«Досыңа кітап сыйла»

14 ақпан әлемде айрықша мереке  – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай №6 кітапхана оқырмандары арасында «Досыңа кітап сыйла» атты іс-шара өтті. 

Жас оқырмандар кітаптан бір-біріне сыйлық жасап, өздерінің оқыған кітаптары туралы пікір алмасты. Әлем ұлыларының кітап туралы даналық ой-пікірлері айтылып, оқуға әдебиеттер ұсынылды. Жүйе кітапханаларында көптен бері ұйымдастырылып жүрген «Букроссинг» «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста жүруі» акциясы, акция аясында кітапқа қолжетімділік, тиімділігі туралы айтылды. Мейрамның шығу тарихына кітапханашы толықтай мәлімет берді.

Мақсаты: оқырмандар арасында қарапайым және мейірімге толы кітапты досыңа немесе отбасы мүшесіне сыйға тартуға үйрету, кітаптың құндылығын айтып, ең бағалы сыйлық ретінде қабылдауға үйрету. Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын, кітаптың қоғамдағы ролін арттыру. Адамзат баласының ой-санасын рухани жаңғыртатын бірден-бір құрал- кітап екенін жеткізе білу.

Сәуле АСҚАРОВА, 

кітапханашы.

НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 ақпан 2018 г. 1 344 0