« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қызылорда өңірі қашаннан күріш өсірумен даңқы шыққан. Әсіресе, соңғы бес жылда Сыр диқандары рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Бұл әрине, оңайлықпен келген жетістік емес. Есепті кездесуде облыс әкімі әрбір еңбектің жай-жапсарын шегелеп тұрып айтып берді. Бұл әрине, оңайлықпен келген жетістік емес. Көптеген шаруашылықтар дамып келеді. Солардың қатарында біздің «Ақтөбе и К» серіктестігі де бар.
Жалпы біздің серіктестіктің егістік көлемі – 1875 гектар. Негізінен егіп келе жатқанымыз – күріштің «Лидер», «Янтарь» сорттары. Жерді тегістеу, күрішті баптаудың озық технологияларын өндіріске енгізу арқасында өнім көлемін арттыруға қол жеткізе алдық. Ал 2016 жылы тәжірибе ретінде 2 гектарға ирандық «Торем Хошеми» сортын еккен болатынбыз. Күріштің бұл сорты Иран елінде үлкен сұранысқа ие. Олар өз елінде жылына 2 млн тоннадай өнім жинап алса, 900 мың тоннасын сырттан сатып алады. Күріштің бұл түрі біздегі өсіріліп жатқан жергілікті сорттардан бірнеше есе қымбатқа бағаланады. Ирандық кәсіпкерлерден ұсыныс түскеннен кейін, олардың күрішін біз егіп, өздеріне қайтадан сатуға мәмілеге келген болатынбыз. Осы мақсатта өткен жылы 70 гектар алқапқа ирандық күріш егілді.
Жиналған өнімнің бір бөлігін тұқымдыққа қалдырып, қалғанын өткен жылы іске қосылған өзіміздің күріш ақтау зауытында ақтап алдық. Таза ақталған күріш 63 процентті құрады, одан бөлек, тағы 5 процент күріш жармасы бар. Сонымен, 35 тоннаға жуық таза ақталған күріштің әр келісін 950-1000 теңгеден өткізуге уағдаласып отырмыз. Бұл жергілікті күріш бағасынан 6 есе жоғары. Енді биылғы жылы 500 гектарға дейін егу ойымыз бар. Десе де, ол туралы күрішті өткізгеннен кейін нақтылайтын боламыз. Ал жергілікті сорт түрлеріне Беларусь, Түркия елдерінен сұраныс түсіп жатыр. Қазір бұл ұсыныстар зерттелу үстінде.
Біздің серіктестіктегі келесі бір жаңалық, қазіргі күні құс фабрикасының құрылысы жүріп жатыр. Жалпы құны 2 млрд теңгеге жуық бұл кәсіпорын жылына мың жарым тонна құс етін өндіруге арналған. Бұл қаржының 49 процентін «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ, қалған 51 процентін біздің серіктестік төлейтін болып келісілген. Бүгінгі күні корпорация қаржысын аударып қойды. Құс фабрикасын жыл соңына дейін салып бітіреміз деген жоспарымыз бар. Ол іске қосылғанда жаңадан 45 тұрақты жұмыс орны пайда болады. Құс фабрикасына қажетті жемді де негізінен өзімізде өндіруді жоспарлап отырмыз. Ол үшін жемге арналған соя, бидай, арпа, жүгері дақылдарын егу қажет. Алдағы уақытта құрама жем зауытын салатын боламыз. Оның жері дайын, енді құжаттар бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Міне, «Ақтөбе и К» ЖШС-де атқарылып жатқан осындай жұмыстар жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға, сонымен қатар, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, агросаланың экспорттық әлеуетін асыруға өзіндік үлесін қосады деп сенеміз. Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек деп тапсырма қойып отыр. Облыс басшылығы бұл бағытта нәтижелі жұмыс жүргізіп келеді.
Нұрлан ІЗДІБАЕВ,
«Ақтөбе и К» ЖШС
директоры.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |