Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында жаһандану дәуіріндегі ел болашағының ерекше басымдықтарын атап көрсетіп, ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалу жолында аса ауқымды міндеттерді алға тартады. Ұлттық сана туралы өзінің толғанысында Елбасы «Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп бара жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүние танымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземіз теңеліп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек» – дейді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 тамыз 2017 г.
586
0
«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Союз-ТМА» зымырантасығышы ұшырылды. Әуе кемесінің бортында «РОСКОСМОС», «ИЕКА» (ЕУропа), «НАСА» (АҚШ) ғарышкерлері болды. «Союз» зымыранының ұшырылуына «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің әр елдегі комиссары қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 тамыз 2017 г.
605
0
ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме аясында Румынияның Ұлттық күні атап өтілді. Іс-шараға Румынияның Сыртқы істер министрі Теодор Мелешкану, Парламент депутаттар Палатасы төрағасының орынбасары Флорин Иордаке, Румыния павильонының комиссары Михаил Дору Дедиу және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 тамыз 2017 г.
497
0
Аудандарда жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді. Бұл – халықты жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламалардың, сондай-ақ азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің жетілдірілуінің нәтижесі. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары – Сырдариядан – Еркебұлан Жақып, Жалағаштан – Эльмира Құттымбетова, Шиеліден – Исабек Байкенжеев пен Жаңақорғаннан Жақыпбек Данияров осы мәселелерге кеңінен тоқталды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 шілде 2017 г.
640
0
Өткен айда Қорқыт ата мемориалды кешенінде ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында Этноауыл ашылып, киелі Қармақшы топырағына табан тіреген меймандар қазақтың ұлттық дәстүр көріністеріне куә болуда. Ашық аспан астында тігілген ақшаңқан киіз үйлерде Қызылорданың үздік қолөнершілері мен зергерлерінің таңғажайып туындыларымен танысып, олардың жүн, былғары, киіз, мүйіз және сүйектен жасалған бұйымдарын сатып ала алады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 шілде 2017 г.
1 067
0
Қазір Қызылордада ерекше көз тартарлық ғимараттар көптеп салынуда. Тіпті, қазір бұл аймақты алып құрылыс алаңы деуге де болады. Әсіресе, Сырдария өзенінің сол жағалауында бой көтеріп жатқан нысандар туралы көпшілік жиі айтып жүр. Сол маңдағы құрылыс жұмыстарымен танысу мақсатымен аталған аймаққа біз де барып қайттық.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 шілде 2017 г.
1 840
0
«Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады». Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауынан.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 шілде 2017 г.
1 091
0
«Нұр Отан» партиясы «Кедергісіз келешек» жобасының аясында өңірдің бір топ мүмкіндігі шектеулі баласына жазғы демалыс лагеріне жолдама берілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 шілде 2017 г.
573
0
Экономикалық соттар – кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар арасындағы және ұжымдық кикілжіңдерді шешумен айналысады. Бір сөзбен айтқанда, экономикамыздың тұрақты дамуына кедергі келтіретін теріс әрекеттерді болдырмау және оны заң жүзінде реттеуші орган болып саналады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 шілде 2017 г.
769
0
Өзге өңірлер секілді Арал ауданында да көрікті құрылыстар көптеп бой көтеруде. Оған ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында бірқатар жұмыстардың атқарылғаны дәлел. Олардың қатарында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы Арал қаласындағы 300 орындық № 14 мектеп ғимаратының құрылыс жұмыстары басталғанын атап өтсек болады. Жобаның сметалық құны 802 млн теңгені құрайды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 шілде 2017 г.
606
0