АУЫЗСУ ТӘУЛІК БОЙЫ БЕРІЛЕДІ

АУЫЗСУ ТӘУЛІК БОЙЫ БЕРІЛЕДІ

Қармақшы. Аудан әкімі С.Мақашов шалғайда жатқан Т.Көмекбаев, Қуаңдария және Алдашбай ахун ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесті. Жиынға ауыл тұрғындары, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, облыстық жұмыс­пен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Ибраева қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2018 г. 498 0
Қазақстан және АҚШ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Қазақстан және АҚШ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Президент Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапары аясында Ақ үй басшысы ­Дональд Трамппен кездесті. Қарсы алу рәсімі аяқталған соң ­Елбасы Ақ үйдің Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Қазақстан мен АҚШ Президенттері екіжақты қарым- қатынастың және халықаралық күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады. Бұл туралы  ҚР Президентінің ресми сайтында хабарланды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2018 г. 594 0
Асылзаттың асыл бұйымдары

Асылзаттың асыл бұйымдары

Асылзат Арыстанбекқызы – ісмер. Мына кестелеп тігілген әсем сәукеле соның қолынан шыққан. Облыс орта­лығындағы «Қолөнер» дүкенінің тігін цехында жұмыс істейтін шебердің негізгі мамандығы – журналист, яғ­ни бұған дейін ол қаламгерлікпен айналысқан. Бірақ, уақыт өте келе ұлттық дәстүрдің, ұлттық бірегейліктің белгісін жоғалтпай, қолдан келгенін ортаға салуды шешіпті. Кейіпкермен әңгіме барысында оның Астана қала­сында да «Асылзаттың әшекейлері» дүкенін ашып, кәсіп қылғанын білдік. Дәстүрлі өнерге ден қойып, оны қайта жаңғыртуды өзіне міндет еткен тігінші бүгінде ізбасарларына да үйретіп, аманат етуді парыз санайды екен.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2018 г. 876 0
Сыр өңіріндегі ұлттық құндылықтар

Сыр өңіріндегі ұлттық құндылықтар

Қазақ елінің ұлы рухын көтеру үшін оның тарихын білу бізге парыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт тарихы өлке тарихынан бастау алады. Бүкіл адамзаттық құндылықтар, әлемдік құндылықтар мен ұлттық құндылықтар құрайтын болса, өлке тарихы сол құндылықтардың бастау бұлағы» деген ұлағатты сөзі бізге бағдаршам болуы керек.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2018 г. 1 129 0

Қазақстан – әлем мойындаған мемлекет

   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан ­Назарбаев Президент Дональд Трамптың шақыртуымен ресми ­сапармен АҚШ-қа барды. Қазақстан Президенті 2018 жылы Ақ үйге барған алғашқы қонақ болып отыр. Осының өзі еліміздің әлем алдындағы ­абыройын көрсетеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2018 г. 6 542 0
The Hill: Назарбаев — істің адамы екенін дәлелдеген президент

The Hill: Назарбаев — істің адамы екенін дәлелдеген президент

Американың саяси әлемге шолу жасайтын The Hill газеті өз сайтына «Дональд Трамптың Қазақстан президентімен кездесуі - арада ынтымақтастық орнатудағы маңызды қадам» атты мақала жариялады, деп хабарлайды Baq.kz.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2018 г. 649 0
ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?

ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: ҚАНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕР БАР?

Уақыт – жүйрік. Оны құрықтау мүмкін бе?! Одан да уақытты бос жібермей, халық игілігі үшін барыңды сал. Елбасы әкімдерді халық алдында есеп бергізуінің негізгі сыры осыда болса керек-ті. Яғни, бір жылда қандай жұмыстар атқарылды, қайсысы орындалмай қалды? Осыны саралап, тың жоспар құру қажет. Міне, қаңтар айы бел ортасына келгенде аудан басшысы Ғалым Әміреев, облыстық ауылшаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Пірмұхамед Сыздықов, аудандық мәслихат хатшысы Ерғали Ільясов және сала басшылары Көктөбе, Қандөз, Қаратөбе және Келінтөбе ауылдық округіне арнайы барып, атқарылған жұмыстарды саралады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қаңтар 2018 г. 681 0
Әлеуметтік нысандар жаңа жылу қондырғыларымен жабдықталуда

Әлеуметтік нысандар жаңа жылу қондырғыларымен жабдықталуда

«Қамқор Менеджмент» компаниясының бас директоры Диас Сүлейменовтің тікелей бастамасымен Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында Сексеуіл кентіндегі мектеп, балабақша және балалар интернатына жаңа автономды қазандықтар тегін орнатылды. Орынбор-Ташкент шойын жолы салынған 1905 жылы Сескеуіл кентіндегі №87 мектептің де іргесі қаланды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қаңтар 2018 г. 480 0
Сексеуіл саудасы қызып тұр

Сексеуіл саудасы қызып тұр

Бүгінде сексеуіл ағаштарын кесуге де, сатуға да заңмен тыйым салынған. Алайда орман отап, пайда табатындар алқаптарға балта сілтеуден әлі тайынар емес. Себебі қызыл шоғының қызуы зор өсімдіктің өтімділігі жоғары.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қаңтар 2018 г. 681 0
Өткен жылы 849 балабақша пайдалануға берілді

Өткен жылы 849 балабақша пайдалануға берілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Астанадағы жаңа үлгідегі балабақшасының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қаңтар 2018 г. 614 0