БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ – ЕҢБЕКТЕ

БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ – ЕҢБЕКТЕ

Сәрсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Сырдария ауданындағы Шіркейлі ауылында болып, “Мәди Қажы” ЖШС-н ұзақ жылдар бойы басқарған Аббас Камалатдинды еңбек демалысына шығарып салды. Салтанатты шарада құрметті азаматтың елеулі еңбегі мен бағындырған биігі, басшылық қызметтегі біліктілігі парасатты сөзбен сабақталды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қыркүйек 2017 г. 1 058 0
АЙБАРЫ АСҚАҚ АТА ЗАҢ

АЙБАРЫ АСҚАҚ АТА ЗАҢ

Қандай да бір елдің көктеп-көгеріп, жаһандық даму көшіне ілесіп қана қоймай, үлес қосарлық қауқары  болуы үшін Ата Заңы айбынды болуы тиіс. Конституция – елдіктің негізі. Оны құрметтеп, талаптарына бас иген халық тыныштық пен татулықтың құшағында болмақ. 30 тамыз – Конституция күніне орай «Заң – замана зердесі» атты Ата Заңды ұлықтауға арналған ұлағатты шара өтті. А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен мерекелік кешке облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, көпшілікті атаулы күнмен құттықтады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қыркүйек 2017 г. 868 0
ӘЛІПБИ АУЫСТЫРУДАҒЫ  «СЫР БОЙЫНЫҢ» ТӘЖІРИБЕСІ

ӘЛІПБИ АУЫСТЫРУДАҒЫ «СЫР БОЙЫНЫҢ» ТӘЖІРИБЕСІ

Дәл қазіргі уақытта латын әліпбиі туралы баспасөздегі, әлеуметтік желілердегі сан қилы көзқарастар ағыны басқа тақырыптарды шайып кетерліктей қатты. Тарихқа үңілсек, ХХ ғасыр басындағы латын қарпі қолданысқа алғаш рет енгізілген кездегі пікірталастардың қарқыны да осындай болған екен.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қыркүйек 2017 г. 640 0
СЫР САЛЫСЫНА ОРАҚ ТҮСТІ

СЫР САЛЫСЫНА ОРАҚ ТҮСТІ

Қармақшы ауданы «Ақтөбе и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  егіс алқабында күрішке алғашқы  орақ салу рәсімі және  «Дала күні-2017» атты семинар-кеңес өтіп, агроөнеркәсіп кешені саласының өзекті мәселелері талқыланды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қыркүйек 2017 г. 642 0
Университет 80-ші оқу жылын бастады

Университет 80-ші оқу жылын бастады

Биыл – университет үшін тарихи жыл. Сыр өңіріндегі іргелі білім ордасы, аймағымыздағы білім мен ғылымның, өнердің қарашаңырағына айналған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне – 80 жыл. Ғасырға таяу уақытта білім ұясынан елге танымал қоғам қайраткерлері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, Қазақстанның Еңбек Ері атағының иегері, белгілі ғалымдар мен ұстаздар, даңқты спортшылар қанат қақты. Бүгін оқу ордасы дәстүрлі түрде білім күні мерекесін қарсы алып, 80-шы оқу жылын бастады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қыркүйек 2017 г. 1 015 0
ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА БІЛІМ КҮНІ МЕРЕКЕСІ  АТАЛЫП ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА БІЛІМ КҮНІ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін еліміз бойынша барлық білім беру мекемелері жаңа оқу жылына қадам басып, Білім күні мерекесін атап өтуде. Осы айтулы күннің құрметіне Қызылорда қаласындағы мектептерде мерекелік шаралар ұйымдастырылуда.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қыркүйек 2017 г. 747 0
100 ОҚУЛЫҚ:  ҚАЗАҚЫ ТІЛ САҚТАЛЫП,  МАЗМҰН ӨЗГЕРМЕСЕ

100 ОҚУЛЫҚ: ҚАЗАҚЫ ТІЛ САҚТАЛЫП, МАЗМҰН ӨЗГЕРМЕСЕ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру үшін Ұлттық аударма бюросы құрылғанынан оқырманымыз хабардар. Ұлттық аударма бюросы атқарылып жатқан жұмыстарды талқылауға арналған «дөңгелек үстел» өткізіп, онда биыл желтоқсан айына дейін қоғамдық және гуманитарлы ғылымдар бойынша «100 жаңа оқулық» жобасы аясында 17 кітап аударылатынын айтты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қыркүйек 2017 г. 807 0

ЫНТАЛЫ КІСІГЕ ЖҰМЫС КӨП

Жуырда Шиелі ауданында «Нә­тижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» ІІІ бағыты аясында жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару жөнінде кездесу өтті. Онда 2011-2016 жылдары жүзеге асырылған «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағ­дар­ламасы аясында және 2016 жылдың 29 желтоқсанында қайта қабылданған «Нәтижелі жұ­мыс­пен қамтуды және жаппай кәсіп­керлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға  арналған» бағдарламасы шеңберінде қатысушыларды ерікті түрде қоныстандыру жұмысын жүзеге асыру тәртібі сөз болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қыркүйек 2017 г. 669 0
КӘСІПКЕРЛІК БАСТАМАҒА КЕҢ ӨРІС

КӘСІПКЕРЛІК БАСТАМАҒА КЕҢ ӨРІС

Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауларында отандық бизнесті дамыту бағытына ерекше басымдық берілген. Осыған байланысты Үкімет және жергілікті билік тарапынан кешенді шаралар жүзеге асырылып, аймақ тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға барынша көңіл бөлініп отыр. Айталық, аймақ басшысы барлық деңгейдегі әкімдерге салық базасын ұлғайту, тұрақты жұмыс орындарын құру жөнінде жоғары талап қойды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 тамыз 2017 г. 655 0
Республикалық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығын  беру жөніндегі конкурстың ережесі

Республикалық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстың ережесі

Жалпы ережелер 1. Республикалық«Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығы(бұдан әрі - Сыйлық) Қазақстандық патриотизмді арттыруға елеулі үлес қосқан жас дарынды белсенділерді қолдау мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар, Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 тамыз 2017 г. 1 227 0