Экономикалық соттар – кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар арасындағы және ұжымдық кикілжіңдерді шешумен айналысады. Бір сөзбен айтқанда, экономикамыздың тұрақты дамуына кедергі келтіретін теріс әрекеттерді болдырмау және оны заң жүзінде реттеуші орган болып саналады.
Жалпы сот жүйесінің бастауы, халқымыздың бірлігі мен берекесін, салты мен санасының сақталуына мол үлес қосқан дана бабаларымыз, турасын айтқан билердің заманынан бастау алған. «Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің білімі мен ары бар», – деген даналық сөз осыдан қалса керек. Елмен елді табыстырып, дауласқанға тоқтам айтқан бабаларымыздың даналығының арқасында, қазақ ұлысының да өзіне тән заң ережелері, сот ісінің озық үлгісі – билер үкімі, «Дала заңы» қалыптасқан. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» секілді заң жарлығы, осы сөзімнің нақты дәлелі дер едім.
Бертін келе 20 ғасырдың басында, яғни 1922 жылы сол кездегі Кеңестер еліндегі барлық республикалар Одақтастас мeмлeкeт ретінде мәртебелерін белгілеп, қайта құрылды. Соған орай сот, заң шығару орындарын, басқару билігін одақтық саясат негізіне сай қайта жүйелеп, бекітті. Сот құрылымдары да Бүкілодақтық Атқару комитетінде қаралып, бip жүйеге түсірілді. Бүкілодақтық Атқару комитетінің 1923 жылдың 11 сәуірі күнгі қаулысымен РСФСР құрамында Қазақ бөлімінің Жоғарғы Соты құрылды.
1991 жылдың 16 желтоқсанында Казақстан Рес¬пуб¬ликасы – тәуелсіз мемлекет екендігін дүние жүзіне жариялап, Елбасымыз, ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заңы жарияланды. 1993 жылғы 28 каңтарда Қазақстан Республикасында бұрынғы шыққан Конституциялық заңдар ережесін жинақтай келе жаңа қоғамға лайықты "Қазақстан Рес-пуб¬ликасының Конституциясы" жарияланды. Жаңа Конс¬титуциядағы 16-шы тарау сот билігіне арналды. Конституцияның 95-бабында Қазақстандағы сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа және Жоғарғы Төрелік Сотқа, сондай-ақ, заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екені атап көрсетілді. Онда: "Ешқандай өзге органның, лауазымды немесе өзге адамның сот билігі міндеттерін өз мойнына алуға қақысы жоқ" делінген. "Конституциялық Сот – Казақстан Республикасы Конституциясын қорғау жөніндегі сот билігінің жоғарғы органы деп табылатынын" нақты атап, белгілеп берді. Сол кезеңнен бастап, ширек ғасырдан астам тарихы бар мемлекетімізде халықтың құқықтары мен талаптарын қанағаттандырып, демократиялық қоғам болып қалыптасуының негізгі бір тірегі саналатын – сот жүйесін дамыту Елбасымыздың назарынан тыс қалған емес.
Елбасының бастамасымен, республика судьяла¬рының съезі ұйымдастырылып келеді. Съезд өткізудің мақсаты және ерекше стратегиялық маңызы – еліміз¬дегі сот жүйе¬сін дамыту, оны қазіргі заманға лайық құқықтық және демократиялық елдердегі әлемдік стандартқа сәй¬кес¬тен¬діру болды. Съездің әрқайсысында соттардың соңғы төрт жылында атқарған жұмысы қорытындыланып, алдағы уақыт¬тағы атқарар межелер белгіленді. Жалпы, елімізде сот жүйесінің жандануына судьялар съездерінің ықпалы ерекше.
Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері судьялар съезі жеті рет өтті. Олардың әрқайсысының құқық саласындағы тарихи орны, маңызы ерекше. Съездерде көптеген маңыз¬ды мәселелер қаралып, олардың түйіні заңдылық тұрғыда шешілуде. Әр съездің сот жүйесінің дамуына, аза¬мат¬тардың сот әділдігіне деген сенімін арттыруға үлес қоса¬тынына күмән жоқ. Өткен жылы қараша айында респуб¬лика судьяларының VIІ съезі өткізілді. Аталмыш съезд бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам - баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарының 19 қадамын іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында өтті. Аталмыш съезде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев судьяларға жүктемені төмендету мәселесін көтеріп, билердің тәжірбиелерінен үлгі алуға шақырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы: «Сот билігі азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін елдігіміздің берік тұғырларының бірі болып табылады деп», – атап көрсетті. Осы съезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми мемлекеттік басқарудың негізгі органы ретінде сот жүйесін қалыптастыру мен реформаларға қосқан Тұңғыш Президенттің үлесін атап өтіп, тәуелсіздік жылдардағы сот жүйесін дамытудың бірқатар негізгі нәтижелердің бірі – соттарды мамандандыру үлгісін таңдап алынуы деген болатын. Сонымен бірге, съезде жаңадан Судьялық әдеп кодексі қабылданды.
Бүгінгі таңда еліміздің сот жүйесі одан әрі ілгерілеп келеді. Атап айтқанда, өткен жылы республикада сот жүйесін серпінді дамыту, оның қүқықтық негіздерін ны¬ғайту, азаматтардың сотқа қолжетімділігін арттыру бары¬сында оң нәтижелерге қол жеткізілді. Дүниежүзілік эко¬номикалық форумның жаһандық бәсекелестік индексі жария¬лаған рейтингіне сәйкес, Қазақстан «Сот тәуелсіздігі» көрсеткіші бойынша 2014 жылы 86-орынға тұрақтады. Соңғы үш жыл ішінде өз көрсеткішін 25 позицияға жақ¬сартты. Бүгінде елде сот-құқық реформасының жемісті жүр¬гізілуі Елбасының соттарға ұдайы қамқор болуының нақты дәлелі.
Осыдан 15 жыл бұрын ҚР сот жүйесінде маман¬данды¬рылған соттардың құрылуы туралы сөз көтерілген. Осыған орай ҚР Президентінің 2001 жылғы 16 қаңтардағы N535 Жарлығымен байқап көру ретінде Алматы және Қарағанды қалаларында-ауданаральқ мамандандырылған экономикалық соттар құрылды. 2001 жылғы маусымда өткен Қазақстан судьяларының үшінші съезінде Рес¬публика Президенті мамандандырылған соттар жүйесін – бірінші кезекте экономикалық және әкімшілік соттарды кезең-кезеңмен құру жөнінде атап көрсеткен еді. Содан кейін, ҚР Президентінің 2002 жылғы 9 ақпанындағы № 803 Жарлығымен маманданңдырылған ауданаралық экономикалық соттар еліміздің барлық аймағында құры¬лып, өз жұмысын бастады.
Жалпы, бұл сот жүйесінің құрылуына біздің өзгерген өміріміздің өзі мүдделі болды. Бұрын қазақтың басынан жер дауы мен жесір дауы кетпесе, бүгінгі нарықтық қарым-қатынас қарыштап дамыған заманда экономикалық дау-дамай сот тарихының сахнасына ат ойнатып шықты. Сол себепті, салық пен кеденге қатысты, монополияға қарсы қызмет, банкрот, мемлекеттік сатып алу немесе энергетика, кәсіпкерлікті қорғау істері, корпоративтік және жер даулары, авторлық құқық және басқа да істерге қатысты дау-дамайлардың ақ-қарасын айырып, әділ төрелігін айтатын арнайы маманданған соттардың қажеттілігі күн тәртібінде өткір тұрды.
Мамандандырылған экономикалық соттарды құру ау¬дандық соттардың шектен тыс жүктемесін елеулі түрде азайтып, сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартуға, оны азаматтар үшін әлдеқайда қол жетерлік етуге мүм¬кіндік берді. Жалпы айтқанда, мамандандырылған ау¬данара¬лық экономикалық соттардың ойдағыдай жүмыс істеуі нарық¬тық институттарды дамытуға, республиканың, қала берді аймағымыздың инвестициялық ахуалын жақ¬сартуға оң әсер етті. Экономикалық сот тұтас саланың айтарлықтай ауқымды бөлігінің жүгін көтеріп, мемлекеттің де, халықтың да қажетін ашып отыр.
Айбек ДӘУРЕНБЕКОВ,
облыстық мамандандырылған экономикалық соттың төрағасы.