Үкімет өткен жылдың соңында Елбасы тапсырмасымен «Нұрлы жер» бірыңғай тұр¬ғын үй құрылысы бағдарламасын әзірлеген еді. Бағдарлама қазақстандық отбасыларды қол-жетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге арнал¬ған. Елбасы биылғы Жолдауында «Менің тапсырмам бойынша биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастайды. Ол аса маңызды міндетті орындауға – алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған» деген болатын.
Сондай-ақ Жолдауда бағдарламаның іске асу тетіктері атап көрсетілді. «Бағдарламада тұрғын үй нарығын дамытудың кешенді шаралары көрініс тапқан. Соның бірі – «Даму» акцио¬нерлік қоғамы арқылы мемлекеттің суб¬си¬дия беруі есебінен құрылыс ¬салушылар үшін банк несиесін арзандату. Тұрғындар үшін «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ак¬цинерлік қоғамы арқылы банктер беретін ипотекалық несиені субсидиялау жүзеге асырылады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары үшін әкімдіктердің несиелік тұрғын үй салуы жалғасады. Оған ілгеріде бөлінген қаржы «револьвер» қағидаты бойынша қайта пайдаланылады. Әкімдіктер халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй бөлу ісін дамыта беретін болады. Жаппай тұрғын үй құрылысы үшін әкімдер тиісті жер телімдерін бөлуге тиіс» делінген.
Жақында «Даму» қоры «Нұрлы жер» бағдар¬ламасын жүзеге асыруды бастады. Бағдарлама бойынша үй салатын құрылыс компанияларының несиелері субсидияланады. Биыл республикалық бюджетте осы мақсатқа 10,7 млрд теңге қарас¬тырылған. Келесі жылы шамамен 300 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жос¬парланып отыр.
– Екінші деңгейлі банктер жеке компанияларға сыйақы мөлшерлемесі бойынша несие береді. +5 пайыз субсидиялау туралы шешім шыққан сәттегі ҚР Ұлттық банкінің белгілеген мөлшерлемесі бүгінгі күні жылдық 16 пайызды құрап отыр. Оның 7 пайызын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры субсидиялайды. Құрылыс жүргізуші жақ қалған 9 пайызын төлейді. Субсидия тұрғын үй салумен айналысып жүрген кәсіпкерлердің жаңадан алатын несиелеріне беріледі. Бұрыннан тұрған ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізіп, жаңартумен айналысатын компаниялар бұл санатқа кірмейді, – деді «Даму» қоры субсидиялау департаментінің директоры Тоғжан Алмантаева.
Субсидия 36 айға дейін ұзарту мерзімінсіз беріледі. Бағдарламаның талаптары бойынша құрылыс жүргізуші компания тұрғын үйлердің кем дегенде 50 пайызын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы шекті бағамен өткізуі керек. Баға Астана мен Алматы және осы қалалардың маңайында 260 мың теңгеге дейін, ал басқа өңірлерде 220 мың теңгеге дейін белгіленген. Бұл – таза әрлеу жұмыстары жүргізілген пәтердің 1 шаршы метр үшін көрсетілген баға.
Жеке үй құрылысы барысында 1 ¬шаршы метрдің құны 120 мың теңгеден аспайды (инже¬нерлік-коммуникациялық инфрақұрылым¬дар құнын есептемегенде). Сонымен қатар, аталған бағ¬дарлама аясында халықтың «Қазақстан иптекалық компаниясы» АҚ арқылы екінші дең¬гейлі банктерден алған ипотекалық тұрғын үй несиелерінің сыйақы мөлшерлемелерін субсидия¬лау да қарастырылған.
Жуырда журналистерге арналған брифингте «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қызылорда филиалы директорының орынбасары Айзат Ізтілеуова 18 наурыз бен 19 сәуір аралығында «Жергілікті атқарушы органдарда кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесі бойында орналасқан №12,13 және Ә.Қашаубаев көшесі бойында орналасқан №1, 2 көпқабатты 50 пәтерлік тұрғын үйлерге дауыс беру түрінде өтініштер қабылдау жүргізілуде, – деген еді. Тұрғын үй бағасының 1 шаршы метрі 136 600 теңгеден басталады, таза әрленген күйде беріледі. Бағдарламаның талабы – тұрғын үй бағасының 30 пайызы конкурсқа қатысу барысында салымшының депозиттік шотында болуы шарт. Несие 5 пайызбен рәсімделеді. Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтар үшін де осы шарт бекітілген.
«Нұрлы жер» – ипотекалық несиелеуді қол¬дауға бағытталған мемлекеттік бағдарлама. Ол арқылы халыққа екінші деңгейлі банктердің ипотекалық қарыздары әлдеқайда қолжетімді болмақ. Ипотекалық несиелеу нарығын жандандыру мақсатында азаматтарға екінші дең¬¬гейлі банктердің алғашқы тұрғын үйді ¬сатып алуға берілетін ипотеканың пайыздық мөл¬шерлемесінің бір бөлігін мемлекеттің субсидиялауы арқылы халықтың сұранысын ынталандыру қарастырылған.
Рrimeminister.kz сайтының мәліметіне қара¬ғанда, биыл аталған бағдарламаның көмегі¬мен тұрғын үй алуға шамамен 8000 ипотекалық қарыз бөлінеді. Бағдарлама бойынша жеке үй салушыларға қолжетімді кредиттік ресурстар енгізіл¬мек.
М.МЕРЕЙ.