Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Қыркеңсе аулында тұратын Әбсаттар Мырзабековтің үш әйелі бар. Үш әйел де бақытты екендерін, күйеулерінің өздерін алаламайтындығын айтады, деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2017 г.
877
0
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын Жолдауда қозғалған бағыттарды кеңінен тарқатып, мемлекеттік идеологияны анықтайтын, көпке түсінікті, рухани жаңғыртуға бағытталған саяси-идеологиялық құжат деп білемін.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2017 г.
1 691
0
Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек» деп атап көрсетті. Қай қоғамда, қай елде болмасын әліпби жасау немесе оны ауыстыру – бұл жалпыхалықтық, оның ішінде алдымен ұлттық мәселе. Сондықтан ол - саяси, мәдени, лингвистикалық, әлеуметтік-лингвистикалық, әлеуметтік, экономикалық т.б. жақтан ойланып, толғанып шешетін маңызды әрі күрделі проблема.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2017 г.
1 350
0
Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Қазақстанның үшінші жаңғыруына серпін беретін жаңа идеяларға толы. Әсіресе, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласының өкілдері үшін жүктелетін міндеттерге берілген басымдық сала ғалымдарын серпілтіп тастағаны анық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2017 г.
9 363
0
Мәдениет – ұлттық құндылықтарымыздың алтын өзегі. Әсіресе елді мекендердегі мәдениет ошақтары ауыл тұрғындары мен жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу жолында түрлі мәдени шаралардың ұйытқысы болуда. Қазіргі таңда мәдениет үйлері жанынан үйірмелер мен бірлестіктер жұмыс жасап, клуб мекемелері де қызмет түрлерін талапқа сай жақсартуда. Осы орайда Жалағаш ауданында «Мәдениет өркенін бізбен бірге жаса!» атты клуб қызметкерлерінің облыстық командалық байқауы өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2017 г.
733
0
Үкімет өткен жылдың соңында Елбасы тапсырмасымен «Нұрлы жер» бірыңғай тұр¬ғын үй құрылысы бағдарламасын әзірлеген еді. Бағдарлама қазақстандық отбасыларды қол-жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге арнал¬ған. Елбасы биылғы Жолдауында «Менің тапсырмам бойынша биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастайды. Ол аса маңызды міндетті орындауға – алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған» деген болатын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2017 г.
668
0
Мәскеуді жаудан қорғап, соғыста ерлік көрсеткен майдангерлерге құрмет ретінде өткен жылдан бастап, «Мәскеу үшін шайқасқа – 75 жыл» төсбелгісі табысталып келеді. Мерейтойлық медаль қызылордалық үш ардагер Бөрібай Құлманов, Әбдіраман Әбішев және Кеңесбай Қалиевке берілді. Ресейдің Алматыдағы бас консулы Алексей Демин төсбелгіні табыстау үшін жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2017 г.
807
0
Аймағымыздағы келер ұрпақ¬тың алдындағы ардың ісін арқалап жүрген зиялы қауым Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағ¬дар: рухани жаңғыру» мақаласын ықыласпен түйсіне оқығаны анық. Олай дейтінім, мақалада «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген жолдардың астарында үлкен мағына жатыр. Шынында да рухы биік азаматтары бар елдің іргесі мәңгілік болары хақ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2017 г.
3 403
0
Иә, заман өзгерді. Осыған сәйкес адамдар психологиясы да өзгерістер үстінде. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүние танымымызда әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен терезе теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Заман талабына сай икемделу керектігін Елбасымыз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айрықша атап көрсеткен. Шындығы сол, жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіру керек екені даусыз.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2017 г.
695
0
Тәуелсіздігін ширек ғасыр ғана бұрын алған еліміз бүгінде саяси және экономикалық жаңғыруларды тиімді жүзеге асырып келеді. Бірақ әлемдік жаһандану үдерісінде экономикалық әл-ауқаты ғана емес, сонымен қатар, рухани жаңғыру мен ұлттық сана да бәсекеге түсетін уақыты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 сәуір 2017 г.
1 057
0