« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қармақшы. Аудан әкімі С.Мақашов шалғайда жатқан Т.Көмекбаев, Қуаңдария және Алдашбай ахун ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесті. Жиынға ауыл тұрғындары, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Ибраева қатысты.
Кеңес Одағының Батыры Т.Көмекбаев атындағы ауылда өткен жылы 60 отбасы бақша, көкөніс, картоп дақылдарын егіп, мол өнім алды. Бақша дақылдарын егіп, оны аяқсумен қамтамасыз ету мақсатында «Меңей» каналы тазаланды.
Өткен жылы Қуаңдария ауылындағы апаттық жағдайдағы білім ошағы жаңадан салынып, пайдалануға берілді. «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы ауызсу желісі түгелдей жаңартылды. Үйіргелік жерге су құбырлары тартылып, есептегіш құралдары қойылып берілді. Қазіргі уақытта ауызсу мәселесі толықтай шешімін тауып, тұрғындарға ауызсу үзіліссіз тәулік бойы берілуде.
Аудан басшысының қатысуымен өткен есепті кездесу Алдашбай ахун ауылында жалғасты. Ауылда 34 жеке кәсіпкер сауда-саттық, мал өсіру, ағаш ұстасы, жолаушылар тасымалы және шаштараз сияқты кәсіп түрлерімен айналысады. Өткен жылғы есепті кездесуде ауыл тұрғындары көшеге жаңадан трансформатор қойылса деген ұсыныс айтқан болатын. Осы ұсыныс қолдау тауып, «160КВА ТП» қондырғысы орнатылды.
Үш ауылдағы кездесу қорытындысында С.Мақашев ауыл әкімінің теңгеріміне тұрғындардың бақша, көкөніс егу жұмыстарына пайдаланатын трактор алып беруге уәде берді. Есепті кездесуде ауыл тұрғындары «Жетікөл» сағасын реттеу, ауылдық клуб үйінің құрылысы, бау-бақша егу сияқты сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.
М.МЕРЕЙ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |