Аймағымыздағы келер ұрпақ¬тың алдындағы ардың ісін арқалап жүрген зиялы қауым Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағ¬дар: рухани жаңғыру» мақаласын ықыласпен түйсіне оқығаны анық. Олай дейтінім, мақалада «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген жолдардың астарында үлкен мағына жатыр. Шынында да рухы биік азаматтары бар елдің іргесі мәңгілік болары хақ.
Елбасының жыл басындағы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталды деп жарияланды. Қайта жаңғырудың екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алып жатырмыз. Осы жұмыстарды жүзеге асыру үшін әрқайсымыздың санамыз ісімізден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс, делінген мақалада. Шындығында ұлттық рухы, руханияты жоғары, мәдениеті озық ел көп нәрсеге қол жеткізетіні анық. Және ұлттық бірегейлікті сақтау ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін қажет етеді. Елбасы ұлттық мәдениетті сақтай оты¬рып жаңғыру және ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту қажет екенін қазақстандықтардың түсіне білуі керек екендігін баса айтады. Мақаладағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алу ұсынысы жас ұрпақты тәрбиелеуге дәл және уақытында айтылған нақты тапсырма деп білемін. Әрбір адамның жүрегінде кіндік қаны тамған жеріне, өскен ауылына, туған жеріне деген сүйіспеншілік, құрмет болмайынша – Отан деген Ұлы ұғымға адал қызмет ету, жан дүниесімен беріле сүю екіталай.
«Қазақстанның қасиетті жер¬лерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы», – делінген мақалада.
Бұл жөнінде Сыр өңірінде рухани-мәдени саланың дамуына ерекше жағ¬дай жасалынып келе жатқанын атап айтқым келеді. Рухани мол мұраға бай өлке ретінде тарихи-мәдени мұра¬ларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңес құрылып, рухани мұраларымыз зерттелуде.
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұ¬рବларының алдын ала тізіміне облыс аумағынан 9 тарихи ескерткіш – Сығанақ, Жанкент, Шірік Рабат, Кес¬кен күйік, Бәбіш мола, Жент, Баланды қалашықтары, Жетіасар мәдени ескерткіштері және Сауысқандық петроглифтері енгізілді.
Аймағымызда халықаралық ақын¬дар айтысы, классикалық әндер, дәстүрлі орындаушылардың респуб¬ликалық фестивальдары өткізілді. «Парасатты поэзия» атты республикалық жазба ақындар фестивалін жаңа сипатта өткізу жоспарда тұр. Бұл игі істер халық үшін жасалуда.
Жалғасын табатын жарқын іс¬тердің жүзеге асуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл басындағы ха¬лыққа Жолдауында айтылған Қазақ¬-станның үшінші жаңғыруы бағдар¬ламаларымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бағыт-бағдар болатыны сөзсіз. Сыр елінің зиялы қауым өкілдері рухани жаңғырудың, озық ой-сананың, ұлттық рух пен патрио-тизмді насихаттайтын жарқын істер¬дің көшбасында жүреді деп сенемін.
Қаршыға ЕСІМСЕЙІТОВА,
Қазақстан Жазушылар одағы
облыстық филиалының
директоры.