КҮРІШТІ ӨҢІР ЫРЫСЫН ТЫҢ БАСТАМАЛАР ЕСЕЛЕУДЕ

КҮРІШТІ ӨҢІР ЫРЫСЫН ТЫҢ БАСТАМАЛАР ЕСЕЛЕУДЕ

Қызылорда өңірі қашаннан күріш өсірумен даңқы шыққан. Әсіресе, соңғы бес жылда Сыр диқандары рекордтық  көрсеткішке қол жеткізді. Бұл әрине, оңайлықпен келген жетістік емес. Есепті кездесуде облыс әкімі әрбір еңбектің жай-жапсарын шегелеп тұрып айтып берді. Бұл әрине, оңайлықпен келген жетістік емес. Көптеген шаруашылықтар дамып келеді. Солардың қата­рында біздің «Ақтөбе и К» серіктестігі де бар.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 ақпан 2018 г. 1 059 0
Құрылыс қарқынына көз тояды

Құрылыс қарқынына көз тояды

Облыс әкімінің ел алдындағы есепті кездесуінен көп нәрсені көңілге түйдік. Өңірімізде атқа­рылған жұмыстардың нәтижесіне көз жетіп,  көңіл қуанды. Қай са­ланы алып қарасақ та, соңғы бес жылда оң өзгерістер басым. Әсіресе, өзім құрылысшы болған­дықтан аймақта қолға алынған құры­лыс жұмыстарына ерекше назар аудардым. Мәселен, сол жағалаудағы жаңа қалада 18 көп­қабатты тұрғын үй мен 320 орындық балабақшаның көтерілуі, «Рухани жаңғыру» орталығының құрылысы мен «Болашақ» универ­ситетінің кампусы, «Жастар ре­сурс­тық орталығының» салынуы – үлкен бастама. Сондай-ақ, биыл аймағымызда шыны зауыты іске қосылмақ. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 ақпан 2018 г. 908 0
Орталық Азияда ғарышты зерттеу орталығын ашу жоспарлануда

Орталық Азияда ғарышты зерттеу орталығын ашу жоспарлануда

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі делегациясының (ҚАӨМ) Қырғызстанның Ұлттық ғылымдар академиясына (ҰҒА) сапары аясында жетекші ғалымдармен, ғарышкерлермен, Қазақстанның халық батыры Айдын Айымбетовпен кездесу өткізілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 ақпан 2018 г. 858 0
ЖЕТІСТІКТЕР ЕСЕЛЕНЕ БЕРЕДІ

ЖЕТІСТІКТЕР ЕСЕЛЕНЕ БЕРЕДІ

Облыстағы өңдеу өнеркәсібінің 40 проценті Жаңақорған ауданына тиесілі. Ал өткен жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3338-ге жетті. Оның 239-ы заңды тұлғалар болса, 1160-ы – шаруа қожалықтары және 1939-ы – жеке кәсіпкерлер. Олардың арасындағы нақты белсенді кәсіпкерлер үлесі жөнінен аудан облыста көш бастап отыр. Кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылған адамдар саны 9213 адамға жетіп, 11126,4 млн теңгенің өнімі өндірілді. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 ақпан 2018 г. 926 0
ҚАЗАЛЫДА  ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫН АЛУДА

ҚАЗАЛЫДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫН АЛУДА

Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығы қосылады. Бұл туралы Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев өңірлік коммуникация­лар қызметінде өткен баспасөз мәсли­хатында хабарлады. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 ақпан 2018 г. 1 273 0
АУЫЛ БЮДЖЕТІНЕ АРНАЛҒАН КУРС

АУЫЛ БЮДЖЕТІНЕ АРНАЛҒАН КУРС

Ауыл әкімдері үшін жыл жаңалығы, дербес бюджет дамып отыр. Яғни, тұрғындары 2000-нан асатын ауылдық округтер әкімдері бюджетті басқару үшін арнайы оқыту курстарынан өтіп, семинарларға қатысуда. Тыңдаушыларды оқыту ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы облыс бойынша филиалының базасында жүргізілуде. Былтыр 146 ауылдық округ әкімі осы орталықта жалпы оқыту курсынан өтті. Биыл жоспарлы оқыту семинарына 7 ауданнан 15 әкім қамтылды. Олар арнайы мамандардан қаржылық есеп-қисаптың қыр-сыры мен ұйымдастырушылық және құқықтық саладан интерактивті негізде сабақ алып жатыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 ақпан 2018 г. 916 0
БІЗ ТЕҢІЗ ҰЛТАНЫНА БІРІНШІ БОЛЫП БАРҒАНДАР ЕДІК

БІЗ ТЕҢІЗ ҰЛТАНЫНА БІРІНШІ БОЛЫП БАРҒАНДАР ЕДІК

Бұл осыдан 27 жыл бұрын, 1991 жылы болған жағдай. Сол кезде бұл жер «Экологиялық апаттың эпицентрі» деген атқа ие болып адамзаттың өміріне қауіпті аймақ екені жөнінде бүкіл дүние жүзіне барлық БАҚ арқылы хабар айтылып тұрған қорқынышты кезең еді. Осы апаттың пайда болуына бірінші себепкер болған Советтер Одағының кешірілмес қатесін жөндеу мақсатында үкімет 1990 жылы арнайы «Консорциум Арал» деген қаулы алды. Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 1991 жылдан сексеуіл, сарсазан егіп бастауды жоспарлады. Бұл жұмысты атқаруды Қазақстан мен Өзбекстанға жүктеді. Ол кез әлі одақтың тарамаған, егемендік алынбаған уақыт болатын. Барлық қаржы, қажетті құрал-жабдықтар түгелдей Мәскеу арқылы бөлінді. 1991-1993 жылдары 3 жылда 54 мың гектар жерге сексеуіл, сарсазан ағашы мен бұта егілді. Қазір сол жерде және айналасында қалың сексеуіл орманы бар. Өз тұқымының есебінен көгерген ағаш пен өсімдіктердің көлемі шамамен 0,5 млн гектарға дейін жеткен.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 ақпан 2018 г. 877 0
УАҚЫТ, ТҰЛҒА ЖӘНЕ БҮГІНГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК

УАҚЫТ, ТҰЛҒА ЖӘНЕ БҮГІНГІ БӘСЕКЕЛЕСТІК

Облыстық ішкі саясат басқармасы және «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында осы тақырыпта тарихи-танымдық шара өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 ақпан 2018 г. 789 0

ДЕПУТАТ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

14 ақпан күні облыстық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы «Тұран» филиалының төрағасы Қылышбай Бисенов азаматтарды жеке қабылдау кестесіне сәйкес қала тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін тыңдады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 ақпан 2018 г. 750 0
«Досыңа кітап сыйла»

«Досыңа кітап сыйла»

14 ақпан әлемде айрықша мереке  – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай №6 кітапхана оқырмандары арасында «Досыңа кітап сыйла» атты іс-шара өтті. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 ақпан 2018 г. 1 344 0