиын кезеңде халқына аға да, пана да, көптің қамын ойлаған дана да болған Тұрсынбай би, датқа сынды қаһарман қайраткерді ел есінде қалдырып, ұлықтаудың қажеттілігі хақында сөз қозғалған еді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
03 қараша 2016 г.
1 485
0
Тәуелсіз Қазақстанның жаңа кезеңінде ғасыр жобасы атанған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автокөлік дәлізі Елбасының тікелей бақылауындағы ғаламдық деңгейдегі құрылыс болып саналады. Көлік дәлізінің еліміз аумағы арқылы өтетін учаскесінің қашықтығы 2787 шақырымды құрап, 5 облыстың аумағын кесіп өтеді. Ал біздің облыс аумағынан өтетін қашықтығы 812 шақырымды құраса, оның 246 шақырымы бірінші техникалық, ал 566 шақырымы екінші техникалық санатқа жатады. Қазіргі таңда жолды қайта жаңарту жұмыстары барысында 48 көпір, 83 мал өткелі, 14 екі деңгейлі жол айрығы, 2 темір жол өткелі салынып пайдалануға берілді. Осының нәтижесінде көлік құралдарының жүріс жылдамдығы сағатына 120 шақырымға өсіп, автомобиль жолы 8 елді мекенді айналып өтеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
03 қараша 2016 г.
776
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда күн тәртібіне бірнеше мәселе қойылды. Жиында аймақ басшысы облыстық құрылыс-сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысы болып тағайындалған Мұхамедиса Әлсеріковті таныстырып өтті. Сонан соң, облыстық бюджеттің орындалу барысы талқыға салынды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 қараша 2016 г.
658
0
Жаңақорған ауданында науқанды жұмыстардың қорытындысы бойынша «Алтын дән-2016» мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңындағы орталық алаңда ұйымдастырылған шара барынша тартымдылығымен тұрғындарды тәнті етті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 қараша 2016 г.
920
0
Өткен аптаның соңында Қазалы ауданында ұлан-асыр той болды. Тағылымға толы той. Халық ұлыларын ұлықтады. Тарихқа тағзым жасады. «Тәуелсіздікке тәубе» десті. Қазалы жұртының қуанышына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ортақтасты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 қараша 2016 г.
1 171
0
ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында қазақтар өздерінің балаларын Ресей мен шетелдердің орта және жоғары оқу орындарына оқуға жіберді. Қазақ жастарының елеулі бөлігінің заң факультеттерін таңдауы тегін емес болатын. Көптеген қазақ жастары Санкт-Петербург, Мәскеу, Томск, Саратов университеттерінде оқыды. Мәселен, М.Шоқай мен А. Тұрлыбаев Санкт-Петербург университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірген. Ал Ә.Бөкейхан Санкт-Петербург Орман институтын, С. Асфендияров әскери медицина академиясын, Ж. Досмұхамедовтер де заң факультеттерін бітірді. Сөйтіп екі ғасырдың тоғысында Ресейдің түрлі қалаларында 700-ге жуық қазақ жастары білім алған болса, олар туған халқын отаршылдықтың буғауынан құтқару үшін, Ресейдегі түрлі ағымдардың қызметіне араласып, тәжірибе жинақтады. Бұл – бірақ өткен тарих. Ал қазіргі заман тіпті басқаша.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 қараша 2016 г.
839
0
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Тәуелсіздік және Әбіш Кекілбаев әлемі» тақырыбындағы республикалық ғылыми конференция өтті. Оған елге белгілі ғалымдар, облыстың зиялы қауым өкілдері, студент-жастар қатысты. Конференция облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың алғысөзімен ашылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
29 қазан 2016 г.
1 171
0